поурочный план по казахскому литературе на тему : Майлы?ожа С?лтан?ожа?лы, ?аша?ан К?ржіман?лы.


10 сынып қазақ әдебиеті
№ 9 сабақ тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күржіманұлы.
Мақсаты: ақындардың шығармашылығымен таныстыру
Міндеттері: мәнерлеп оқуға жаттықтыру, зейін қойып тындауға тәрбиелеу, адамның жақсы қасиеттер туралы білімдерін бекіту.
Құралдар:
Сабақ түрі: аралас
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)
Үй тапсырмасын тексеру: үзінді жаттау, «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінен (жақсы не жаман қасиеттер туралы) оқулық
Жаңа сабақ :
Майлықожа Сұлтанқожаұлы Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы туған,
өлеңдерінің идеясы- қарапайым халықтың күйзелісін, махаббат бостандығын жырлап, адал еңбекке үндеген., жастарды парасаттылыққа , адамгершілікке шақырады.
Шығармалары: «Жігіттің көркі - өнері», «Жақсылардан шыққан сөз», «Ұрлықтың түбі қорлық-ты»
үзінділерімен танысу, мәнерлеп қайтара оқыту.(104 беттегі тапсырманы орындау – жақсы және жаман қасиеттерін жазып алу)
кімнің ұқсас шығармасын білесіңдер?
Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы қазіргі Түркімен Республикасында туған. өлеңдерінің идеясы – пейілі тар, сараң, надан адамдарды әшкерлейді.
Шығармалары: «Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға», «Адай тегі», дастандары -«Атамекен», «Топан», «Бұл дүниеде не жетім?», «Осы күні жолдас болдым сексенмен».
111-112 беттегі өлеңімен танысу, өлеңнің идеясы - өзіндік көзқарасын, ой талғамын, дүниетанымын көрсетеді.
Мәнерлеп оқыту, сөздік жұмыс жүргізу.
Бекіту:
- Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Қашаған Күржіманұлы шығармашылықтар ы туралы не айта аласыңдар?
- Майлықожа Сұлтанқожаұлы кім ?
- Қашаған Күржіманұлы кім?

Үйде: 102-117 б, конспект.
Қорытынды: бағалау, қоштасу
10 сынып қазақ әдебиеті
№ 10 сабақ тақырыбы: Алмажан Азаматқызы, Мұрат Мөңкеұлы..
Мақсаты: ақындардың шығармашылығымен таныстыру
Міндеттері: мәнерлеп оқуға жаттықтыру, зейін қойып тындауға тәрбиелеу,
Құралдар: .«Бес ғасыр жырлайды» - 2 кітап , оқулық
Сабақ түрі: аралас
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)
Үй тапсырмасын тексеру: 102-117 б, конспект.
Жаңа сабақ :
Алмажан Азаматқызы Батыс Қазақстан облысындағы Нарынның Бекетай- Бесқасқа құмында 1823 жылы туған. Әкесі Исатай, Махамбет бастаған көтеріліске қатысып, қаза тапқан. Алмажан Азаматқызы жасынан өлең шығарып, ақын қыз атанған. Оның шығармалары көп болған, алайда бізге жеткен шығармасы-
«Жетім қыз» - дастаны.(поэма)
үзінділерімен танысу, мәнерлеп оқыту, мазмұнын түсініп оқуға тарту.
(«Бес ғасыр жырлайды» - 2 кітап – 89 – 100 беттер)
131 беттегі сұрақтарды талдау
Мұрат Мөңкеұлы 1843-1906 - патшалық отарлаудан құтылуға қарсы тұрған, тәуелсіздікті аңсаған, халық тағдырын , елінің бүтіндігін жырлаған ақын.
Шығармалары: «Үш қиян», ....................................................................
Тапсырма: ақынның өлеңдерінің аттарын жазып келу(үй жұмыс)
119т- тапсырма- өлеңнің үзіндісімен танысып, сұрақтарға жауап беру,
Заман азды ма, адам азды ма?
Заман азып не қылсын –
Ай орнынан туады,
Күн орнынан шығады.
Мұның бәрі адамнан ....
Адамның азған белгісі ...... неде? ( жауап беру)
Бекіту:
- Алмажан Азаматқызы, Мұрат Мөңкеұлы шығармашылықтар ы туралы не айта аласыңдар?
- Алмажан Азаматқызы кім ?
- Мұрат Мөңкеұлы кім?

Үйде: 118-131 беттер, конспект, мазмұндау
Қорытынды: бағалау, қоштасу