(Саба? жоспары) Информатика ?леміне саяхат (7 сынып)


№8 мектеп-гимназиясы 
 
 
 
 
00 «Информатика әлеміне саяхат»
сайыс сабағы
«Информатика әлеміне саяхат»
сайыс сабағы
 
 
                         
 
 
 
 
Ұйымдастырған: Амиржанова Гульдана Каршибаевна
информатика пәнінің мұғалімі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сабақтың тақырыбы: Информатика әлеміне саяхат
Сыныбы: 7 а,ә, сыныптары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жалпы информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың  информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.
 Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
 Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
 
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, қолданбалы парақтар.
Cабақтың барысы:
 1.Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 8 оқушыдан болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады. Сайысушы топтар үстелдің екі шетінде орналасады.
 
Мұғалім:
Құрметті  ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Информатика әлеміне» аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.
Ойын-толқын , айналған қатты ағысқа,Табылғандай таным да, жат дауыс та.Біреу озып келеді қатарынан, Біреу мініп жатқанда аптығыста.Ойын-толқып, жатқандай асып, тасып,Біреу мығым, біреулер шалыс басып.Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.Біздің саяхатымыз информатиканы үйренушілерге, информатиканы үйретушілерге, информатиканы сүйетіндерге және де информатиканы әлі де білмейтіндерге арналады.
Сайысымызға 7а, 7ә,сыныптарынан құралған екі топ сайысуға келіп отыр. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз 7-сынып оқушыларының жалпы информатикадан алған білімдерімен байланысты.. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.
Бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Әділ қазылар алқасының төрайымы:
Мүшелері:
1.
2.
3.
 
Сайыс шарты мен өтуі:
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1. Сәттілік кезең.
2. Шешімін тап!
3. Бәйге
4. Полиглот
5. Капитандар сайысы.
6.Байқағыштығыңды байқат.
 Енді сайысымызды бастайсыз.
1-кезең. ”Сәттілік кезеңі”  Бұл кезеңде әр топқа 15 сұрақ және 2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз орнында, берілген қағаздағы сұрақ тұсына өз жауаптарын жазады. Кез келген топ мүшесі уақыт біткеннен кейін сұрақтарды жауаптарымен оқиды. Әр сұрақтың бағалануы – 5 ұпай.
 
«Интернет» тобының сұрақтары:
№ Сұрақтар Жауаптар
1 1 байт неше биттен тұрады? 8
2 Ақпараттық процестер?  сақтау, алмасу, өңдеу
3 Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне терезені жабады. ALT+F4
4 Компьютердің ең негізгі құрылғылары? жүйелік блок, пернетақта, монитор
5 Ақпаратты кері кодтау қалай аталады? декодтау
6 Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі Caps Lock
7 Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы принтер
8 Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде
9 Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель шина
10 Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу кодтау
11 Жыпылықтап тұратын тік сызықша меңзер
12 Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс сигнал
13 Windows-тің негізгі экраны жұмыс үстелі
14 Алғашқы программист әйел Ада Августа Лавлейс
15 Деректерді сақтауға арналған құрылғы жады
 
«Ақпарат» тобының сұрақтары:
№ Сұрақтар Жауаптар
1 Экранның төменгі жағындағы жіңішке жолақ тапсырмалар тақтасы
2 Windows сөзінің қазақша аудармасы терезе
3 Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ терезе
4 Нақты бір файлды көрсететін арнайы белгішелер таңбашалар
5 Жою пернесі Delete
6 Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады корзина
7 Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне Delete
8 Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне жасаған әрекетті болдырмайды Ctrl+Z
9 Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? есептеу
10 Сурет салуға арналған бағдарлама Paint
11 Ауқымды желіге қосылу үшін қажет құрылғы модем
12 Басу құрылғыларының түрлері лазерлік, матрицалық, бүріккіш
13 Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы монитор
14 Компьютер жанына қойылатын өсімдік кактус
15 Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі операциялық жүйе
 
 
2-кезең. Шешімін тап!!!  Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топтың капитаны ойынды бастайды. Топтан бір оқушы тұрып, жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа – 10 ұпай.
 1-топтың жұмбағы:
1) Батырманы басасың,
    Қажетіңді ашасың.
                               («Еnter» батырмасы)
2) Төрт бұрышты әйнек, Тұнып тұрған әлек. (Монитор)
3)      Самолет А қаласынан Б қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минут ұшып өтті, ал қайтар жолда 80-ақ минут ұшты.  Бұл қалай? (1сағат 60минут+20 минут)
 
2-топтың жұмбағы:
1) Компьютермен енеді,
    Қағазға басып береді.
                               (Принтер)
2) Өзі темір, жаны жоқ. Ақпаратты сақтап таратқан, Жұртты өзіне қаратқан. (Жүйелік блок)
3) Дәрігер ауру адамға 4 дәрі беріп: «әрқайсысынан әрбір жарты сағатта ішіп отырыңыз»,-деді. Дәрілерді ішіп бітіруге ауру адамның қанша сағат уақыты кетеді?
(2сағат)
 3-кезең. «БӘЙГЕ»Бұл бөлімнің шартын түсіндіріп өтейін, сұрақтың жауапбына шапшаң жауап берген білімалушы әрбір дұрыс жауабы үшін 10 ұпайға ие болады.
1 топ1. Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы? (монитор).2. Дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы? (пернетақта).3. Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде қандай объект қабылданған? (Файл).4. Бұл термин латынның түсіндірілу, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. (информация).5. Соңғы кезге дейін ең кең таралған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы принтер (матрицалық).6. Ақпараттың құрамдас бөлігі – (мәлімет).7. Тышқаның ағылшынша аталуы – (маус).8. Текстің қазақша аталуы – (мәтін).9. Мәліметті басып шығару құрылғысы – (принтер).10. Мәліметтерді тасмалдау құралдарының бірі – (диск).2 топ
1. Файлдың аты кез-келген шектелген нелерден тұрады. (Әріптер)2. Компьютердің ең негізгі құрылғысы – ( жүйелік блок)3. Көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық схема - (процессор).4. Алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы – (модем).5. Қандай мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер және цифрлы фотокамералар қолданылады. (графиктік)6. Графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы – (тышқан).7. Таңбашаны орысшасы. Ол объектіге нұсқағыш қызметін атқарады.(ярлык)8. Ақпаратты қағазға жазып өзге жерге жіберуді не деп атайды? (хат)9. Монитормен бірігіп дербес компьютерді ішкі бейнежүйесін не құрайды? (бейнекарта)10. Компьютерлік ойындарда қоданылатын қолмен басқарылатын тетік - (джойстик).4-кезең. «ПОЛИГЛОТ».Келді кезек полиглотты шешуге,Жауаптарды аударуға үш тілде.Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,30 ұпай, шәкірт саған несібе.Слайдта көрсетілген құрылғыны үш тілде атап айту керек. Үш тілдегі жауабын дұрыс айтса 30 ұпай ал, бір дұрыс емес жауапқа 10 ұпай алынып отырады. Оның дұрыс емес жауабына басқа қарсыластары жауап беруіне болады, және де қалған ұпай саны сол білімалушыға есептеледі.1. Жүйелі блок; Системный блок; System unit.2. Монитор; Монитор; Screen.3. Құлақшын: Наушник; Headphones.4. Бума; Папка; Icon.5. Ұлғайтқыш; Лупа; Magnifying glass.6. Мәтіналғы; Сканер; Scanner.7. Тінтуір; Мышка; Mouse8.Пернетақта; Клавиатура; Keybord9. Қатқыл диск; Винчестер; Hald disk10.Басып шығарғыш; принтер; printer.
5-кезең. Капитандар сайысы. 
2 топтан капитандар шығып, компьютерде «Жаңа жыл» мерекесіне байланысты
6 беттік слайд жасайды.6-кезең. Байқағыштығыңды байқат!!! Бұл кезеңде берілген суреттерден 10 айырмашылықты 2 минут ішінде табу қажет.  Әр топтың айырмашылықтарды табуына байланысты қазылар алқасы баға береді.  Ең жоғарғы баға – 10 ұпай.
2343153810003529965381000
 
Бір оқушы ортаға шақырылады. Жанкүйердің екі қолына да бор беріледі. Тапсырма: сол қолмен үш үшбұрыш, ал оң қолымен шеңбер салу керек. Берілетін баға – 5 ұпай. Жанкүйер алған бағасын өзі қалаған топқа береді.
 
Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін  анықтау  үшін, сөз әділқазылар алқасына  беріледі.
Сайысымыздың қорытындысы: оқушыларды бағалау. Сайыстың нәтижесі бойынша жеңген оқушылар марапатталады Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз команда оқушыларын  құттықтаймыз!
 








Информатикалық - интеллектуалды ойынТақырыбы:«Информатика әлеміне саяхат»Информатика1 курс білімалушыларыЖОСПАРЫ:1. Өзім туралы (15 мин)2. Бәйге (25 мин)3. Полиглот (15 мин)4. Құпия алаң (25 мин)5. Тапқырлық (10 мин)6. Бейне сұрақ (10 мин)7. Жеңімпаздарды марапаттау.«Информатика әлеміне саяхат»(Информатикалық - интеллектуалды ойын)Құрметті ұстаздар, коммиссия мүшелері және Білімалушылар! Сіздермен бірлесе отырып, 1 курс білімалушылары арасында «Информатика әлеміне саяхат» атты Информатикалық - интеллектуалды ойынды бастауға рұқсат етіңіздер.Коммиссия мүшелері: Жылбаева Б.А.; Мыңбаев М.С.; Тұрсынбав Е.С.; Торсықбаева Ғ.Т. Ойын-толқын , айналған қатты ағысқа,Табылғандай таным да, жат дауыс та.Біреу озып келеді қатарынан, Біреу мініп жатқанда аптығыста.Ойын-толқып, жатқандай асып, тасып,Біреу мығым, біреулер шалыс басып.Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.Ендігі кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген білімалушыларды өзін-өзі таныстыру үшін І бөлім «Өзім туралы».1. Бабахан Абылайхан Ержанұлы2. Құрал Нұрбол Ғабитұлы3. Елемесов Бауыржан Байбатшаұлы4. Таңатар Жансая Әлібиқызы5. Сералиева Жанар Орынбайқызы6. Искен Айсұлу Әділбекқызы 7. Болат Назираханум ҒалымқызыБақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған білімалушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпін. Ал, жас қырандар ІІ-бөлімізді бастаймыз.
Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.І І– бөлім. «БӘЙГЕ»Бұл бөлімнің шартын түсіндіріп өтейін «Информатика әлеміне саяхат» сөйлеміне информатикалық терминдермен сөз жұмбақ құрастырылған. Сұрақтың жауапбына шапшаң жауап берген білімалушы әрбір дұрыс жауабы үшін 10 ұпайға ие болады.1. Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы? (монитор).2. Дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы? (пернетақта).3. Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде қандай объект қабылданған? (Файл).4. Бұл термин латынның түсіндірілу, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. (информация).5. Соңғы кезге дейін ең кең таралған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы принтер (матрицалық).6. Ақпараттың құрамдас бөлігі – (мәлімет).7. Тышқаның ағылшынша аталуы – (маус).8. Текстің қазақша аталуы – (мәтін).9. Мәліметті басып шығару құрылғысы – (принтер).10. Мәліметтерді тасмалдау құралдарының бірі – (диск).1. Файлдың аты кез-келген шектелген нелерден тұрады. (Әріптер)2. Компьютердің ең негізгі құрылғысы – ( жүйелік блок)3. Көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық схема - (процессор).4. Алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы – (модем).5. Қандай мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер және цифрлы фотокамералар қолданылады. (графиктік)6. Графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы – (тышқан).7. Таңбашаны орысшасы. Ол объектіге нұсқағыш қызметін атқарады.(ярлык)8. Ақпаратты қағазға жазып өзге жерге жіберуді не деп атайды? (хат)9. Монитормен бірігіп дербес компьютерді ішкі бейнежүйесін не құрайды? (бейнекарта)10. Компьютерлік ойындарда қоданылатын қолмен басқарылатын тетік - (джойстик).ІІІ – бөлім. «ПОЛИГЛОТ».Келді кезек полиглотты шешуге,Жауаптарды аударуға үш тілде.Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,30 ұпай, шәкірт саған несібе.Бұл бөлімнің шарты бойынша ІІ бөлімнің қорытындысы бойынша ең төменгі ұпай санын алған білімалушыдан бастаймыз. Білімалушы слайдта көрсетілген ұяшықтардың кез-келгенін таңдап, слайдта көрсетілген құрылғыны үш тілде атап айту керек. Үш тілдегі жаубын дұрыс айтса 30 ұпай ал, бір дұрыс емес жауапқа 10 ұпай алынып отырады. Оның дұрыс емес жауабына басқа қарсыластары жауап беруіне болады, және де қалған ұпай саны сол білімалушыға есептеледі.1. Жүйелі блок; Системный блок; System unit.2. Монитор; Монитор; Screen.3. Құлақшын: Наушник; Headphones.4. Бума; Папка; Icon.5. Ұлғайтқыш; Лупа; Magnifying glass.6. Мәтіналғы; Сканер; Scanner.7. Тінтуір; Мышка; Mouse8.Пернетақта; Клавиатура; Keybord9. Қатқыл диск; Винчестер; Hald disk10.Басып шығарғыш; принтер; printer.ІV – бөлім. «ҚҰПИЯ АЛАҢ».Бұл бөлімнің шарты бойынша ІІІ бөлімнің қорытындысы бойынша ең төменгі ұпай санын алған білімалушыдан бастаймыз. Ойынның шарты білімалушы өзіне кез-келген ұяшықты таңдайды, ұяшық астында сұрақ пен ұпай саны немесе тек ұпай, келесіге жүріс, сұрақ пен сыйлық жазылған. Егер раққа дұрыс жауап берсе ары қарай ұяшықтарды таңдауды жалғастырады. Егер дұрыс жауап бере алмаса білетін білімалушы жауап беріп, ойынды сол жалғастырады.1) 0 мен 1 нені құрайды ? 5 ұпай : Битті құрайды2) Графикалық ақпаратқа нелер жатады ? 10 ұпай: Суреттік ақпараттар жатады.3) Принтердің түрлерін ата? 20 ұпай Матрицалық , лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік (плоттер) 4) Операциялық жүйе дегеніміз не ? сыйлық: Бұл қолданбалы программаларға бақылау жасап түрлі программалардағы мәліметтердің шатасып кетпеуін қадағалап отыруы қажет .5) Джойстик дегеніміз не ? 5ұпай: Джойстик – компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік.6) Біздің компьютерлер қандай операциялық жүйеде жұмыс істейді ? 10 ұпай : Microsoft Windows7) Келесіге жүріс8) Процессор дегеніміз не ? 20 ұпай: Процессор – көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық схема .9) Компьютердің қосымша құрылғыларын ата? 25 ұпай : Диск, дискет,флешка, принтер, калонкалар т.б.10) Қапшық папка дегеніміз не ? 20 ұпай : Аты аталған файлдар тобы11) Бауыржан деген сөзде неше байт бар ? 15 ұпай: 1байт12) Келесіге жүріс 13) Файл дегеніміз не ? (сыйлық): Белгілі бір атпен аталған дискідегі біртекті мәліметтер жиыны14) Компьютерлік дискілерді ата ? 15 ұпай: (CD-ROM, DVD-ROM, BD-ROM)15) Флешка дегеніміз не ? 5 ұпай: Ақпаратты тасымалдаушы құрал16) Қатқыл диск қайда орналасқан ? 10 ұпай: Жүйелі блокта17) +5 ұпай: 18) Компакт дискіні оқитын құрылғы? 15 ұпай: Жүйелі блок19) «Диск» сөзінде қанша бит бар ? 25 ұпай: 4 бит20) +5 ұпай: Осы бөлімнің соңында ұпайы төмен 2 (екі) білімалушы ойыннан шығарылады. Сонымен V – бөлімге 3 білімалушы шығады.V – бөлім. «Тапқырлық».Бұл бөлімнің шарты бойынша ІV бөлімнің қорытындысы бойынша ең жоғарғы ұпай санын алған білімалушыдан бастаймыз. Бұл ойының шарты бойынша ұяшық бетттерінде ұпай саны жазылған, оның астында жұмбақ жасырылған. Білімалушы дұрыс жауап берсе де, жауап бере алмаса да келесі ойыншы ойынды жалғастырады. Қағаз бетінен алады,Бірден компьютерге салады.(Мәтіналғы)Компьютермен енеді,Қағазға басып береді.(Басып шығарғыш)Төрт бұрышты әйнек,Тұнып тұрған әлек.(Монитор)Бес атаның балаларыҚыдырмашы біреуі.Бір күн бар да, бір күн жоқ.Соны есепке алсақ,Ұзын саны жүз жеті.(Пернетақта, тінтуір)Өзі темір, жаны жоқ.Ақпаратты сақтап таратқан,Жұртты өзіне қаратқан.(Жүйелік блок)Командалар жиынынан тұрады,Мақсатыңды орындайды.(Мәзір жолы)Осы бөлімнің соңында ұпайы төмен 1(екі) білімалушы ойыннан шығарылады. Сонымен VІ – бөлімге 2 білімалушы шығады.VI – Бөлім «БЕЙНЕ СҰРАҚ»
Кері қайтуІлмек сөздер: интеллектуалды, ойын, информатика