План по казахскому языку Кітап (6 класс)


Қазақ тілі 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Кітап – білім бұлағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кітап – рухани құндылығымыз, теңдесіз байлығымыз, тарихымыз, жаңалықтар көзі екені туралы мағлұматтар бере отырып, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Сөйлеу тілдерін қалыптастырып, топпен жұмыс жүргізулерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Рухани қазынамызды қорғап, қастерлеуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс-тәсілі: СТО, сұрақ жауап, диалог, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, бағалау парағы, сызба.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1-тап., 112-бет.
ІІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру.
Сын есімдердің мағынасын ажырат. Сапалық,қатыстық сын есім.ІV. Сабаққа дайындық.
«Ой шақыру»
Мектебімізде қандай үйірмелер бар?
Қандай адам нағыз сауатты, мәдениетті?
Әдеби үйірменің мектептегі қызметі қандай?
V. Жаңа сабақ.
1. Өлеңге назар аударыңдар!
Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Өлеңде не туралы айтылған?
Адамның досы не?
2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу.
Кітап оқуды әдетке айналдыр. 185-бет, 2- тапсырма.
3. Сөздікті түсіндіру: ілім, ашуланбау, ұрыспау, сөйлеу мәнері, пікір, шыдымды, сабыр.
Тапсырма:
1-топ. Кітап оқу арқылы неге үйренеміз? Кітапты неге дыбыссыз мұғалім дейді?
2-топ. Тірек сызбалар бойынша сын есімдерді қатыстырып, сөйлемдер құраңдар.
1235075-3037123507576696Кітап ілімнің қайнар көзі

дыбыссыз мұғалім
1513978137353151397838293Түсінбесеңіз ашуланбайды

ұрыспайды
2219353117889Кітап оқыған кезде жаңа мәліметтер үйреніледі
ой өрісі артады
сөйлеу мәнері дұрысталады
әдемі, түсінікті сөйлемдер құрады
қателіктер жасамайды
сабырды үйренеді
шыдамды болады
VІ. Бекіту.
1. Мақал-мәтелдерді оқып, есіңе сақта.
Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге (Абай)
Кітап маған тақтан да қымбат (Шекспир)
Кітаппен дос бол (Бауст)
Егер мен бай болсам, тек қана кітап сатып алар едім. Кітап әлемдегі құпиялы, ұлы ғажайыптардың бірі. (Горький)
2. Кітап ұстау ережесін біліп, ойыңда сақта!
Кітапты күнделікті үзбей оқы. Күніне 3-4 сағат уағыт бөл.
Кітапты таза, ұқыпты ұста.
Төсекте жатып оқыма!
Кітапты көп оқысаң, сөз байлығың молаяды, ойлау қабілетің терең болады.
Кітап рухани – қазынамыз, оны қорғап қастерлеуіміз керек.
VII. Қорытындылау. Бағалау
Үй тапсырмасы. 3-тапсырма,187-бет.