Кітап. Кітап о?у (2-сынып)
Жамбыл облысы
Қордай ауданы, Беріктас ауылы
№28 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Бекхожаева Нагима Сулейменовна
Пәні Әдебиеттік оқу
Сыныбы 2 сынып
Сабақтың тақырыбы Кітап оқу
Мақсаты Оқушыларға Ж.Аймауытовтың өмірі жайлы түсінік бере отырып, « Кітап оқу» мәтінін оқып түсіндіру. Тілін , ой- өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу.Білімділікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сілтеме Әдебиеттік оқу оқулығы,интернет желісі, суреттер.
Оқыту нәтижелері Тақырыптың мазмұнын ұғыну,оқудың мән мазмұнын ұғынады,есте сақтау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды,әдептілікке,еңбек етуге, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.
Түйінді идеялар Оқу туралы өнегелі сөздер туралы біледі , сөз тауып сөйлеуге үйрену
Іс –әрекет түрлері Топпен жұмыс, диалогтік әңгімелесу, оқыту үшін бағалау
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті уақыт Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару. Оқушылырға психологиялық дайындық жасау.
Оқушыларды оқу құралдары арқылы топтастыру 5 мин Күлімдеп күн бүгін, қарады маған да. Күлімдеп күн бүгін, Қарады саған да. Күлімдеп күн бүгін,Қарады баршаға!
Балалар үш топқа бөлінеді.
Білу (слайд) -Өткен сабақта өлеңде ақын балаларды неге шақырады? Кітап туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық 5 мин Балалар өлеңді жатқа айтады. Сұрақтарға жауап береді.
Түсіну Автор жайлы мағлұмат беру «Кітап оқу» әңгімесін оқып беру 6 мин Әңгіме мазмұнын ұғыну, автор жайлы мағлұмат алу.
Сөздік жұмыс
Қолдану Мәтінге сүйеніп, көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазып ал. 8 мин Мәтінді іштей оқу, тізбектей оқу. (Қандай) дала
Аспандағы бұлттар ..., ... (қандай)
Сергіту сәті (АКТ) Музыкалық әуен арқылы сергіту сәтіне жаттықтыру «Көңілді күн» 1 мин Сергіту сәтін қимыл қозғалыс арқылы көрсетеді
Талдау Түрткі болу сұрақтарын қою
-Мәтін қалай басталады?
-Қартқожа «өзінің айдалада жатқанын да, ауылын да, басқа дүниені де» неліктен ұмытты.
-Өзің қандай кітаптар оқығанды ұнатасың? -Суреттегі баланың қызыға кітап оқуы туралы не айтасың? 8 мин Оқушы оз ойын айтады, басқалары «бас бармақ» әдісі арқылы сол ойға келісетін келіспейтіндерін білдіреді.
Жинақтау Оқу, білім, еңбек туралы мақал-мәтелдер айтып, мән-мағынасын ашу.
«Жүсіпбек ата» ағашын толықтыру 8 мин 1.Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы. т. б.
Сызбадағы мәліметтерді пайдалану арқылы «Жүсіпбек ата» ағашын толықтырады
Бағалау Авторға хат жазу. Бірнеше оқушыға оқыту. Марапаттау, мадақтау. 5 мин Өз ойымен авторға хат жазады. Басбармақ, смайлик
Үйге тапсырма 15-бет. Кітап оқу мәтінін түсініп оқу. 2 мин Күнделіктеріне жазып алады
Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек» 2 мин Бүгінгі сабақтан өздеріне алған әсерлерін стикерге жазып, арнайы орынға іледі