Урок по казахскому языку на тему Кітап — ба?алы сыйлы? (7 класс)
Сыныбы: 7 сынып
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Кітап – бағалы сыйлық
Сабақтың мақсаты:
Кітаптың құндылығы және оның адамға пайдасы туралы түсінік беру.Оқушыларға лексикалық білім бере отырып, ойлау қабілетін, іскерлік белсенділігін дамыту.Топтық жұмыс арқылы белсене жұмыс жасауға ұмтылу,өзара пікір алмасу, өз бетімен ізде нуге, ой қорытуға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады.
Білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, сөз байлығы кеңейеді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, негізгі түйінді таба білуге дағдыланады.
Оқушылар кітап адам өмірінде маңызды екендігін түсінеді.
Мәтін бойынша тұжырым жасай алады.
Тақырып төңірегінде сыни ойлай алады.
Өзара бірлесе жұмыс істейді.
Оқытудың нәтижесі:
Оқушылар сабақтан соң: Адам өмірінде кітаптың қымбат сыйлық екендігі туралы түсінік бере алады; Оқушылар топтық жұмыс барысында өз ойын ашық айтуға мүмкіндік алады. Танымдық белсенділігін арттыра отырып, басқалардың пікірін тыңдауға, өз бетімен іздену мен қатар жұптық, топтық ізденуге құлшыныс жасай алады
Түйінді идеялар:
Сыйлықтардың жылы қатынас белгісі екендігін, не себепті ол сыйлық берілетіндігін дәлелдей алады. Кітаптың жақсы сыйлық екендігіне көз жеткізеді. Кітап туралы қанатты сөздің мағынасына назар аударады.
Дереккөздер: Интерактив тақта, тірек сөздер, кеспеқағаздар, аудиожазба және т.б
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау әдісі, іздендіру әдісі, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, «Жоба қорғау технологиясы» әдісі, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап ,топтық, жұптық, жеке жұмыс
Сәлемдесу
Психологиялық ахуал. / Менің көңіл күйім жақсы. сондықтан мен саған әдемі гүл сыйлаймын./
Топқа бөліну: 1- топ Кітап - білім бұлағы
2- топ Кітап – алтын қазына.
3 – топ Кітап – шебер ұстаз.
Топқа бөлу арқылы сабақтың тақырыбын ашу. Кітап – бағалы сыйлық. / Жаңа модуль бастағалы отырмыз/
Балалар, біз топқа қалай бөліндік? Қандай мақал-мәтелдер шықты? Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ? Жақсы. Кітап туралы тағы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Ендеше, біз бүгін кітаптың сыйлық ретінде маңыздылығын қарастырамыз, өз ойымызды айтамыз, талдап содан қорытынды жасауға тырысамыз. Солай ма балалар?
Сендер кітап туралы мақал-мәтелдер білесіңдер?
Мәтінмен жұмыс:
-берілген мәтіннің оқылуын үнтаспадан тыңдату 2-рет
- тыңдаған мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыстығын анықтайды.
Аудирование. /2 рет оқу/
Кітап - асыл қазына. Бүгінгі таңда кітап сыйлау кең тараған. Кітапты ең жақсы сыйлық ретінде қабылдайтын адамдар қазір де кездеседі. Кітапты туған күнге де, мерекеге де, балаға да, үлкенге де сыйлауға болады. Балаларға қазақша, орысша немесе үштілді энциклопедиялар сыйлауға болады. 2 сәуір – “Халықаралық балалар кітаптарының күні”, ал 23 сәуір -”Дүниежүзілік кітап күні”болып табылады.Кітап қашан да болсынеңжақсысыйлықболыпқалабермек. Себебі, кітап - бағалы сыйлық.
«Дұрыс-бұрыс» тапсырмасы. (топ мүшелеріне түрлі түсті қағаздар беріледі.)
Т1 «Кітап – асыл қазына».
Жетістік критерийі:
Дұрыс сөйлемді анықтап табады.
Бағалау:
Жетті – 4-5 дұрыс жауап
Талпынды – 0-3 дұрыс жауап
Тапсырма. Үнтаспадан тыңдалған мәтінді 2 рет тыңдап, дұрыс және дұрыс емес сөйлемдерді белгілеңіз.
№ Дұрыс Дұрыс емес
1 Кітап – асыл қазына 2 Кітаптытуғанкүнге де, мерекеге де, балаға да, үлкенге де сыйламайды. 3 Балаларға қазақша, орысша немесе үш тілді энциклопедиялар сыйлауға болады. 4 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні. 5 Кітап – бағалы сыйлық. Критериалды бағалау
Қолдарындағы түрлі түсті қағаздарының түстеріне қарай қайтадан ішінде өзара алмасу болады.
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС.
1-тапсырма. /топтарға бірдей тапсырма беріледі/
Жетістік критерийі:
1.Сенімді жауап берді. 2. Сөздердің қажетті формасын қолдана алды.
Бағалау:
Жетті – 2-3 дұрыс жауап
Талпынды – 0-1 жауап
СЫЙЛЫҚТУРАЛЫ ОЙЛАРЫН АЯҚТАУ- СҰРАҚ ҚОЮ.
Сөйлеу үлгісі:
Егер біз сыйлық сыйлайтын болсақ, біріншіден ....... сыйлар едік , өйткені ...... . Екіншіден ...... сыйға тартар едік , себебі..... . Үшіншіден ....... сыйлық берер едік, өйткені ..... . Сөйтіп, біз ..... .
Сұрақ қойылады.
Критериалды бағалау
СЕРГІТУ СӘТІ «ТІЛАШАР»
2-тапсырма. / әр топқа жеке тапсырма беріледі/
1 топ тапсырмасы
Жетістік критерийі:
1.Сенімді және еркін сөйлейді. 2. Берілген сөзтіркестерін қолдана алды. 3. Әңгіме қызықты.
Бағалау:
Жетті – 3 дұрыс жауап
Талпынды – 0-2 дұрыс жауап
Балаларға қандай сыйлық сыйлағанды дұрыс деп ойлайсыңдар?
/ тірек сөздерді қолданып, сұраққа жауап беріңіздер. Топтан кішкентай әңгіме құрастыру (5-6 сөйлем).
Сөйлеу үлгілері:
Біздің ойымызша, ..... . ...... деп ойлаймыз. ..... болуы мүмкін. Біздің айтайын дегеніміз ...... . ..... деп шештік.
Тірек сөздер
Әрқашан орынды, ең жақсы, бағалы сыйлық, жас ерекшеліктеріне сай, балаларға арналған, туған күнге.
Сұрақ қойылады.
Критериалды бағалау
2 топ тапсырмасы
Жетістік критерийі:
1.Сенімді және еркін сөйлейді. 2. Берілген сөз тіркестерін қолдана алды. 3. Әңгіме қызықты.
Бағалау:
Жетті – 3 дұрыс жауап
Талпынды – 0-2 дұрыс жауап
Қазіргі уақытта кітапты сыйлық ретінде беруіне қалай қарайсыңдар ?
/ тірек сөздерді қолданып, сұраққа жауап беріңіздер. Топтан кішкентай әңгіме құрастыру (5-6 сөйлем).
Сөйлеу үлгілері:
Біздің ойымызша, ..... . ...... деп ойлаймыз. ..... болуы мүмкін. Біздің айтайын дегеніміз ...... . ..... деп шештік.
Тірек сөздер
Бағалы сыйлық, туған күнге, достарына сыйға беру, қымбат, тілек жазу, әрқашан орынды.
Сұрақ қойылады.
Критериалды бағалау
3 топ тапсырмасы
Жетістік критерийі:
1.Сенімді және еркін сөйлейді. 2. Берілген сөз тіркестерін қолдана алды. 3. Әңгіме қызықты.
Бағалау:
Жетті – 3 дұрыс жауап
Талпынды – 0-2 дұрыс жауап
Кітап – бағалы сыйлық дегенді қалай түсінесіңдер?
/ тірек сөздерді қолданып, сұраққа жауап беріңіздер. Топтан кішкентай әңгіме құрастыру (5-6 сөйлем).
Сөйлеу үлгілері:
Біздің ойымызша, ..... . ...... деп ойлаймыз. ..... болуы мүмкін. Біздің айтайын дегеніміз ...... . ..... деп шештік.
Тірек сөздер
Ақылды досың, қызықты, өмір ұстазы, бәрін табасың, адамгершілік үлгісі, шебер ұстаз, өмірді білесің, білім аласың.
3 сұрақ қойылады.
Критериалды бағалау
3-тапсырма. Бес жолды өлең арқылы қорытынды жасайық.
СЭНКВЕЙН – БЕС ЖОЛДЫ ӨЛЕҢ
Синквейн (бес жолды өлеңнің үлгісі Мысалы:
Зат есім -1 Сын есім -2 Етістік -3 Сөйлем Синонимдер Үйге тапсырма: «Кітап – бағалы сыйлық» тақырыбына қысқаша пікір жазу.
Кітапты сыйға беру туралы досыңмен сөйлес.
Кітап туралы мақал-мәтелдер
Оқушыларды бағалау.
Рефлексия. 1. Сабақтан алған 3 ақпарат.
2. Қиындық келтірген 2 мәселе.
3. Сабақта ұнаған 1 аспект.
Бағалау парағы
№ Оқушының аты-жөні Дұрыс сөйлемді анықтап табады.
Жетті – 4-5 дұрыс жауап
Талпынды – 0-3 дұрыс жауап
1.Сенімді жауап берді.
2.Сөздердің қажетті формасын қолдана алды.
Жетті – 2-3 дұрыс жауап
Талпынды – 0-1 жауап
1.Сенімді және еркін сөйлейді.
2. Берілген сөз тіркестерін қолдана алды.
3. Әңгіме қызықты
Жетті – 3
дұрыс жауап
Талпынды – 0-2 дұрыс жауап
Өз ойын жинақтай алады.
Жетті – 4-5 дұрыс жауап
Талпынды – 0-3 дұрыс жауап
Нәтиже
1 2 3 4 5 6 7 8 9