Дулат Бабатай?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы атты ?аза? ?дебиеті п?нінен саба?
Сыныбы: 10 «А»
Пәні: қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: А.С. Берлибекова
Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты: Дулаттың ХІХ ғасырдың орта тұсындағы ірі ақын болғандығы, өмір сүрген кезеңі, сол кездегі әлеуметтік жағдай, қазақ даласындағы өзгерістер, «Зар заман ақыны» туралы мәлімет беру.
Міндеттері:
Білімділік: Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығын біледі;
Дамытушылық мақсаты: оқушылар өз пікірлерін пайымды жеткізе біледі;
Тәрбиелік мақсаты: халқымыздың аяулы ұлдарына деген құрмет сезімдері оянады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру, шығармашылық тапсырмалар.
Пайдаланылатын көрнекіліктер: Дулат жайында жарияланған баспа материалдары, суреті, М.Әуезовтің «Абай жолы» романы, Қазақстан картасы.
Пәнаралық байланыс: тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІІІ. Тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстар:
Оқушылардан Д.Бабатайұлы жайында не білетіндерін сұрау.
8,9-сыныпта өткен «Ақжайлау мен Сандықтас», «Аягөз» өлеңдерін еске түсіру, сұрақтарға жауап алу.
Ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталу.
Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріyде туып, 1871 жылы дүние салған.
Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.
Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой-өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.
Дулат "Айтқызбасымды айтқыздың" өлеңінде:
Менің атым – Байғыз қарт,
Көзге түсер сиқым жоқ,
Орынсыз күлер күлкім жоқ,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.
Көзге қораш бойым бар,
Теңізден терен ойым бар,
Шынардан биік санам бар,
Атан өгіз ағызған
Ақылдан алпыс салам бар.
Қорған құрыш сөзім бар,
Бұлттан өтіп, мұнарды
Болжайтұғын көзім бар...
Қайратымнан атым зор
Белгілі атым өлемге.
Қорашсынсаң денемді,
Кеудем – ақыл сарайы,
Кірем десең, кел, міне, – дейді.
Бұл – ақынның автопортреті. Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт – ақынның өзі.
Шынында да, ол өз заманының "байғыз қарты" атанған дана, "Көнелерден сұрасам, сөзін жинап, құрасам", – деп өзі айтқандай, ел тарихы, өмір сырынан жинаған білім, білігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да қатты шықкан.
Дулат өмір сүрген кезеңдегі қазақтың-экономикалық жағдайы, қазақ даласындағы өзгерістер, оған Дулаттың көзқарасы.
Ақынның алғашқы жинағы «Өсиетнама».
Дулат – өз дәуіріндегі елдің мұң-мүддесін толық жырлап, шындықты бетке ашып бере алған ақын.
Дулаттың ерекше бір қасиеті – адам танығыштығы. («Абай жолы» эпопеядан үзінді келтіру.)
Дулат өлеңдері – ХІХ ғ. қазақ әдеби тілінің мөлдір бұлағы. (Дулат өлеңдерін оқу, идеясын ашу.)
«Сөзім бар да көзім жоқ»
Жеке адамдарға арналған толғаулары: «Бараққа», «Кеңесбайға», «Сүлейменге», «Ел аралаған Ишанға».
Тарихи оқиғаларға байланысты туған толғаулары: «Ашпасаң, елім, көзіңді», «Бесінші сөз», «Ата қоныс Арқадан».
Мысал өлеңдері: «Сары шымшық», «Қара қарға».
ІҮ. Бекіту. Тест сұрақтарына жауап алу.
Ү. Қорытынды. Зертеуші ғалымдардың (М.Әуезов, М.Мырзахметов, Қ.Өмірәлиев, Х.Сүйіншәлиев) ой-толғамдарын оқып беру.
ҮІ. Үйге тапсырма. Дулат өмірінен деректер іздеу, өлеңдерін жаттау, талдау.
ҮІІ. Бағалау.