Жаратылыстану п?ні бойынша Физикалы? ж?не химиялы? ??былыстар ?лемінде атты 5 сынып?а арнал?ан саба? жоспары


Күні: Пәні: Жаратылыстану Сыныбы: 5 «Ә»
Тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар әлемінде
Басты идеялары: физикалық және химиялық құбылыс
Жалпы мақсаты: Оқушыларға физикалық және химиялық құбылыстар туралы жалпылама түсінік беру.
Күтілетін нәтиже: Физикалық және химиялық құбылыстар не екеніне анықтама бере алады, оларға мысал келтіре алады, өздерінің ойларын тірек-сызба ретінде дәлелдей алады, екі құбылыстың айырмашылықтарын атай алады тәжірбие жасап оларға іс жүзінде көз жеткізе алады..
Сабақтың реті: № 21 сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, сөздік
Технологиялары: АКТ (презентация, интербелсенді тақта, бейнематериал), СТО элементттері (ББҮ кестесі, ыстық орындық, бес жолды өлең), топтық жұмыс, диалогтік оқыту әдісі
Көрнекілігі: Презентациядағы слайдтар, оқулықтың 81-82 бетіндегі суреттері, өсімдік және сіріңке.
Сабақтың барысы
Кезеңдер Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын қадағалау Мұғаліммен амандасу, сабаққа дайындалу
II. Үй тапсырмасын сұрау. (15 мин) Берілген тақырыпшалар бойынша мазмұнын сұрастыру және тәжірбиелердің қорытындыларын тексеріп ауызша түйген ойларын сұрастыру Берілген тақырыпшалар бойынша ауызша баяндайды:
1. Таза заттар және қоспалар
2. Жарық бөліп шығару құбылысы
3. Жылу құбылысы
4.Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар
5. Электрлік және магниттік құбылыстар
Берілген тақырыптар бойынша жасаған тәжірбиелерінің қорытындысын және одан не түйгендерін ауызша айтады.
III. Жаңа сабаққа кіріспе (3 мин) Оқушылар сіздер теңіздің жағасында болғыларың келе ме? онда қандай құбылыстар болады?
Күнделікті өмірде біз қандай құбылыстарды жиі байқаймыз?
Сендер физикалық және химиялық құбылыстар туралы не білесіңдер?
ББҮ кестесін толтыруды ұсынамын:
Оқушылар шамалары келгенше сұрақтарға жауап беруге тырысады, мысалдар келтіреді, өз ойларын еркін жеткізуге тырысады, кейін мұғалімнің ұсынған ББҮ кестесін толтырады:
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Табиғатта әр түрлі құбылыстардың болатынын, мысалы найзағайдың ойнауы, қардың еруі, сүттің ашуы, дыбыстың шығуы т.б Аталған құбылыстар қалай пайда болады?
Не себепті табиғатта құбылыстар жиі қайталанып тұрады? ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.(10 мин) Табиғаттағы барлық денелер физикалық және химиялық құбылыстардың ықпалында болады. Мысалы күнделікті пайдаланып жүрген борды алайық. Бор тақтаға жазған сайын біртіндеп ұнтаққа айналады. Мұздатқыштан алған мұздың өзі бөлме температурасында біраздан кейін еріп кетеді.Интербелсенді тақтадағы слайдтың сызбасын сызып алуды ұсынамын.
Осы аталған екі құбылысқа оқулықтан қарап анықтама береміз (диалогтік оқу әдісіне көшеді): ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ құбылыстар.
Оқушылар мысал келтіріп болған соң оқулықтың 82 бетіндегі суреттерге назар аударуларын сұраймын (фотосинтез процесі және химиялық реакция)
Оларға фотосинтез процесінің қалай жүзеге асатынын және оның маңыздылығы туралы түсінік беремін. Кейін сіріңкені жаққанда химиялық реакциялардың пайда болатынын да айта кетемін.
Оқушыларға газдалған сусындарды ашқан кезде неге көпіршіктердің быжылдайтынын түсіндіремін: оған лимон қышқылы мен содамен реакцияға түсуінен болатынын ата кетемін. Физикалық және химиялық құбылыстар туралы мысалдарды мұқият тыңдай отырып интербелсенді тақтадағы сызбаны сызып алады:
3010535127000410210127000115252531750Табиғаттағы құбылыстар
0Табиғаттағы құбылыстар
2879725565785Химиялық
00Химиялық
210185565151Физикалық
00Физикалық

Табиғаттағы денелердің пішінін және қасиетін өзгерту процесін физикалық құбылыс дейміз.
Бір заттың екінші затқа айналуы химиялық құбылыс деп аталады.
Жазып болған соң мысалдарды кезекпен басқа бір оқушылар оқулықтан тауып оқиды.
Мысалы: физикалық құбылыстарға металдардың балқуы, әр түрлі жарылыстың дыбысы, заттардың түсінің өзгеруі, жылудың бөлінуі, ал химиялық құбылыстарға өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шіруі, сүттің іруі, асқазанда және ішектегі тамақ өнімдерінің қорытылуы.Сусындарды ашыған кездегі газдардың быжылдағаны.
Ү. Сабақты бекіту.
(10 мин) Сонымен оқушылар физикалық және химиялық құбылыстар дегеніміз не екен?
Алынған білімдер негізіне сүйене отырып физикалық және химиялық құбылыстарға тәжірбие жасаймыз:
Қажетті құрал-жабдықтар:
1. Стақандағы су
2. Сіріңке
3. Құрғақ спирт
4.Пробирка
5. Бояу краскасы
6.0,35 л сүт
Физикалық құбылыстарға 2 тәжірбие:
1. Судағы бояудың араласып кетуі
2. Судың буға айналуы
Химиялық құбылыстарға 2 тәжірбие:
1. Сіріңкенің жанып реакцияға түсуі
2. Сүттің ыдыста іруі Сұрақтарға жауап береді де мысал келтіреді.
Тәжірбиені жасауға көшеді:
Мұғалімнің нұсқауы бойынша ретімен жасайды.
Физикалық құбылыс:
1. Стақандағы суға көк түсті бояуды араластырады да судың бірден көк түске айналғанын байқайды.
2. Құрғақ спиртті жағып оттың үстіне пробиркадағы суды қояды да қақпағын жауып қояды, бірнеше секундтардан кейін судың қайнағанын көріп, пробирканың жоғарғы жағына су тамшыларының жиналғанын байқап оның буға айналғанын көреді.
Химиялық құбылыс:
1. Сірікені жағу арқылы берттоле тұзының күкіртпен реакцияға оттегінің әсерінен түсуінен от лапылдап жанатынын байқайды.
2. Майлылығы жоғары сүтті стақанға құйып оны да 100°С-ге дейін қайнатып кейін оның ірігенін байқайды, себебі сүттің құрамындағы заттардың жоғары температура кезінде қышқылдарға айналып оны ірітеді.
ҮІ. Сергіту сәті
(2 мин) Аяққа арналған жаттығуларды жасатқызу Орындарынан тұрып интербелсенді тақтадағы аяққа аралған жаттығуларды жасайды.
ҮІІ. Қорытындылау.
(3 мин) Сонымен оқушылар, бүгін біз қандай құбылыстармен таныстық?
Физикалық және химиялық құбылыстарды күнде байқауға бола ма?
Айырмашылықтары неде?
Бүгінгі тәжірбиеден не түйдіңдер, нені үйрендіңдер?
ББҮ кестесініңүшінші бағанын толтыруды ұсынамын: Сұрақтарға ауызша жауап береді, бүгінгі сабақта не үйренгендерін және тәжірбиеден нені түйгендерін ББҮ кестесінің үшінші бағанына жазады:
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Табиғатта әр түрлі құбылыстардың болатынын, мысалы найзағайдың ойнауы, қардың еруі, сүттің ашуы, дыбыстың шығуы т.б Аталған құбылыстар қалай пайда болады?
Не себепті табиғатта құбылыстар жиі қайталанып тұрады? Тәжірбие жасау арқылы физикалық және химиялық құбылыстардың болуына қандай да бір жағдайлардың болуы қажет екенін түісіндім, реакциялармен таныстым.
ҮІІІ. Бағалау. (1 мин) Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау. Бағаларын тыңдап күнделіктеріне қойдыртады.
ІХ. Үйге тапсырма.
(1 мин) § 20 оқу, 81-82 бет және лимонад жасап келу, тәжірбиеден түйгендерін қорытынды түрінде дәптерге жазу. Үй жұмысын жазып алады, түсінбегендерін сұрастырады.