Та?ырыбы: Шыны?са? шымыр боларсы?


Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боларсыңЖүргізуші: Құрметті көрермендер, мұғалімдер және оқушылар. Бүгінгі « Шынықсаң шымыр боларсың» атты спорттық сайысымызға қош келіпсіздер!Сайысымыздың негізгі мақсаты – ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру. Осы мақсатта біз бүгін 3 – 4 сыныптар арасында спорттық сайыс өткізгелі отырмыз.Ал, құрметті халайық,Жарысты енді көріңдер.Әділ қазы алқасы,Әділ баға беріңдер!Жарысты бастамас бұрын ойынымызға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!1. Дене тәрбиесі мұғалімі Беков Сейіл ағай2. Мектеп директорының тәрбие іс – жөніндегі орынбасары Бегешова Бағила апай3. Дене тәрбиесі мұғалімі Қалдыбаева АйжанЕнді ортаға балдырғандарымызды яғни 3 - 4 сыныптардың оқушыларын шақырайық. «Тұлпар» және «Сұңқар» тобы.Сәлемдесу.1. «Тұлпар» - командасынан «Сұңқар» командасына жалынды сәлем!2. «Сұңқар» - командасынан «Тұлпар» командасына жалынды сәлем!Жүргізуші: Ендігі кезекті «Әнұранға» берейік.( Қатысушы командалар оң қолдарын сол жақ кеудеге қойып, әнұранды орындайды).Топты жарған түлектерміз,Жаралдық ақ тілектен біз.Сұңқар – қанат,Тұлпар – тұяқ түлектерміз, - деп бүгінгі сайысымызға қатысушы командаларды жаттықтырып алайық. Олай болса кезекті жаттығуларға берейік.I. Жан - жақты жаттықтырылатын жаттығулар:Бір қатармен жүру, жүгіру, екі қолды белге қойып, аяқтың ұшымен жүру, жүрелеп жүру, жүгіру.II. Негізгі жаттығулар:1. Басқа, иыққа, қолға, белге, тізеге, аяқтың басына.2. Доппен жаттығу.3. Секіру.4. Шеңбер жасап, жәй жүру.5. Екі қатарға бөліну.Ендеше, командаларымыз жаттығып, сайысқа дайын болды.Ал, қане, бір - бірімізді қостаймыз,Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.«Жеңіске жетеміз!» - деп,Жалынды ұран бастаймыз!Ендеше, сайысымыздың негізгі шарттарымен таныс болыңыздар!1. Жыланша ирелеңдеп құрсаудың, кедергілер арасынан жүгіріп өту.2. Допты себетке салу.3. Құрсаулардан еңбектеп өту.4. Допты кедергілер арасынан екі қолмен домалатып өту.5. Есекпен кедергілер арасынан өту.Сайысымыздың негізгі шарттарымен таныс болдыңыздар. Ендеше, барлық топтарға сәттілік тілейміз. Сайыскерлерімізді қолдап - қолпаштап, рухын көтеріп отырайық!(Балалар барлық сайысты орындап шығады).Міне, құрметті көрермендер, біздің балдырғандарымыз барынша сайысқа белсене қатысты. Енді сайысымызға әділ төрелігін айтатын әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.(Сайыскерлеріміз марапатталып, жүлделер үлестіріледі).Сайыскерлер: Осылайша жарыс жолын тартамыз,Біз үйімізге көңілді болып қайтамыз.Бізді тәрбиелеп шынықтырған,Дене тәрбиесі апайларға рахмет айтамыз!Жүргізуші: Құрметті көрермен қауым, оқушылар! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Сайыскерлерімізге қатысқандарыңызға рахмет айтамыз. «Әрқашан деніміз сау, еліміз тыныш болсын!» - деп, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар!