Адамдарды? баспаналары.?йді? суретін саламыз.


Шағын орталық №1
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным,Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Жаратылыстану,Сурет салу
Тақырыбы: Адамдардың баспаналары. Үйдің суретін саламыз.
Мақсаты: адамдардың баспаналары; киіз үй, көп қабатты үй, пәтер, олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы айтып беруге, оқылған әңгімедегі кейіпкерлердің әрекетін талқылауға үйрету.Түзу сызықтарды дұрыс сызу және бояй білу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Киіз үйдің, жер үй мен көпқабатты үйдің макеті мен әртүрлі баспаналардың суреттері.
Қажетті құрал – жабдықтар: жұмыс дәптері, үй құрастыруға арналған құрылыс материалдары.
Іс-әрект кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың
іс – әрекеті
Матива-
циялық
қозғау-
шылық Шаттық шеңберді ұйымдастыру;
Кәне, кәне, тұрайық,
Киіз үйді құрайық.
Бір уықты қолға алып,
Шаңыраққа тағайық.
Шеңбер болып айналып,
Арқандарды тартайық.
-Балалар біздің шаттық шеңберіміз не жайында болды?
-Дұрыс айтасыңдар балалар, олай болса біз бүгін адамдардың баспаналары туралы әңгімелеседі екенбіз. Балалар шеңберге жиналып, төмендегі өлең жолдарын айта отырып, қимылдар жасайды.
-Киіз үй жайында.
Ұйымдас-
тырушы-
лық
ізденістік Тәрбиеші әртүрлі үйлердің макеттері мен суреттерін көрсете отырып, ішінен киіз үйді табуларын сұрайды.
-Киіз үй екенін қайдан білдіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар, «киізден жасалғандықтан бұл үйді киіз үй деп атаған», - деп киіз үйдің құрылысы туралы қысқаша ақпарат береді. Сонымен қатар киіз үйді адамдар үнемі көшіп жүргендіктен пайдаланғандығын және киіз үйлер даланың қатты дауыл желдерінен де қоған болатындығын түсіндіру.
-Сендер қандай үйде тұрасыңдар?
-Көп қабатты үй, екі қабаттан тұратын үй туралы не айтар едіңдер?
-Пәтер деп нені айтамыз?
Педагог пәтер туралы түсіндіреді.
-Қалай ойлайсыңдар, киіз үйдің ішінде пәтер бар ма?
-Бөлмелер қандай үйлерде болады?
-Тағы қандай үйлер бөлмелерге бөлінген?
-Міне, балалар, киіз үйдің айырмашылығы оның сыртқы көрінісінде ғана емес, сонымен бірге ішінде де байқалады екен.
Тәрбиеші киіз үй, көпқабатты т.б үйлердің барлығы да адам баспаналарына жататындығын түсіндіреді.
-Осы баспаналарды салған кімдер деп ойлайсыңдар?
-Оларды кімдер деп атаймыз?
Педагог баспана салудағы адамдардың еңбегі туралы айтып түсіндіреді.
Тәрбиеші балаларды өздерінің қалауы бойынша екі орталыққа бөледі.
Бірінші орталықтағы балаларға киіз үй және жер үйдің, көп қабатты үйдің макетін салыстырып, сипаттап беру,
Екінші орталықтағы балаларға көпқабатты үй , оның ауласын, ойын алаңын құрастыру тапсырылыды.
Дәптермен жұмыс
Бой сергіту:
Мен құрылысшы боламын,
Зәулім үйлер саламын.
Өз қаламды көркейтіп,
Ел алғысын аламын.
Сурет салу оқу іс-әрекетінде үйдің суретін салайық.
Үйді салу жолдарын түсіндіру.
Бір қатарға екі терезе салу үшін жоғарыдан төмен қарай түзу сызық сызылып,шаршы жасалады.
2.Есігі тік төртбұрышқа ұқсайды.
3.Шатыры үшбұрыш болып келеді.Үйдің түсі күлгін, ашық жасыл,көк болады.Үйдің суретін әдемілеп бояймыз. Балалар киіз үйдің макетін немесе суретін тауып көрсетеді.
-Өйткені ол киізден жасалған.
-Көп қабатты үйде.
-Мен пәтерде тұрамын.
-Ал мен екі қабатты үйде тұрамын.
-Көпқабатты үй биік, үлкен, онда көп адамдар тұрады.
-Екі қабаттан тұратын үйде бір отбасы ғана тұрады. Бірақ оның бөлмелерң көп.
-Жоқ, киіз үйдің ішінде пәтерлер де бөлмелер де болмайды.
-Көпқабатты үйлерде пәтерлер болады. Сол пәтерлердің ішінде бөлмелер бар.
-Адамдар
-Құрылысшылыр деп айтамыз.
Бірінші орталықтағы балалар киіз үй мен жер үйдің, көпқабатты үйдің макетін салыстыра отырып олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табады.
Екінші орталығы балалар құрылыс материалдарынан көпқабатты үйлерді, оның ауласы мен ойын алаңын құрастырып әңгімелейді.
Балалар орындарына отырып, дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Бояған кезде сүйкей жағу әдісін пайдаланады.
Рефлек-
сиялық – түзету-шілік Ы.Алтынсариннің «Ағаш үй мен киіз үй» әңгімесін оқып, бүгінгі күнгі оқу іс-әрекетін түйіндеу.
Балалардың жұмысын талдау.
Жақсы салған боялған балалардың суреттерін мақтап,мадақтау. Балалар әңгімені тыңдап, әңгіме желісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Адамдардың баспаналары мен олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары туралы.
Игереді: Түзу сызықтарды дұрыс салуды;
Меңгереді: үйдің суретін салуды,бояй білу дағдыларын;:

Картаны толтырған тәрбиеші:Искаирова Халы
Айы: Қыркүйек аптасы : ІІІ күні: 15
Білім беру саласы : "Таным"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта
Тақырыбы: "Үй жиһаздары"
Мақсаты:
1.Білімділігі: Үй жиһаздарының ерекшеліктері, қандай материалдан жасалғандығы, күнделікті тұрмыста пайдаланылуы, қажеттілігі туралы айтуға үйрету.
2.Дамытушылығы: Қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелігі: Жиһаздарды жасаған адам еңбектері туралы түсінік бере отырып, олардың еңбектеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету,әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: Үй жиһаздарының макеті, суреттері.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
(Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру, талпындыру)
Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жақсы көңіл күй тілейді.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!
Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын айтып, мазмұнына қарай қимыл – әрекет жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Балалар, қуыршақтың үйіне жаңадан заттар әкеліпті. Қандай заттар екенін білгілерің келе ме?
-Олай болса қуыршақтың үйіне барайық.
Қуыршақтың үйіне келгеннен кейін балалардың назарын үйдегі заттарға аударып, оны ұстап көруге рұқсат береді.
Тәрбиеші жиһаздардың жеке – жеке суреттері мен макетін көрсетіп, олардың атын, тұрмыста не үшін қолданатынын сұрайды.
-Дұрыс айтасыңдар балалар, енді осы заттардың тағы не үшін керек екенін айтыңдаршы. Мысалы, үстел не үшін керек?
-Үстелді тағы не үшін пайдаланамыз?
-Ал мынау не?
-Орындық не үшін керек?
-Орындықты тағы не үшін падалануға болады?
-Орындық неден тұрады?
-Тағы да ненің арқалығы мен аяқтары болады?
-Орындықтың қандай түрлері болады?
-Ал, мынау не?
-Диван не үшін керек?
Осылайша таныстыратын жиһаздарды жеке – жеке сұрап шығады.
-Орындық, үстел, диван, төсек, кресло, шкафтардың ұқсастығы бар ма? Несімен ұқсайды?
-Бұл заттарды кімдер жасайды?
Педагог сұрақтар қоя отырып, диван, кресло, төсек, шкафтардың қажеттілігі, оларды топтастырып, бір сөзбен «жиһаз» деп айтылатыны және жиһаздардың әр бөлменің көлеміне, түр-түсіне, пайдалануына байланысты да болатындығы туралы ақпарат береді. Үй жиһаздарын ағаш шеберлері жасайтынын және жиһаздардың жасалуына дейінгі кезеңдерді түсіндіреді.
Өсіп тұрған ағаш.
Сүргіленген бөренелер.
Тақтайшалар, ағаш үгінділері, фанерлер.
Жиһаздың дайын болған кезі.
Тәрбиеші балаларды өздерінің қалауы бойынша екі орталыққа бөледі.
Бірінші орталықтағы балаларға қуыршақтың үйіндегі жиһаздарды дұрыс орналастыруды ұсынады.
Екінші орталықтағы балалрға кішкентай ойыншық қоянға арнап сіріңке қораптарынан жиһаздар құрастыру тапсырылады.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Қолымызды жаяйық,
Құс боп қанат қағайық.
Тәрбиеші сергіту сәтін ұйымдастырғаннан кейін балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп,орталық-тағы жұмыстың нәтижелілігін қадағалайды. Орталықтағы жұмыс
тардың аяқталғандығын айтып орындарына отырғызады.
Дәптермен жұмыс. -Иә, көргіміз келеді.
Қуыршақтың үйіне келеді.
Көп жиһаздарды көреді. Қызыға қарап, ұстап көреді. Зерттеп, бақылау жасайды.
-Ол үстел, орындық, төсек, диван, шкаф, кресло, киім ілгіш шкаф т.б. деп суреттегі заттарды атап, олардың тұрмыстағы қолданылуы туралы айтады.
-Үстел тамақ ішу үшін керек.
-жазу жазып, сурет салу үшін керек.
-Орындық.
- отыру үшін керек.
-Орындыққа шығып биіктегі затты алуға болады.
-Отырғыштан, арқалығынан және аяқтарынан.
-диванның, креслоның.
-Диван.
-Адамдар отырып, кейде жатып демалу үшін керек.
-Ұқсастығы бар, олар ағаштан жасалған, аяқтары бар.
-Ересек адамдар
Балалар жиһаздардың көпшілік жағдайда ағаштан жасалатындығын, олардың жасалу жолдары мен жасаған адамдардың еңбегімен танысады.
Бірінші орталықтағы балалар бөлменің ішіне жиһаздарды орналастырады.
Екінші орталақтағы балалар үлгіге қарап отырып, қоянға қарап отырып,қоянға арнап жиһаз құрастыру. Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып, орталықта берілген тап
сырманы орындайды.
Орталықтағы жұмыс- тарын аяқтағаннан кейін бастапқы орын-
дарына отырып,дәптер-де берілген тапсырма-ларды орындайды.
Балалар тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыспен сергіту сәтін жасайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
(Орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою)
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды. Жиыннан алған әсерле-рін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.
Немен айналысқандары
не білгендері,не үйренгендері жайлы
әңгімелеп айтады.
Күтілетін нәтиже: Біледі: үй жиһаздарының ерекшеліктері, қандай материалдан жасалғандығы, күнделікті тұрмыста пайдалануы, кажеттілігі туралы.
Игереді: үй жиһаздарын ерекшеліктері мен жасалған материалдарына, тұрмыста пайдалануына, қажеттілігіне қарай ажыратып, топтастыруды.
Меңгереді: жиһаздардың орналасу ерекшелігін (бөлмеге орналасуы) тұрмыста қолданылуын.
Картаны толтырған тәрбиеші: Қонысова Мөлдір Ғадылбекқызы
Айы: Қыркүйек аптасы : І күні: 29
Білім беру саласы : "Таным"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта
Тақырыбы: "Ыдыс-аяқ"
Мақсаты:
1.Білімділігі: Ыдыстардың ерекшеліктері олардың алуан түрлі болатынын, (шәйдің ыдыстары: фарфордан,шыныдан жасалатындығы түсі, көлемі, материалы т.б.).Күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттардың маңызы, қолданылуы жайлы сипаттап айтып беруге үйрету.Оларды сақтау ережелерімен таныстыру.
2.Дамытушылығы: Балалардың ой-өрісін дамыту.Сөздік қорын, сөйлеушіні тыңдау,қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.Құрадстарымен жақсы қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету,әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: Ыдыс-аяқ суреттері,жұмыс дәптері, ермексаз,ойыншық ыдыстар.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
(Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру, талпындыру)
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады.Жұмбақ жасыру
1.Беті дуылдап тұр,
Танауы шуылдап тұр.
2.Кесе шыны пиала,
Оларсыз шәй құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
-Балалар бүгін біз немен танысатынымызды түсінген боларсыңдар. Балалар шаттық шеңберін құрады.
Жұмбақтарды мұқият тыңдап, жауабын табуға тырысады.
-Шәйнек.
-Ыдыс-аяқтар.
Бүгін ыдыс-аяқ түрлерімен танысамыз.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Тәрбиеші ыдыс-аяқтың түрлері, олардың неден жасалғандығы туралы сұрайды.
-Дұрыс айтасыңдар,балалар.Ыдыс-аяқтардың түрлері өте көп.Шәй ыдыстары кесе, тәрелке шыныдан, фарфордан жасалады.
Балалар қонаққа барғыларың келе ме?
-Олай болса, қазір біз көрші ауылға қонаққа барайық.Олар алдын-ала безендірілген қуыршақтың үйіне келеді.Ол жерден балалар стөлді жағалай отырған бірнеше қуыршақтарды көреді.Тәрбиеші бүгін Гауһар атты қуыршақтың туған күні екенін соған бірнеше қуыршақтың қонаққа келгендігін айтады және үстел үстінде тұрған ыдыс-аяқтарды көрсетеді.Балалар бірінші қуыршақтармен танысып алайық деп,әрбір қуыршақтың атын атап шығады.
-Әйгерім атты қуыршақ не істеп отыр?
-Шәйді қандай ыдыспен ішіп отыр?
-Талшын шәйді қандай ыдыспен ішіп отыр?
-Талшын шәйді шыны аяқпен ішіп отыр.
-Шыны аяқпен кесенің іші қандай?
-Неліктен шұңғыл,терең етіліп жасалған?
Тәрбиеші шыны аяқ және кесенің шәй ішуге арналғандығын оның су немесе шәй құйылатындай терең етіп жасалғандығын айтып түсіндіреді.
-Шыны аяқпен кесенің айырмашылығы қандай?
-Тұтқаны не үшін жасаған деп ойлайсыңдар?
-Үстелдің үстінен тағы қандай ыдыстар көріп тұрсыңдар?
-Қант,тосап салынған ыдыс неден жасалынған деп ойлайсыңдар?
-Осы аталған ыдыстарды бір сөзбен қалай айтуға болады деп ойлайсыңдар?
-Жарайсыңдар балалар, бұл ыдыстар шәй ішуге арналған ыдыстар.Енді шкафтың үстінде тұрған ыдыстарды айтыңдаршы.
-Тәрелкелер не үшін керек?
-Сорпаны қандай тәрелкемен ішер едіңдер?
-Не үшін шұңғыл тәрелкемен ішеміз?
-Енді балабақшада тамақ ішетін ыдыстарды есімізге түсірейікші.
-Тамақ ішкенде қандай ыдыстарды пайдаланатын едік?
-Дұрыс айтасыңдар.Бұл ыдыстарды көбінесе түскі,кешкі ас кезінде пайдаланады екенбіз.
Сергіту сәті
Ыдыстарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймын,
Кесе,қасық бәрін де.
Өз орнына қоямын.
Дәптермен жұмыс.
Балалар өздерінің тәжірибесіне сүйеніп ыдыс-аяқ туралы білетіндерін айтады.
-Ия,келеді.
-Шәй ішіп отыр.
Кесемен ішіп отыр.
-Балалар әртүрлі жауаптар айтады.
-Шұңғыл.
-Шәй құю үшін,шәй төгіліп қалмас үшін.
-Шыны аяқтың тұтқасы бар,ал кеседе тұтқа жоқ.
-Ұстауға ыңғайлы болу үшін.
-Қант,тосап салынған ыдыс.
-Шыныдан.
-Шәй ыдыстары деп айтуға болады.
-Тәрелкелер мен нан салатын ыдыс.
-Тамақ ішуге, сорпа ішу үшін керек.
-Шұңғыл тәрелкемен.
Өйткені сорпа сұйық,оны жайпақ ыдысқа құйсақ төгіліп қалады.
-Бірінші сұйық тамақты шұңғыл ыдыспен екінші қою тамақты жайпақ ыдыспен ішеміз.
Балалар тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыспен сергіту сәтін жасайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
(Орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою)
Тәрбиеші балалардан бүгінгі іс-әрекеттен алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын не үйренгендерін сұрайды. Іс-әрекеттен алған әсерлерін тәрбиешімен бөліседі.
Күтілетін нәтиже: Біледі: Ыдыстардың ерекшеліктері олардың алуан түрлі болатынын, күнделікті тұрмыста пайдаланытын ыдыстардың маңызы қолданылуы жайлы сипаттап айтып беруді біледі.
Игереді: Фарфор ,шыны,темірден жасалған ыдыс түрлерін ,олардың қолданылуын, тұрмыста қажеттілігін , ыдыстардың көлеміне қарай үлкен, кіші болып бөлінетінін біледі.
Меңгереді: Ыдыс-аяқ түрлерін қажеттілігіне қарай пайдалануды топтастыруды, сақтау ережелерін меңгереді.
Картаны толтырған тәрбиеші: Қонысова Мөлдір Ғадылбекқызы
Айы: Қазан аптасы:ІІІ күні: 13
Білім беру саласы: "Таным"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта
Тақырыбы: Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Мақсаты:
1.Білімділігі: Көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін бекіту.Көкөгніс пен жемістерді ажыратып топтастыруға үйрету.
2.Дамытушылығы: Тұрмысқа қажетті заттарды қолдануды қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу.
3.Тәрбиелігі: Қарапайым зерттеу жүргізу мен іздестіру әрекеттерін орындау қызығушылығына тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.
Қажетті көрнекі -құралдар: Сиқырлы қорапша,көкөністер,жемістер суреті.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
(Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру, талпындыру)
Шаттық шеңберіне тұрғызу.
-Балалар,терезеге қараңдаршы күн шуағын шашып,жылуын беріп тұр. Ал біздің күн күлімдеп тұр, бірақ шуағы жоқ екен.Кәне әрқайсысымыз жеке-жеке жақсы тілектер айтып,күнге шуақ шашуға көмектесейік. Балалар бір-біріне ыстық тілектерін және қолдарын жоғары созып,өлеңдерін айтады.
Жарқырайды күннің көзі
Нұрын шашып далаға
Күн сәулесін төгеді
Бақыт сыйлап балаға
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Жұмбақ жасыру.
1.Іші жұмсақ,сырты қатты,
Еті қызыл,сүтті тәтті
2.Аспай піскен,
Қайнамай түскен
3.Жер астында жез қазық
Жеуге болар ас қазық
«Сиқырлы қорапша» ойыны. Балаларға қорапты көрсетіп,жетелеуші сұрақтар қояды.
-Балалар, қалай ойлайсындар, мына қораптың ішінде не бар?
-Жоқ
-Жоқ, балалар,ол-ағашта өсетін зат.
-Бұл қораптың ішінде жеміс бар.Бірақ қандай жеміс екені белгісіз.Енді соны табыңдар.
-Иә, таптың,ол-алма
Екінші қораптың ішінде не бар?
-Жарайсың,таптың,ол-көкөніс.-Иә дұрыс айтасыңдар.ол-қызанақ.
-Жемістер мен көкөністердің адамдарға қандай пайдасы бар.
-Жемістерден нелер жасауға болады.
-Жемістер қайда өседі?
-Ағаш қайда өседі?
-Қандай көкөністердің түрлерін білесіңдер?
Жемістер мен көкөністер-адам ағзасына өте пайдалы.Жемістер бақта өседі.ағаштарда өседі,олардан тосаптар мен шырындар дайындайды.
Көкөністердің құрамында адамның ағзасының өсуі мен дамуына пайдалы дәрумендер бар. Көкөністер бақшада өседі.
Сергіту сәті:
Саусақ ойынын ойнату.
Жаңбыр жауса тырс-тырс
Айтады гүл:
-Дұрыс,дұрыс!
Жаңбыр жауса тырс-тырс
Айтады қыр:
-Ырыс,ырыс.
«Иісінен тап» ойыны.
Шарты: балалар көздерін жұмып,иісі арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табу керек.
Жеміс-жидектер,көкөністер жайлы кім өлең біледі?
-Қарбыз
-Жеміс
-Сәбіз
-Ол ойыншық па?
-Ол машина ма?
-Ол телефон ма?
-Ол жеміс пе?
-Ол алма
-банан
-Ол көкөніс
-Ол кртоп –Ол қызылша
-Салат жасауға болады
-Компот,сок жасауға болады.
-Ағашта өседі.
-Сәбіз,қияр,қызанақ.
Балалар мұқият тыңдайды.
Сергіту сәтін қимыл қозғалыстармен жасайды.
Ойын ережесін бұзбай,түсініп ойнауға тырысады.
Рефлексиялық-түзетушілік
(Орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою)
Балалар біз бүгін немен таныстық?
Жемістерге нелер жатады?
Олар қайда өседі?
Көкөністерге нелер жатады?
Олардың қандай пайдасы бар?
Бүгінгі жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Көкөністер мен жемістер
Алма, жүзім,банан,алмұрт.
Ағашта өседі.
Қиыр,картоп,сәбіз.
Бақшада өседі.
Дәрумендері көп.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: көкөніс пен жемістерді ажыратып топтастыруды.
Игереді: жемістердің бақта,көкөністердің бақшада өсетіндіктерін.
Меңгереді: жемістер мен көкөністерден салат жасай алады.
Картаны толтырған тәрбиеші: Қонысова Мөлдір Ғадылбекқызы
Айы: Қараша аптасы : І күні: 3
Білім беру саласы : "Таным"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта
Тақырыбы: " Күздік киімдер"
Мақсаты: Білімділігі: Ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажыратып, күздік киім түрлерін топтастыра білуге үйрету. Дамытушылығы: Сөздік қорын молайту,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Қажетті көрнекі құралдар: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
(Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру, талпындыру) Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады.
Нұрланып күн тұрса,
Күллі әлем жайнайды.
Жер беті құлпырса
Бұлбұлдар сайрайды. Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Тәрбиеші жалпы киім түрлері туралы сұрайды. Балаларға күздік киімдер және ұл бала мен қыз баланың киімдері жайлы әңгімелейді. Ұл балаға арналған киімдердің түймелері оң жағында, ілгіші сол жағында, ал қыз баланың киімінде керісінше түймелері сол жағында, ілгіші оң жағында болатынын айтып түсіндіреді.
-Дұрыс айтасыңдар балалар.Киімдердің түрлері көп екен.
Әр жыл мезгіліне сай киімдер болады. Ал, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгіліне сай қандай киімдерді білесіңдер?
-Ұл бала мен қыз балаға арналған күздік киімдердің айырмашылығы қандай?
«Не артық» ойыны.
Тәрбиеші ойын шартын түсіндіреді.Ойын шарты бойынша тақтаға үш баскиімнің, бір аяқкиімнің суреті ілінеді. Балалар артық затты табу керек. Педагог балаларды екі орталыққа бөледі.
Екі орталықтағы үстелдердің үстіне алдын ала әрбір балаға (баланың санына қарай) арнап күздік киімнің силуэтін және сурет салуға арналған құралдар мен үлгілер таратып қояды. Бірінші орталықтағы балаларға ұл балаларға, ал екінші орталық-тағы балаларға қыз балаларға арнап күздік киім түрлерін безен-діретіндігін айтып түсіндіреді.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Енді жолға шығайық.
Ұзын,қысқа жолдарды,
Біліп біздер алайық
Үлкен, кіші өткелден
Адымдап біз өтейік
Тез,тез жүріп,жүгіріп Бақшамызға жетейік.
Тәрбиеші сергіту сәтін ұйымдастырғаннан кейін балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп, орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп, орталықтағы жұмыстың нәтижелілігін қадағалайды. Орталық-тағы жұмыстардың аяқталғандығын айтып, бастапқы орындарына отырғызып,дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіреді.
Балалар естеріне түсіре отырып,ұл бала мен қыз балаға арналған киім түрлері,олардың айырмашылығы,қалың және жұқа киімдер,бас киім,сырт киім және аяқ киім болып бөлінетіндігі туралы айтады. Тәрбиешінің айтуы бойынша өздерінің киген киімдерінің түймелігін қарап,салыстырып айтады.
-Күз мезгілі
-Күрте
-Етік
-Жылы кофта
-Жемпір
-Шапка
Балалар аяқкиімінің артық екендігін табады.
Бірінші орталықтағы балалар ұл балаларға арналған,екінші орталықтағы балалар қыз балаларға арналған күрте,баскиім,етік т.б. күздік киім түрлерін өзіндік ерекшеліктерін бере отырып безендіреді.
Өлең мазмұнына байланысты қимылдарды жасайды.
Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып,орталықта берілген тапсырманы орындайды.Орталықтағы жұмыстарын аяқтағаннан кейін бастапқы орындарына отырып,дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
(Орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою) Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды. Жиыннан алған әсерлерін айта отырып,көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын,не үйренгендерін,ненің суретін салғанын айтады.
Күтілетін нәтиже: Біледі: Әртүрлі заттарды пайдаланып, кірпіні жасауға болатынын;
Игереді: Кірпінің тіршілігі жайында жаңа мәліметтерді;
Меңгереді: Кірпіні жасағанда ұқыптылық қажет екенін.
Картаны толтырған тәрбиеші: Қонысова Мөлдір Ғадылбекқызы
Айы: Қараша аптасы : ІІІ күні: 17
Білім беру саласы : "Таным"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта
Тақырыбы: "Асхана құралдары"
Мақсаты: Білімділігі: Тамақ пісіруге және ішуге арналған ыдыстар мен құралдарды таныстыра отырып, ыдыс-аяқтар туралы салыстырмалы түрде сипаттап айтып беруге үйрету.
Дамытушылығы: Ыдыстардың алуан түрлі болатынын (түсі,мөлшері,көлемі,материалы ,металдан жасалатындығы) айта отырып, бағыт-бағдар жасай білуін дамыту.
Тәрбиелігі:Ыдыстарды сақтау ережелерімен таныстыра отырып,ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Қажетті көрнекі құралдар: Ойыншық ыдыс-аяқтың түрлері.(шай,тамақ ішетін,тамақ пісіретін т.б.ыдыстар,құралдар.)
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
(Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру, талпындыру) -Балалар,қане бәріміз қол ұстасып,үлкен шеңбер құрайық.
-Сендер бәрің бүгін өте әдемі болып келіпсіңдер!Қане,шаттық шеңберін айтайық.
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да,қайда да,
Дос болып бәріміз,
Сенімді боламыз! Балалар қол ұстасып шаттық шеңберіне тұрады.
Көтеріңкі көңіл-күймен тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталап,қимыл-қозғалыспен келтіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Балалар, бізге ертегілер әлемінен түлкі мен тырна деген қонақтар келіпті.Мен таңертең келсем,олар өзара дауласып жатыр екен.Не болғанын сұрасам,екеуі түскі тамаққа қонақ шақырып қойыпты.Соған түлкі тамақты табаққа, ал тырна құмыраға пісірмек болып дауласып жатыр.Кәне,екеуіне көмектесіп жіберейік.
-Сендердің ас даярлайтын бөлмеге саяхат жасағандарың естеріңде ме?Сонда тамақты қандай ыдысқа даярлаған еді?
-Жайпақ па,әлде шұңғыл ма?
-Ол неден жасалған,шыныдан ба?Әлде металдан ба?
-Ал картопты қандай ыдысқа қуырады?
-Табаға тағы да нені қуыруға ,пісіруге болады?
-Ал сүтті қандай ыдыста пісіреді?
-Тамақты пісіруге, қуыруға арналған ыдыстар қандай материалдан жасалады?
-Неліктен олай ойлайсыңдар,мүмкін шыны,фарфор, пластмасса ыдысқа да тамақ пісіретін шығар.
-Дұрыс айтасыңдар,балалар!Тамақты металл,алюминий немесе сырты сырланған темір ыдыстарда ғана пісіруге болады екен.
-Түлкі,тырна сендер түсіндіңдер ме?(екеуі түсінгендіктерін білдіреді)
-Кастрөлдер қандай болады?
-Ал дайын болған сорпасы бар тамақты қандай ыдысқа құямыз?
-Салатты қандай ыдысқа саламыз?
-Нанды қандай ыдысқа саламыз?
-Тамақты немен ішеміз?
-Салатты немен жейміз?
-Нанды немен тураймыз?
Тәрбиеші ас даярлауға,тамақ ішуге және шай ішуге арналған ыдыстар болып бөлінетіндігін, олардың көлемі,түсі жағынан әртүрлі болатындығын (үлкен кастрөл,кіші кастрөл) дастарқан мәзірін дайындауда қойылатын ыдыс-аяқтар мен құралдар, майлық орамалдар туралы қосымша сұрақтар қоя отырып,ақпарат береді.
Ойын: "Кім бірінші?"
Тәрбиеші балаларды екі командаға бөледі.Ойын шарты бойынша бірінші түлкінің командасының балаларына жайпақ ыдыстарды,екінші тырнаның командасының балаларына шұңғыл ыдыстарды топтастыру ұсынылады.Түлкі мен тырна балалармен бірге ойынға қатысады.
Түлкі мен тырна қонақ күтуге дайындық жасайтындарын айтып қоштасады.Тәрбиеші балаларға түлкі мен тырнаға тамақ пісіру кезіндегі қауіпсіздік сақтаудың ережесін түсіндіру керектігін айтады.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Бір отырып,бір тұрып,
Жақсы сергіп алайық.
Сергіту сәтін орындап болғаннан кейін,тәрбиеші балаларға дәптердегі тапсырманы түсіндіреді. -Сорпасы бар сұйық тамақты кастрөлге пісіргенін көрдік.
-Шұңғыл.
-Металдан,темірден жасалған.
-Табаға қуырады.
-Балықты,етті қуырады.Орамжапырақты бұқтырады.
-Металдан,алюминийден.
-Шыны,фарфор ыдыстар сынып қалуы мүмкін,ал пластмасса еріп кетеді.
-Үлкен,орташа,кіші ақ,қызыл.
-Сұйық тамақты шұңғыл тәрелкеге құямыз.
-Салат салуға арналған шыны,фарфор ыдысқа.
Арнайы нан салатын ыдысқа.
-Қасықпен.
-Шанышқымен.
-Пышақпен.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап,өз тәжірибелеріне сүйеніп,өткен сабақтарда алған мағлұматтарды естеріне түсіре отырып сұрақтарға жауап береді.
Балалар түлкі мен тырнаға көмектесіп, ыдыстарды топтастырады.Топтастырған ыдыстары туралы айтып береді.
Ойын аяқталғаннан кейін топтастырылған ыдыстарды түлкі мен тырнаға беріп, тамақ пісіру кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесін айтып береді.
Балалар өлеңнің мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындауға тырысады.
Рефлексиялық-түзетушілік
(Орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою) Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Балалар жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл-күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.
Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады.
Күтілетін нәтиже: Біледі: Тамақ пісіруге және ішуге арналған ыдыстар мегн құралдарды салыстырмалы түрде сипаттап айтып беруді.Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін талқылауды.
Игереді: Тамақ пісіруге, ішуге арналған ыдыстар мен құралдардың алуан түрлі болатынын.Асхана ыдыстарының металдан жасалатындығын.
Меңгереді: Ыдыс-аяқтар мен асхана құралдарын топтастыруды;дастарқан мәзірін жасауды.Ыдыстарды сақтау ережелерін .
Картаны толтырған тәрбиеші: Қонысова Мөлдір Ғадылбекқызы
Айы: Желтоқсан аптасы : І күні: 1
Білім беру саласы : "Таным"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта
Тақырыбы: "Қыстық киімдер"
Мақсаты: Білімділігі: Қыстық киім түрлерімен (бас киім,аяқ киім,сырт киім)таныстыра отырып,ұл бала мен қыз баланың қыстық киімін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Өз-өзіне қызмет етудің қарапайым дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Қажетті көрнекі құралдар: Қуыршаққа арналған қыстық киім түрлері.Қыстық киім түрлерінің суреттері,жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
(Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру, талпындыру) Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.
Күннің көзі ашылды,
Көктен шуақ шашылды.
Ал қанеки бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
-Сәлеметсіңдер ме балалар!Күндерің сәтті өтсін!
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қайталайды.
Бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Тәрбиеші балалардан қыс мезгілінің ерекшелігі,ауа райы туралы сұрайды.Балалар мына суретке қараңдаршы,суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-Суретші суреттен қандай қателік жіберген?
-Әрине бұл жерде суретші қате жіберген.Егерде қысты күні адамдар осылай жеңіл киініп жүрсе,не болар еді.Адамдар өздерін жақсы сезініп жүру үшін өздеріне ыңғайлы,әдемі киімдер киеді екен.
-Қалай ойлайсыңдар, адамдарға
киімдер не үшін қажет?
Киімді тігуді білмегендіктен,үстеріне киім кимеген.Келе,келе олар суықтан қорғану үшін аңдардың терісін киімнің орнына пайдаланған.Кейіннен адамдар киім тігуді үйреніп, өздеріне матаның түр-түрінен киімдер тігіп алатын болған.Олар күз, көктем айларына бөлек,жаз мезгіліне бөлек және қыс мезгіліне бөлек киімдер тігіп киюді үйренді.Адамдар киімдерді тіге,тіге қолдары үйреніп бұрынғыдан да әдемі киімдерді тігуді ойлап тапқан.Сөйтіп жылдан жылға киімдер одан сайын әдемілене түсіп,жаңара берді.Мына суретке қараңдаршы бұл қандай киім?
-Бұл киімдерді кімге арнап тіккен деп ойлайсыңдар?
-Неліктен олай ойлайсыңдар?
-Ал мына пальто кімдерге арналған?
-Оны қайдан білдіңдер?
-Балалар мына суреттен не көріп тұрсыңдар?(Қыстың күні жүгіріп жүрген,шаңғы теуіп жүрген,үлкен адамдар мен балалардың суреті көрсетілген)Олардың үстінде қандай киім?
Тәрбиеші бұл киімдердің спорттық киімдер екендігін неліктен спортпен шұғылданатын адамдардың арнайы спорттық киімдерді киетіндігі туралы түсіндіреді.
Ойын: "Тігінші"
Ойын шарты бойынша бірнеше матаның қиықтарын алып, қайсысынан қандай киім тігуге болатындығын тауып, суретте бейнеленген киімнің тұсына қоюды ұсынады.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды алға созайық
Бір отырып,бір тұрып,
Демімізді алайық.
Балаларға дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді. -Қыс мезгілі екендігін,далада күн суық екенін айтады.
Суретке қарап, суретшінің жіберген қателіктерін айтады.
Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.
-Бұл киімдер ересектер мен балаларға арналған киімдер.
-Себебі, олар қысқа және ер адамдарға арналған.
-Аналарға,қыздарға арналған.
-Себебі ұзын және ашық түсті киімдер.
Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.
Спорттық киімдер болып бөлінеді.
Балалар ойынға қызыға қатысады.
Балалар өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.
Дәптердегі тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
(Орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою) Тәрбиеші балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін, көңіл-күйлерін ,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды. Іс-әрекеттен алған әсерлерін, немен айналысқандарын,не үйренгендерін айтады.
Күтілетін нәтиже: Біледі: Жалпы киім түрлері туралы.
Игереді: Қыстық бас киім,аяқ киім,сырт киім,спорттық киім олардың ерекшелігі мен ұқсастығын бір киімнің әртүрлі матадан тігілетінін,үлкендерге арналған киім, ұл бала мен қыз балаға арналған киім болып бөлінетінін.
Меңгереді:.Қыстық киімді басқа маусымдық киім түрлерінен ажыратады.Ұл бала мен қыз балаға арналған киімдерді топтастырып жалпы атауын айта алады.Қыстық киімдердің өзінің қалың,жұқалтаң болатындығын меңгереді.
Картаны толтырған тәрбиеші: Қонысова Мөлдір Ғадылбекқызы
Бекітемін:
Шағын орталықтың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ай апта 2.12.16 Мақсаты
Блок Менің Отаным Білімділігі: Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы туралы әңгімелесіп беруге үйрету.Пирамида туралы түсінік беру.
.Дамытушылығы: Өз қалалары,отаны туралы білімдерін әрі қарай дамыту.Балалардың көркемдік талғамын дамыту. Тілдерін дамыту.
Тәрбиелігі: Туған жерін, елін сүюге, құрметтеуге тәрбилеу.Әдемілікті сезіне білуге,әдептілікке тәрбиелеу.
Апта тақырыбы Тәуелсіздік төрімде Білім беру саласы Таным. Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі Экология негіздері. Мүсіндеу. Тақырыбы Менің елім-Қазақстан. Түрлі-түсті пирамида. Әдіс-тәсілдері Сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету. Қажетті көрнекі құралдар қала көрінісі, адамдардың еңбегі бейнеленген суреттер
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Баланың қызметі
Мотивациялық-қозғаушылық
(Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру, талпындыру)
-Балалар қайырлы таң!
-Қане бәріміз орнымыздан тұрып,
өзіміздің гимнімізді орындайық.
-Жақсы балалар.Сендер өте жақсы айттыңдар.Бүгінгі күндерің сәтті өтсін! -Қайырлы таң!
Балалар орындарынан тұрып Қазақстан Республикасының
гинін орындайды.
Ұйымдастырушы-лық-ізденістік
-Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?
-Сендер қандай қалады (ауылда) тұрасыңдар?
-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Тәрбиеші жетелеуші сұрақтар қоя отырып
Отан сөзінің мағынасын түсіндіреді.
-Қазақстан Республикасы үлкен
мемлекет екен.
Сол мемлекетте көптеген үлкен, кіші
қалалар мен ауылдар бар. Онда бірнеше ұлт өкілдерітұрады. Ол ұлттардың өздірінің сөйлейтін тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі болады. Дегенмен де бәрімізге ортақ мемлекеттік
тіл – қазақ тілі.
Ал сендер қандай тілде сөйлейсіңдер? Мен
қазір сендермен қандай тілде
сөйлесіп тұрмын?
-Қазақ тілін қандай тіл деп айтамыз дедік?
-Енді, балалар, Қазақстан Республикасының
осыған дейінгі кезеңдеріне көз жүгіртіп
көрейік. Педагог балаларға
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік
алғанға дейінгі кезеңін (сурет немесе слайд
көрсету арқылы) , ондағы үйлер,
мәдениет орындары, халқы
туралы қарапайым
түрде ақпарат береді және
Қазақстан Республикасының қазіргі
Жағдайы туралы бейнеролик (сәулетті,
әдемі көпқабатты үйлер мен мәдениет
орындары, балабақша, мектеп, дүкен, т.б.
қоғамдық орындар, экономикасы, ұлттық
валютасы – теңге) көрсетеді. Өздері
тұратын қалалары туралы сұрайды.
Қаланың көркейгені ол мемлекеттің
мәдениеті мен экономикасының
өркендегені екендігін
және мемлекеттің өркендеуіне
барлық қазақстандықтардың үлесі бар,
соның ішінде өздерінің де үлесі бар
екендігін түсіндіреді.
Тәрбиеші Ә.Табылдыұлының «Қасиетті
шар» әңгімесін оқып береді.
Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.
Мүсіндеу оқу қызметі барысы бойынша пирамиданы мүсіндейміз.
Тәрбиеші көрсете отырып,жұмысчтың орындалу барысын түсіндіреді.
Ең үлкен ермексаздан кішкенесіне дейін ретімен қойып шығамыз. Ермексаздың ең үлкен бөлігін алақан арасына салып домалақтаймыз. Енді осы домалақты алақанымызбен басып жалпақтаймыз. Ортаңғы сақиналарды кигізетін білікті есу арқылы жасаймыз. Білікті жалпақ дөңгелеке орналастырамыз. Әрі қарай үлкенінен кішісіне қарай әртүрлі түстен бірнеше сақина жасап,оны кигіземіз. Ең басына қонжықтың немесе қоянның басын орналастырамыз.
Билингвальді компонент: түрлі-түсті пирамида-разноцветная пирамида,
ойыншықтар-игрушки.

-Қазақстан Республикасы.Тұратын қаласын немесе
ауылын айтады.
-Отан – менің үйім,
елім, жерім.
–Отан –тауымыз, табиғатымыз.
-Отан – отбасымыз, мемлекетіміз
-Қазақ тілінде
сөйлесеміз.
-Мемлекеттік тіл дейміз.
Балалар бейнероликтен
сәулетті,әдемі көпқабатты
үйлер мен мәдениет
орындарын, балабақша,
мектеп, дүкен, ойнап,
қыдырып жүрген балаларды
көріп қуанышты
сезімде болады.
Балалар оқылған шығарма желісі бойынша өздерінің ой-пікірлерін айтады.
Балалар жауап береді.
Жұмыстың орындалу барысын тыңдайды.
Балалар жұмысты бастайды,ермексаздан жасаған сақиналарын үлкенінен кішкентайына дейін қойып шығады.
Соңынан қонжықтың,қоянның т.б.басын жасап,ең ұшына орналастырады.
Қайталайды:түрлі-түсті пирамида-разноцветная пирамида,ойыншықтар-игрушки.
Рефлексиялық-түзетушілік
(Орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою) Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан
алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен
айналысқандарын, не үйренгендерін
сұрайды
Жиыннан алған
әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін
дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады.
Күтілетін нәтиже Біледі Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы, өздері тұратын қалалары
туралы әңгімелеп беруді.
Игереді
Қазақстан Республикасының халқы, тілі, сәулетті әдемі көпқабатты үйлері мен мәдениет орындары, балабақша, мектеп, дүкен, теңге туралы білімді.
меңгереді Ұқыпты,тиянақты жұмыс істеу керегін;пирамида туралы түсінікті.