Ашы? саба? жоспары: А?аштарды? суретін салу /сурет саба?ы/
Бекітемін:
Болатын күні:
Пәннің аты:Бейнелеу
Тақырыбы:Ағаштардың суретін салу
Мақсаты:балаларды ағашты акварель бояумен салуга үйрету,жіңішке қылқаламмен сурет салу тәсілін меңгерту,саусақ икемдерін арттыру,табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру,қамқорлық көрсетуге баулу.
Көрнекіліктер:суреттер.
Оқу қызметі Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Ынталандыру Шаттық шеңбері:
Алдымнан жел соғады,
Тербеледі ағаштар,
Кіп-кішкене ағаштан
Үлкен болып өседі.
Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Ізденістер,
ұйымдастырулар Балаларға жыл мезгілі жайлы өлең шумақтарын оқып,олардан өлең не жайында айтылғанын ,мағынасын сұрау.
Күзгі бақтың суретін көрсетіп,күзгі табиғаттың әдемілігі туралы әңгіме жүргізіледі.Балалардан ағаштың пішініне сипаттама беруді сұрау.Ағаштардың діні жуан болады, бұтақтары жоғары қарай өседі.Жапырақтары күзде сары алтындай түске боялады,жер бетін басып қалады.
Педогог қағаз бетінде әртүрлі ағаштарды –емен,үйеңкі,аққайыңды т.б. салып көрсетеді.Құрылысындағы айырмашылықты түсіндіреді.
Ары қарай балалардың жұмыс дәптеріндегі сурет салу ретімен таныстыру,жұмысты орындау тәсілдерін түсіндіру.Әр бала өз жұмыс дәптерін алып,суретті салуға отырады.Жұмыс барысында балалардың қағаз бетіндегі кеңістікті бағдарлай білуін қадағалау.
Ағаштың бұтағының иірімдерін келтіре отырып, жіңішке қылқаламмен салып шығамыз.Сурет салуда қиналып отырған балаларға көмектесу керек.Сурет салу жолын түсіндіру керек.
Балалар күз мезгіліндегі ағаштың суретімен танысады.
Ағаштың суретін салады.
Қорытындылау Барлық балалардың суреттерін бағалап,талдау жасау.Сурет салуда жіберілген кемшіліктерге тоқталу. Балалар сұрақтарға жауап береді.
Білуі тиіс: Балалар ағаштың күз мезгілінде жапырақтары сарғаятынын білулері тиіс.