Физикалы? ж?не химиялы? ??былыстар. Химиялы? реакциялар.
Пәні:
химия Сыныбы:
8 Күні: Мұғалімнің аты - жөні:
Жарылгасова Г «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі: Жаңабаева З.
Сабақтың тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялар.
№1 (1.3) көрсетілім: «Қоршаған ортадағы құбылыстарға мысалдар (мультимедиа)».
№1 (1.2, 1.3) зертханалық тәжірибе: «Физикалық құбылыстар (судың қайнауы, парафиннің ж/е қанттың балқуы)», «Химиялық құбылыстар (тұнбаның түзілуі, газдың бөлінуі, иістің пайда болуы, заттың түсінің өзгеруі, жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі)»
Сабақтың мақсаты: Күнделікті табиғатта кездесетін денелер мен заттардың өзгерістерге қалай ұшырайтынын еске түсіре отырып, осы құбылыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білу. Осыған сүйеніп, дененің және заттардың өзгерісін сипаттай білу дағдысын дамыту. Химиялық реакция теңдеуін құра білуге үйрету. Реакцияның жүру жағдайы, белгілері туралы түсінік беру.
Сілтемелер: 1. Жұмыс дәптері
2. Зертханалық тәжірибелер (Н.М. Торшина; К.Сарманова)
3. Әдістемелік нұсқау (К.Жексембина, Н.Нұрахметов, К.Сарманова) 4. Оқулық (Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина ), 8 сынып
Сабақтың типі: Жаңа сабақОқыту әдістері: Түсіндірмелі-иллюстративті. Өздік (жеке) жұмыс. Венн диаграмасы. Практикалық әдіс. Сұрақ-жауап. «Ойлан – жұптас - талқыла» әдісі
Оқыту нәтижелері: Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды. (Оқушылар білетін, түсінетін болады және жасай алады). Химиялық реакция теңдеулерін құру және оны теңестіре білу.
Құрал-жабдықтар: Оқулық, үлестірмелер, презентация, стикерлер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру.
1. Сәлемдесу. Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау, сыныпты түгендеу.
3583305346710003152775327025002677160332105002. Сыныптағы оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға қағаз қиындыларына жылдың төрт мезгілі бейнеленген суреттерді таратып беру. Сол атауларға байланысты топтарға бөлу. «көктем», «жаз», «күз», «қыс» әр топ атауларын қорғайды. II. Психологиялық ахуал. “Белгіні таңдау”
III. Үй тапсырмасын тексеру. §12, 13, 14 Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі. Зат құрамының тұрақтылық заңы.
№ 1- 7 есеп 37 бет
«Ой қозғау»
Валенттілік дегеніміз не?
Валенттілік нешеге бөлінеді?
Тұрақты және ауыспалы валенттілікке мысал келтір.
«Ойлан – жұптас - талқыла»
1-тапсырма
Химиялық элементтердің үш тілдегі атауларын, реттік санын, валенттілігін және салыстырмалы атомдық массаларын жазу. 1-топ: AI, Ba, K, Ca, Au, Pb 2-топ: Mg, Mn, Zn, Cu, Fe, Hg
3-топ: N, B, Br, J, C
4-топ: Si, S, P, CI, F
2- тапсырма
1-топ Мына қосылыстардағы: ZnS, Al2S3, Na2S, PbS, Fe2O3 әрбір элементтің валенттілігін қойыңдар. Формулаларды оқыңдар.
2-топ Мына қосылыстардағы: CaO, FeCl3, H2O, Mg3N2, SiCl4 әрбір элементтің валенттілігін қойыңдар. Формулаларды оқыңдар.
3- топ Мына қосылыстардағы: MqS, Zn3N2, SO3, P2S5, HCl, NaBr, KI әрбір элементтің валенттілігін қойыңдар. Формулаларды оқыңдар.
IV. Жаңа сабақ
Жаңа тақырыпты тақтаға жазу
Мақсатын түсіндіру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында АКТ қолдану және өткен сабақпен байланыстыру.
«Ой қозғау». Тапсырма: Әр мезгілге сай табиғатта жүретін өзгерістерді қысқаша сипаттап өту.
№1 (1.3) көрсетілім: «Қоршаған ортадағы құбылыстарға мысалдар (мультимедиа)». Суреттер көрсету арқылы және физикалық құбылыстарды аудио дыбыс арқылы көрсету.
Оқушылардың физика курсынан алған біліміне сүйене отырып, физикалық құбылыс кезінде заттың пішіні мен агрегаттық күйінің өзгеретінін еске түсіре келіп, химиялық құбылыс туралы түсінік беру. Физикалық және химиялық құбылыстарды өзара салыстыру арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады.
Тәжірибе жасау. Бұл үшін оқушылар қантты ұнтақтау және еріту, суды қайнату және қайтадан суық күйге айналдыру, мыс пластинкасын күйдіру, парафинді балқыту тәжірибелерін жасау.
Тәжірибе нәтижесінде оқушылар заттың қасиетін өзгермегенін, жаңа зат түзілмегенін көріп қорытындылайды.
Осыдан кейін магнийді, қантты күйдіру, парафинді жағу, мыс пластикасын күйдіру тәжірибесі жүргізіледі. Ал қанатты жағу кезінде оқушылар назарын жаңа зат – көмір мен су түзілгеніне аударамыз. Оқушылар жаңа заттардың түзілуіне назар аударады. Сонымен құбылыстар екіге бөлінеді – физикалық және химиялық деген қорытынды жасалады.
Оқулықпен жұмыс.
1. Оқулықтан физикалық және химиялық құбылыстардың анықтамасын табу.
2. Оқушылар химиялық теңдеулерді құру ережесін оқулықтан оқиды.
3. Алгоритм құру.
Оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуге және оқулықтан анықтаманы таба білуді дағдыландыру үшін оқулықтан физикалық және химиялық құбылыстардың анықтамасын табу керек.
Химиялық құбылыстың химиялық реакция деп аталатындығын, химиялық реакциялардын өз белгілері болатындығы айтылып, әр түрлі белгілері бар реакциялар жасап көрсетіледі: ерітінділерде тұнба түзілу (мысалы, BaSO4, AgCl,т.б) газ бөліну(H2, O2, NH3, CO2, т.б.), батареяда тоқтың пайда болуы, соның әсерінен электр шамының жануы химиялық құбылыс екендігі түсіндіріледі. Оқушылардың назарын ең басты қорытындыға аудару керек: химиялық реакцияның ең негізгі белгісі -жаңа заттардың түзілуі. Содан соң реакцияның жүру жағдайлары қарастырылады.
Реакция теңдеуін құру aлгоритімі.
Мына реакция теңдеуін теңестір: Mg + O2 = MgO
Дәптермен жұмыс.Құбылыстар
Физикалық - Заттың пішіні, агрегаттық күйі өзгеріске ұшырайды, ал олардың құрамы өзгермейді.
Химиялық - Бір зат екінші бір заттарға айналады, яғни химиялық реакция жүреді.
Физикалық құбылыстар: Жаңбырдың жауы, кемпірқосақтың шығуы, қыраудың тұруы
Химиялық құбылыстардың белгілері : Газдың бөлінуі; Түстің өзгеруі; Жылудың бөлінуі; Тұнбаның түсуі
Физикалық құбылыстар Химиялық құбылыстар
1. Ағашты аралағанда үгіндінің түзілуі 1. Бор кесегіне қышқыл тамызғанда газ түзілуі
2. Аязды күні терезеге қырау тұруы 2. Автокөлік қозғалтқышында бензиннің жануы
3. Қардың еруі 3. Айранның ұюы
Құрам тұрақтылық заңы. Заттар массасы сақталу заңы ашылуының химияны дамытудағы маңызы өте зор болды. Осы заңға сәйкес көптеген заттардың сапалық және сандық құрамдары зерттеліп анықталды. Заттың құрамы тұрақты, әлде айнымалы бола ма деген мәселе төңірегінде ХІХ ғасырдың басында екі ғылыми пікір айтылды. Қ. Л. Бертолле заттың құрамы айнымалы болуы тиіс десе, Ж.Л.Пруст заттың құрамы тұрақты болады деді. Бұл ғылыми айтыс жеті жылға созылды. Соңында Ж.Л.Прусттың пікірі қабылданып, ол заттың құрам тұрақтылық заңын ашты. Ол заңның қазіргі анықтамасы былай айтылады: Алыну жолына қарамастан молекулалық құрылысты әрбір химиялық таза заттың сапалық және сандық құрамы тұрақты болады.
Химиялық реакциялар — заттардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде олардың химиялық құрамы мен құрылысы өзгеріп, басқа заттарға айналуы
Мына реакция теңдеуін теңестір: Mg + O2 = MgO
Мына реакция теңдеуін теңестір: Zn + HCl → ZnCl2 + H2
V. Жаңа сабақты бекіту.
Тапсырма: pеакция теңдеулерін аяқтаңдар:
а) барий+оттек(O2) =
б) натрий+ хлор( Cl2)=
в) мыс + оттек =
г) калий + күкірт =
д) литий + оттек =
№1 (1.2, 1.3) зертханалық тәжірибе: «Физикалық құбылыстар (судың қайнауы, парафиннің ж/е қанттың балқуы)», «Химиялық құбылыстар (тұнбаның түзілуі, газдың бөлінуі, иістің пайда болуы, заттың түсінің өзгеруі, жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі)»
Венн диаграммасы. Физикалық және химиялық құбылыстар.
Деңгейлік тапсырмалар орындау.
Деңгейлік тапсырмалар.
1, 3топ
Iдеңгей 1) Балшықтың кебуі қандай құбылысқа жатады?
2) Май күйгенде қоңырсыған иіс шығуы қандай құбылысқа жатады?
II деңгей
Химиялық теңдеулерді теңестіріңдер:
K + Cl2 → KCl Ba + O2 → BaO Ag + S → Ag2S
III деңгей
1топ Сынап пен оттек бірігіп сынап оксидің HgO түзеді. Химиялық реакция теңдеуін жазыңдар.
IV деңгей
Химиялық теңдеулерді теңестіріңдер:
FeS + HCl → FeCl2 + H2S
N2O5 + H2O → HNO3
KClO3 → KCl + O2
CuO + Al → Al2O3 + CuOFe3O4 + Al → Al2O3 + Fe
V деңгей
Бос қалдырылған орындарды толтырыңдар, коэффициенттерін қойыңдар және химиялық реакциялардың типін анықтаңдар:
A) ….. + Cl2 → NaCl
Ә) Na + ….. → Na2O
Б) FeCl3 + ….. → ZnCl2 + Fe
В) ….. + HgCl2 → CuCl2 + Hg
2, 4топ
Iдеңгей
1) Күміс қасықтың қараюы қандай құбылысқа жатады?
2) Қорғасынның балқуы қандай құбылысқа жатады?
II деңгей
Химиялық теңдеулерді теңестіріңдер:
Al + Cl2 → AlCl3
P + O2 → P2O5
Na + S → Na2S
III деңгей
Темір ұнтағы мен күкірті араластырып, қыздырғанда күкірт сульфиді FeS түзілді. Химиялық реакция теңдеуін жазыңдар.
IV деңгей
Химиялық теңдеулерді теңестіріңдер:
AgI → Ag + I2
Al + MnO2 → Mn + Al2O3
Al + HCl → AlCl3 + H2
K2O + P2O5 → K3PO4
KMnO4 → K2MnO4 + MnO2 + O2
V деңгей
Бос қалдырылған орындарды толтырыңдар, коэффициенттерін қойыңдар және химиялық реакциялардың типін анықтаңдар:
А) N2 + ….. → NH3
Ә) H2 + Cl2 → …..
Б) FeO + ….. → Fe + H2O
В) ….. + HCl → ZnCl2 + H2
Рефлексия. Бағалау Не білдің? Не түсіндің? Не білгің келеді?
Үйге тапсырма §5, 6; 15 № 6, 7 – 16 бет.