Урок Махамбет ?теміс?лы. «Байма?анбет с?лтан?а айт?аны», «Мен, мен, мен едім», «Ар?аны? ?ызыл изені-ай»


Қазақ әдебиетінен күнтізбелік-сабақ жоспары
Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында білім сапасын арттыру құрал ретінде оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы:
«Білім мазмұның жаңарту жағдайында білім сапасын арттыру құралы ретінде оқушы тұлғасының функционалды сауаттылығын қалыптастыру»
Әдістемелік тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қатысымдық,ақпараттық және проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерін қалыптастыруға қол жеткізудің басты тетігі-оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»
Өзін-өзі жетілдіру тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын көтеру»
Сынып: 9
күні:
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы. «Баймағанбет сұлтанға айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Арқаның қызыл изені-ай»
Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік: Бүгінгі өскелең ұрпаққа ақынның кім екендігін, оның өлеңдерінің тақырыбын, тарихын аша отырып, ақынды тағыда жаңа қырынан таныту, өлеңдеріне талдау жасату. Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін айтуға, өз пікірлерін қорғап, ақын поэзиясын насихаттап, әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру. Ұлтжандылыққа, батылдыққа, бірлікке, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. 
Сілтеме: Оқулық
Оқушылар үшін оқу нәтижелері Берілген тақырыпты меңгеру, қойылған мақсатына жету
Негізгі идеялар: Қазақстан тарихы
Сабақта қолданылатын
материалдар: Үзіндіні оқу
Оқыту әдістері: Жұптық жұмыс,топтық жұмыс,бағалау әдістері.
Дерек көздері: Қазақ әдебиеті 9 сынып.
Тапсырмалар:Жүппен бірге отырып, өленңді оқу,мазмүны түсіну
Сабақ барысын дағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекетіОқушыларға психологиялық ахуал туғызу Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.Сабақ мақсатымен таныстыру.
Оқушылармен диалог құру.
Оқушылардың әр қайсысы мұғалім сұрағына жауап береді
Өткен сабақты тексеру
Үй тапсырмасы Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Бұқар жырау «Ай, Абылай», «Батырың өтті Бөгенбай» НЕ білеміз?
Жаңа сабақтың тақырыбы:
Махамбет Өтемісұлы.
«Баймағанбет сұлтанға айтқаны»,
«Мен, мен, мен едім»,
«Арқаның қызыл изені-ай» Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
Төрт оқушы карточкамен жұмыс істейді
Өлең үзінділерін оқу
Дұрыс, келісемін


Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекетіІ. Қызығушылықты ояту «Ортақ портрет» әдісін қолданып, Махамбет Өтемісұлы туралы Әр оқушы өз ойын ашады
Сергіту кезеңі
ІІ. Мақсаты 1. Сөздік пен жұмыс.
Мұғалім тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Жетік білу знать совершенстве, даттаушы обвинитель
Қатігездік жестокость,дауылпаз ақын поэт трибун, күрескер бейнесі образ борца,орыс зиялылары русская интеленгенция. Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдай ды, мұғалім мен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуы мен ауызша жаттығу жүргізеді. Әр оқушы осы сөздермен сөз тіркестерін құрады
Талдау Махамбет Өтемісұлы туралы конспект
Мәтінді топтармен оқу, талдау, мазмұнын ашу
Шаруалар көтерілісі шығу себептері мыналар: Отаршыл патша өкіметі кедейлердің жерін күшпен тартып алып, сұлтан – билерге таратып берді. Оның үстіне шаруаларға алым – салықты да көбейтті. Ел еркінен айрылып, күйзелген үстіне күйзеле берді. Халық ереуіл атқа ер салды. Ол көтерілісті Исатай мен Махамбет басқарды. Махамбет поэзиясы ереуілге шыққан халықтың құдіретті үні болды. Исатай мен Махамбеттің ойлағаны өздерінің қара басының қамы емес, «қара қазан, сары бала қамы» үшін қылыш сермеді. Олар ел үшін «әділ жаннан түңіліп», қанды жорыққа атанды
Махамбет Өтемісұлы – 1804 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан.  Халықтың азатығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек ауданы) дүниеге келді. Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен. Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті опасыздықпен өлтіреді.
ІІІ. Ой толғаныс Қазақ халқының бас бостанығы үшін күрескен кімдерді білесіңдер? Ол ақынның «Тарланым» деген өлеңі бар. Ол осы өлеңін Исатайға арнаған. 
IV. Бекіту 1.Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 2.Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасың? 
V. Бағалау VI. Үйге тапсырма «Баймағанбет сұлтанға айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Арқаның қызыл изені-ай»
Мәнерлеп жатқа оқу