?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? технологиялы? карталары
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.
«Балдырған» I-сәбилер тобы 15.12.2015
Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А 18.12.2015
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка
Тақырыбы: «Кел балақан»
Мақсаты:ырғақты сезінуге, «жай және тез», «ақырын және қатты» ұғымдарын түсіндіру.
Көрнекі құралдар: бала санына сай сылдырмақтар.
Сөздік жұмыс: жай-жай, шарт-шарт, топ-топ, тақ-тақ.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Үн таспада көңілді әкен ойналып, музыка жетекшісі балалрды есік алдынан күтіп.
«кәне,кәне, тұрайық,
Шеңбер жасап құрайық!-
Деп, шеңбер бойымен тұруға дағдыландырады.
Әшекейленген қорпты сылдырмақтарды көрсетіп, балалрға ұсынады. Өз беттерімен еркін қимылдап, сылдырлатуға ерік береді, қадағалайды, мақтайды.
«Сылдырмақты сылдырлат,
Аяғыңды нықтап бас!»-
Деп, балалрды нық басып жүруге үйретеді.
Би қимылдарын көрсетіп, қайталауды ұсынады.
«Сылдырмақты би» (халық әні «жайдарман», өңдеген К.Қуатбаев)
«Сылдырмақты аламыз,
Қорапшаға саламыз»,-
Деп балаларды сылдырмақтарын жинауға, реттеп қоюға дағдыландырады. Балалар залға кіріп, тізбектеліп жүріп келіп, шеңбер жасап тұруға талпынады.
Сылдырмақтарды алып, зал ішіне еркін сылдырлата жүреді, көғңлденеді.
Әуен ырғағымен аяқтарын нық басып жүруге талпынады.
Балаларды сылдырмақты жоғары көтере қозғайды, ақырын тізеге, алақанға соғады, айналады.
Жүгіріп келіп сылдырмақтарын қорапқа салуға тырысады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік «Кел, балақан, кел енді,
Ән тыңдайық біз енді», -
Деп , ән тыңдауға шақырады.
«Кел балақан» әнін (сөзі А.Асылбеков, музыкасы К.Қуатбаев) орындап, педагог әнін мәтініне сай жай және қатты шапалақтап, аяқты жай басуды, топылдатуды көрсетіп, балаларға бірге қайталауды ұсынады.
Ән қайталанып, балаларға жай және қатты шапалақтап аяқты жай басуды, топылдатуды көрсетіп ырғақпен қосыла қимылдауға машықтандыра түседі.
Музыка жетекшісі:
«Босқа қарап тұрмайық,
Кел балақан,ойнайық!»-
деп шақырып,»үйшігіңді тап» ойнын ұйымдастырады. Ойын шартын көрсетіп, балаларға «Епті аяқтар» (А.Тоқсанов) әуеніне тез, жеңіл жүгіруді ұсынады.
Шығармашылықтарға бөлініп, топтасуларын қадағалайды. Балалар әнді зейін қойып тыңдайды, көңіл күйлері көтеріледі.
Ән мазмұнын түсініп, жай, қатты шапалақтауға аяқтарын ақырын топылдатуға тырысады.
Ырғақты тыңдай жүріп қимыл жасайды, жеке сөздерді қайталайды, үйренеді.
Ойынға белсенді қатысып, қызығушылықтары артады.
Жеңіл жүгіріп «үйшіктеріне» жетуге тырысады.
Шығармашылық ішіне үлгеріп кіріп, шаттанады.
Рефлекцалық-
түзетушілік -Балалар, бүгін жақсы билеп, ән айттыңдар. Біз қалай жүгірдік? Қалай қол шапалақтадық? Аяқтарымызды қалай топылдаттық? – деп сұрап, қимылдарды тағы көрсетулерін сұрайды. Өткізілген оқу іс-әрекетін пысықтайды.
Балаларды мақтап, мадақтайды. Балалар қуана жүгіріп, қол шапалақтап көрсетеді. Аяқтарын топылдатып, қайталап көрсетуге тырысады.
Балалар көңілді қоштасып, шығып кетеді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ырғақпен шапалақтау, тез және ақырын аяқты топылдата білуі керек.
Игереді: «жай-жай», «тез-тез», «шарт-шарт», «топ-топ» ұғымдарын түсініп, игереді.
Меңгереді: сылдырмақта еркін ойнайды, көппентбірге қимыл-қозғалыс жасайды,жүгіріп жете алады.