Ізденістік ж?мыс Балаба?ша балаларына арнал?ан маторика
Б\б ұсақ маторика
Балабақшадағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту,сөздік қорларын молайту,ауызша сөйлеуге үйрете отырып , үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Халық даналығында «Ойнай білмеген,ойлай да білмейді», «Ойында озған,өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек , мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы,мінез-құлық көріністері олар өсіп-есейгенде де жалғаса береді.
Ойындардың негізгі мақсаты балаларың ықылас зейінін,сөздік қорын,байқампаздығын,есте сақтау,қабылдауын дамытуға,икемділікті арттыруға,өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей,өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау,қалыптастыру.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан,әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық-саусақ ойыны.Саусақ ойынын ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды , жан-жануаларды, құрастырды,ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары,соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейді дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан,бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс.Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек.Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен,тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады.Сонымне қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып ,өзі ағыту,бауын байлау,т.б.Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға,үйренудің маңыздыс болып саналады.
Сәбилерге арналған ойын-жаттығулар.
Көңілді қуыршақтар
Қазіргі кезде жасалған көңілді қуыршақтар жай ойыншық емес,жәдігер зат болып пайдаланып болды.Ал ойыншықтың бұл түрі бала саусағы басқаруы сен ойлауын шыңдайтын таптырмас ойыншық.
Алдымен екі жартыны құрастыру арқылы бір қуыршақты пайдаланыңыз.Содан соң ойынды күрделендіре түсіңіз:екі қуыршақ,үш қуыршақ.Балаға аздап қиындық келтірсе асықпаңыз.Баланың жетістікке өзі жетуіне мүмкіндік беріңіз.
ПирамидаларДүкеннен пирамида ойыншығын сатып аларда дөңгелектерінің әр-түрлі болғаның қадағалаңыз.Дөңгелек диаметрі бірінен соң бірі үлкейе түсуі керек.Мұндай ойыншық балаға саусақ қимылын ғана емес, логикалық ойлауына да жол ашады. Балаға пирамиданы жинауды ұсынасыз.Алдымен бірге жинап,содан соң өз бетімен жинауға кіріседі.
Жиек бойымен жүргізіп шық.
Бұл ойынға мақпал жабыстырылған үй,машина,гүл кесе сияты суретті карточкалар пайдаланылады.Ересек адам бала саусағын мақпалға тигізе отырып суретте не бейнеленгенің сұрайды.Осы сурет бойымен моншақтарды немесе бұршақтарды жүргізіп шығу арқылы ойын жалғасады.
Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор.Соның ішінде екі қолға бес-бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланатынымыз белгілі. Сонымен қатар ертеден бізге жеткен «Қуырмаш»ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге ,оның тілін ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.
Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын бұл ойын балаға саусақтардың атын, адамға нәр берер түрлі астың атауын да үйретеді.Сондай-ақ төрт түлік малды таныстырып,оны бағып еңбектенгенде ғана тамақтануға болатынын ескертіп, еңбекпен тапқан тамақ тәтті болатын уағыздайды.
Саусақ ойындарының нәтижесінде:
- Баланың сөйлеу тілі жетіледі;
- Қимыл қозғалысы артады;
- Икемділігі артады;
- Логикалық ойлауы дамиды;
- Танымдық деңгейі артады;