Балаба?ша балаларына арнал?ан т?рбие са?аты Алтын к?з
Алтын күз
Мақсаты: Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту. «Алтын күз» мерекесінде көңіл-күй сыйлау. Ертеңгілікті естерінде қалатындай тартымды өткізу.
Армысың құрметті қауым, бүгінгі біздің шағын орталықта өткелі отырған «Алтын күз» ертеңгілігімізге хош келдіңіздер.
Төңірек толы сары алтын
Күз келді туған жеріме
Шуағы нұрлы жайнаған
Алтын күз әсем айналам
Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған ертеңгілігімізді бастайық.
Жүргізуші: Балалар, күз әртүрлі болады екен! Бүгінгі күніміз бұлтты, суық, жаңбырлы. Күз айы салқын болады екен.
Балалар маған бәр сәт көңіл бөліңіздер.
Көбейді құт-береке
Астық толы қойнымыз.
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
Балалар есікті біреу тоқылдатып тұр. Кім екен көрейікші?
Алтын тапсақ егерде
Айтар едім ертегі
Құлақ салып тыңдасақ
Шешерсіңдер тезірек
Шал кемпірге айтыпты
Пісірші маған (бауырсақ)
Бауырсақ ертегісін тамашалайық.
Кемпір мен шал залға кіреді.
Шал: Ұн мен майың бар екен
Илесеңші қамыр сен
Бауырсақты пісіріп
Тойдырсаңшы бәрін тез.
Кемпір: Ұн мен майың аз болар
Оған тұз бен қант керек
Бар ынтамен көңілді
Салайын мен барынша
Үлпілдеген ақ нанды
Пісірем бәріне. (ыдыс әкеліп қамыр илеп, бетін сүлгімен жауып қояды)
Май салынған қамырды
Илеймін деп шаршадым. (орындықта отырып екеуі ұйықтайды)
Ыдыс ішінен қатты дауыс шығады. – Ой, ой, ой.
Шал шошып: Бұл қайсың менімен ойнап тұрған.
Қамыр: (ыдыс ішінен) – Ой, мен қысылып барам, маған ыстық, тұрады сүлгіні ысырады.
Бауырсақ: Қашып кетем ыдыстан
Болғым келмейт бауырсақ
Отырмаймын орнымда
Ыдысыңда тар екен.
Тар, тар. Қашамын.
Шал кемпірді оятып.
-Кемпір, қамыр қашты!
Ой, қалай ұйықтап қалғанмын.
Есіктен жүгіріп шығып кетеді. (артынша кіреді)
Ұсталдың ба, қап бәлем
Отырасың пеште сен
Піскеніңше шықпайсың
Қызарған соң алармын.
Кемпір: Бауырсақ пісті.
Шал: Бауырсағымыз жай бауырсақ емес, алмасы бар бауырсақ.
Жүргізуші: Ата-әже сізерге балалардың атынан көп көп рахмет.
Бауырсақ тентек болғанымен өзі тәтті екен.
Балалар бауырсақ піскен кеде түсі қандай
Бауырсағымызды ұннан жасайды екенбіз.
Ол ұнды бидайдан аламыз. Бидайымыз күзде піседі екен. «Алтын күз» деп сол үшін айтады екенбіз.
Би: «Қол шатыр»
Жүргізуші: Өрік, алма, шие, алша
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.
Астық пісіп Ортақ түсіп
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады.
Балалар енді қонаққа күз ханшайымы келе жатыр.
Күз: Сәлеметсіздер ма балалар
Ыдысқа толы қоймалар
Сабан тойы тойланды
Берекелі күз болам
Байлыққа мұрты майланар
Сендер мені шақырдыңдар ма?
Дидактикалық ойын: «Жапырақ жинау»
ДинаБерекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
КәусарКүздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр түседі.
ЕрназарАлма пісіп, алма түсіп
Күзгі бақтар жинайды
Құстар қайтып
Қимас үнмен сайрайды
Енді күзгі жемістер көкейкестерге байланысты тақпақтарды тыңдаңыздар
ХадисМен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
ЕстайМен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып түзілдім
АқеркеМен алмамын, алмамын
Таңдай қағар бар дәмім
АйзереНан анасы бидаймын
Нанды елге сыйлаймын
ІңкәрӨсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды
Қоянға да азықпын
Сәбіздерміз жазықсыз.
АйханБидай, арпа, тары бар
Сұлы, күріш бәрі бар
Әне жырлап барады
Бәрің құлақ салыңдар
СағатМен күрішпін, күрішпін
Күзгі жұртқа ырыспын
ГаухарАқ қарамын сарымын
Мен атақты тарымын
АянаМен өсемін орманда
Теңбіл түсті әр түрлі
Мен саңырауқұлақ боламын
Таңшолпан Қош бол өскен жеріміз
Айдын шалқар көліміз
Қаһарлы қыс өткенде
Қайтып келіп көктемде
Күнде думан құрамыз
Күн шуағын төккенде
СезімМен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін
Ғажайып сәт: Бұлттың кіруі
Мен бұлтпын, бұлтпын
Аспаннан домалап
Көк моншақ төгілді
Ал кәне бәріміз
Қол шатыр астында
Жиналдық жүгіріп
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар
Қоштасатын сәт келді
Қайың терек басынан
Сарғыш тартып жапырақ
Жерге түсіп шашылған
Жапырақтар қобырап
Аулаларға тарайды
дей отырып бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Қош сау болыңыздар!