Саба? жоспары вариативті компонент ертегілер елінде ?йшік ертегісі


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім саласы: «Вариативтік компонент»
Бөлімі: Ертегілер еліндеТақырыбы: «Үйшік» орыс халық ертегісі.
Мақсаты: Әдеби-шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне өзінің қатынасы жөнінде
әңгімелей отырып,оны адамгершілік қағидалар мен түсіністер тұрғысынан
бағалауға ниеттендіру. Шығармалар кейіпкерлеріне жанашырлықпен,
аяушылықпен қарауға тәрбиелеу. Рөлге бөліп ойнату.
Билингвальдық компонент: «үйшік»-«домик»
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеп- талаптануОйын: «Қай ертегіде кездеседі?»
Балаларға қоянның, бақаның суретін көрсетіп бұл аң қай ертегіде кездеседі деп сұрау. Ойын осылай жалғасады. Балалар ойынға қызыға қатысады.
Үйшікертегісінде кездесетінін айтады.
Ұйымдастырушылық
ізденісЖұмбақ жасыру:
Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды ол кісіні.
Ол не?
Қасқыр жайында не айта аласыңдар?
Балалар бүгін біз орыстың халық ертегісі «Үйшік» ертегісімен танысамыз.
Тәрбиеші ертегіні қызықтыра айтады.
«Үйшік» ертегісін түсініктері бойынша сахналату.
Слайд арқылы сұрақ-жауап алу. Қасқыр.
Өз ойларын айтады.
Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.
Түсінгендерін білдіріп отырады.
Балалар сахналауға қызығушылықтарын танытып,ат салысады. Ойланып дұрыс жауап беруге тырысады.
Рефлекстік түзету Бүгін өткен ертегіміз қалай аталады?
Ертегі не туралы? Жағымсыз кейіпкерді кім атап береді? Жағымды кейіпкерге не жатады? Неліктен олай ойладың?
Өз ойларын айтады. Сұрақтарға толық жауап береді.Жағымсыз, үйді құлатқан аю, деп жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Жағымды кейіпкерлерді атай білуЕртегі туралы түсінігіболу
Суреттер қолдану.
Сахналау қолдарынан келеді.
Үйшік
Алаңда бір үйшік тұр еді.Жертесер тышқан жүгіріп келді.
Неткен үйшік!Кімдікі бұл үйшік?
Ешкім жауап қатпады.Тышқан үйшікке кіріп,сонда тұра бастайды.Секіріп бақылдауық бақа келеді:
215836588265 -Неткен үйшік!Үйшікте кім тұрады?
- Мен,жертесер тышқанмын.Ал сен кімсің?
-Мен- бақылдауық бақамын.
- Кел,бірге тұрайық.
Екеуі бірге тұра бастады.
Секектеп секек қоян келеді:
-Неткен үйшік!Үйшікте кім тұтады?
-Біз- жертесер тышқан,бақылдауық бақа,ал сен кімсің?
- Мен- секек қоянмын.
- Кел,бірге тұрайық.
Олар үшеу болады.
Жүгіріп жылмаң түлкі келеді:
- Неткен үйшік!Үйшікте кім тұрады?
- Біз – тышқан,бақа және қоян,ал сен кімсің?
- Мен – жылмаң түлкімін
- Кел,бірге тұрайық.
Олар төртеу болады.
Үйшікке аю келіп,есік қақты:
- Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?Мен – қорбаңбай аюмын.Менде сендермен бірге тұрғым келеді! – Аю үйшікке кірем дегенде,үйшік қирап қалады.