?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? технологиялы? карталары
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.
«Балапан» I-сәбилер тобы 20.01.2016
Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А 22.01.2016
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка
Тақырыбы: «Анам менің тамаша»
Мақсаты: музыка қабілетін дамыту, ырғақты қимылдарды есте сақтау, эстетикалық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Қарагөз-қуыршақ, қуыршақ-мама, бала санына сай қуыршақтар.
Сөздік жұмыс: ля-ля-ля, далама, қалама, балама.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Музыка жетекшісі балаларды қарсы алады, амандасады.
«шеңбермен жүреміз» жаттығуымен жүру, қимылдарды қайталатады.
«Үстел үсті» театры үстінен Қарагөз қуыршақ шығады.
-Сәлем достар! Сендер менің мамамды көрмедіңдерма? Мен мамамнан адасып қалдым, енді не істеймін? Көмектесіңдерші. Балалар амандасады, жаттығуды еркін жүріп қайталайды.
Балалар көрмегендерін айтады.
-Көмектесеміз, іздеп көрейік.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік -Қарагөз, сен біздің қасымызға кел.
Мен сендерге «Мамамның мерекесі» әнін орындап берейін.
Үстел үсті театрынан Қуыршақ мама шығады.
-Балалар, сендердің мама туралы әнді айтқандарыңды естіп келдім. Енді бәріміз ән айтайық.
Педагог: біз «Наурыз келді» әнін сізге айтып береміз.
Қуыршақ мама:
-Сендер керемет тәртіпті екенсіңдер, аналарыңнан Қарагөзге ұқсап қашпаңдар.
Қарагөз сендерге көп қуыршақ әкеліпті, бәріміз қосылып «Қуыршағым-ай» әнін үнтаспадан тыңдап, билеп көрейік.
1-бөлім «Қуыршағым-ай» Балалар анасымен Қаргөздің кездескеніне қуанады.
«Наурыз келді» әнін есіне түсіреді, айтуға талпынады.
Балалар тәртіпті болуға, шуламауға тырысады. Қарагөздің қуыршақтарын бәрі алып, қуанады.
Балалар қуыршақтарды қимылдатып, билеуге үйретеді.
Рефлекцалық-
түзетушілік -Кім келді? Не істедіңдер? Не ұнады?
Қарагөз:
-Рақмет, достар, тағы менімен ойнайсыңдар ма?
«Өз қуыршағыңа жет» ойыны.
Қарагөз:
-Достар! Сау болыңдар! Келесі жолы тағыда келемін.
Музыка жетекшісі:
-Сендер әнді айтып, жақсы биледіңдер, егерде жақсы қатыссаңдар, Қарагөз тағыда келеді. -Қарагөз келеді.
-Ойнаймыз.
Балалар ойнауға қызыға кіріседі, ойнайды.
Балалар қол бұлғап қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: әнді еске сақтауды, әнді айтуды, музыкалық шығарманы тыңдауды.
Игереді: қуыршақты ұстауды, өз орнын таңдауды. Музыканы тыңдап, қимыл жасауды.
Меңгереді: музыка арқылы қимылдауды, қолдарын, аяқтарын қозғауды, айналуды, дағдылануды.