Шы?армашылы?. Та?ырыбы: Кемпір?оса?ты? суретін саламыз


Саласы: «Шығармашылық»
ҰОІӘ: Сурет салу
Күні: қыркүйек.
Тақырыбы: «Кемпірқосақтың суретін саламыз».
Мақсаты:балаларды кемпірқосақтың жеті түсін ажырата білу; кемпірқосақтың түстерінің орналасу ретімен таныстыру; акварель бояулармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; композиция құра білуге үйрету.
Қажетті құралдар мен материалдар:
Педагог үшін: Кемпірқосақтың суреті, қағаз, қылқаламдар, акварель бояу, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Балалар үшін: қағаз, жұмыс дәптері, акварель бояу, қылқаламдар, су құйылған ыдыстар, қолорамал.
Іс әрекет кезеңдері Тәрбиешінің-тәсілдері Баланың іс-әрекеті
Ынталандыру. Сезімді ояту.
Ізденістер.
Ұйымдастыру. I Ұйымдастыру кезеңі.
1.Балалар шаттық шеңберіне түрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
-Балалар қазір бізде Сурет салу сабағы. Әдемі отырып, мұқият тыңдаймыз.
II. Өткен сабаққа шолу.
-Акварель, гуашь бояулары жайында не білеміз?
-Ал, түрлі түсті қарындаштар ше?
-Жарайсыңдар өте жақсы түсінгенсіңдертүстер әлемі жайында.
-Бүгін біз кемпірқосақтың суретін саламыз.
-Балалар, сендер кемпірқосақты көрдіңдер ме? Қайдан, қашан көрдіңдер?
-Кемпірқосақтың суретіне зейін сала қарап, оның түстерін орналасу ретімен айтып беріңдерші?
-Жарайсыңдар!
Кемпірқосақтың суреті альбом бетіне тігінен немесе көлденеңінен орналасатындығын анықтап алу. Балалар парақты көлденеңінен пайданбаса, көріністі толық сыйдыра алатындықтарын байқату.
Суретті салу жолдарын көрсете отырып түсіндіру.

Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз,
Жарқылдаған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз!
Оқу құрадарын түгендеп әдемі отырады, мұқият тыңдайды.
Акварель бояуы ағады, тез ериді. Гуашь қалын жағылады, қою.
Сызық түрінде сызылады.
Сұраққа жауап береді.
-Қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін.
Рефлексивтік -Сонымен бүгін біз не үйрендік? Сұрақтарға толық жауап береді.
Күтілетін нәтиже: Кемпіқосақтың суретін салуды ұғыну.
Нені білу: кемпірқосақтың түстерінің орналасуы .
Көрсете білуі: Кемпірқосақтың суретін сала алды.