«Жырты? кітап жылады» о?улы?тарды? жай к?йі. Кітап о?ып ?йрену.


Сабақтың тақырыбы: «Жыртық кітап жылады» оқулықтардың жай күйі. Кітап оқып үйрену.
Сабақтың мақсаты: оқулықтардың шығу тарихымен және олардың жай – күйі туралы әңгімелеу.
Сабақтың міндеті:
Оқушыларға ілім, білімнің тек кітап арқылы келетінін, кітап – адамның құнды байлығы екенін түсіндіру. Кітапхана және кітапхана мәдениетімен таныстыру. Кітаптың шығу тарихымен таныстыру.
Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру. Татулыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу. Кітаптың көптеген адамның еңбегі арқылы болатынын түсіндіре отырып қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Суреттер. Кітап тарихы туралы суреттер.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
«Кітап – асыл қазына», «Кітап – білім бұлағы» - мақалдарының мағыналық мазмұнын ашу.
Кітаптан біз - өз Отанымыз бен оның табиғатын, тамаша адамдар мен олардың еңбегін, халықтардың тарихы мен мәдениеті туралы оқып, білеміз.
Кітап бізді қоршаған ортаны жақсы түсінуге көмектеседі.
Кітап қайдан шығады?

Оқулықпен жұмыс.
- Мәтінді мәнерлеп оқу.
Дауыстап кезекпен оқыту.
- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту
Сергіту сәті.
Алғашқы кітаптар қандай болған және олар не нәрселерге жазылған?

Кітапты күтіп ұстау дегенді қалай түсінесің?
Жыртылған кітаптарды түптей білесің бе?
Мәтін соңында берілген сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс:
Кітапты неден жасайды?
Кітапты қалай жасайды?
Кітап жасаумен қандай мамандар айналысыды?
Оқушылардың қолдарындағы оқулықтарының жай - күйі жайында әңгімелеу.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.