Алма ертегісі «К?ркем ?дебиет.» технологиялы? картасы.
Барақ батыр мектебінің шағын орталығының оқу жұмыстарын ұйымдастырған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аймағы: «Қатынас»
Бөлімдері: «Көркем әдебиет.»
Тақырыбы: «Алма» ертегісі
Мақсаты: : балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін тереңдету , сөздік қорларын байыту.Өз қалауымен , тәжирібиесіне сүйене отырып,ертегіні саханалай білуге үйрету. Балалардың әдеби шығармаға деген қызығушылығын дамыту. Балаларды ауызбіршіліке , татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары:суреттер,теледидар,бақ пен бақша көрінісі, слайд.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын, сергітулер, өлең-тақпақ, саханалау.
Тәсілдер кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші:Қане ,балалар,бізге келген қонақтармен сәлемдесейік.
«Сәлемдесу-әдептіліктің белгісі». Балалар қонақтармен амандасады.
-Балалар ,тілек шеңберіне тұра қалыңдар.Қазір күз мезгілі болғандықтан,күзге деген жақсы тілегімізді білдірейікші.
Әр бала өзіне тиісті көкөністермен жемістерді қолдарына алып,күзге деген жылы лебіздерің білдіреді:
Қайырымды күз, тілүйірер жемістерің мен көкөністерің үшін саған рахмет!
Тәрбиеші:Бүгін, біз көкөністер мен жемістер туралы әңгімелесеміз.
Кәзір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар? Олар қалай аталады?
Тәрбиеші балаларға күз туралы,слайд көрсету арқылы әңгімелейді.
Күз мезгілінде дастарханымыз жеміс пен көкөністерге толып кетеді. Олар дәрумендерге өте бай. Сондықтан, күнделікті дәрумендерді жеп тұруымыз керек.Жемістер мен көкөністерді көп жеген баланың дені сау, ақылды болып өседі. Оларды жегенде жуып ,тазалап жеуіміз керек.
Дәрумендер дастарханымызға келіп жеткенше оған үлкен еңбек етіледі.Мысалы мына жеміс ағашын,көктемде отырғызамыз.Оны жаз бойы баптап ,су құйып ,күтеміз.Бірнеше жылдан кейін жеміс ағашы күзде өз жемісін адамдарға береді.
-Балалар,мынау –картоп.Оны көктемде жерге отырғызамыз.Біршеше күннен кейін,жер бетіне сабағы шығады.Жаз бойы еңбек еткеннің нәтежесінде ,күзде бір түйір картоп ,бірнеше түйірге айналып,пісіп жетіледі.Жетілген картопты пайдаланамыз.
Сергіту сәті:
Шөліркемей гүл тұрсын,
Жерім жайнап құлпырсын.
Нұрын сыйлап біздерге,
Көкте мәнгі күн тұрсын.
Ортақ бізге туыстық,
Нұр сыйлаған күн ыстық.
Ыстық бізге кең өлке,
Ыстық бізге тыныштық.
Есік қағылып, Күз ханшайымы қонаққа келеді. Сәлеметсіздерме!
Қайырымды күз,қып-қызыл алмаң үшін саған рахмет!
Қайырымды күз,жап-жасыл алмұртың үшін саған рахмет!
Қайырымды күз,сап-сары асқабағың үшін саған рахмет!
Қайырымды күз,мен ұнататын апельсин үшін саған рахмет!
Қайырымды күз ,тіл үйіретін қауының үшін саған рахмет!
Қайырымды күз, қышқыл лимоның үшін саған рахмет!
Қайырымды күз,қып-қызыл қызанағың үшін саған рахмет!
Қайырымды күз, жап-жасыл қиярың үшін саған рахмет!
Қайырымды күз, мөп-мөлдір жүзімің үшін саған рахмет!
Қазір күз мезгілі.
-Күз мезгілінде үш ай бар.Қырқүйек,қазан,қараша.
Тақпақтар айтылады.
Мен алмамын ,алмамын.
Балдай тәті бар дәмім.
Мен алмұртпын,алмұртпын.
Аузындамын бар жұтттың.
Мен қияармын,қиярмын.
Дәруменді жиярмын.
Мен-қызанақ,қызанақ.
Дәмімді кім бұзалмақ?
Мен, жүзіммін,жүзіммін,
Жүзден бір боп түзілдім.
Мен сәбізбін, сәбізбін.
Берекесі бар күздің.
Іздену-ұйымдастырушы Күз ханшайымы: Балалар, мен бүгін сендерге қонаққа келдім. Сендерге әкелген өзімнің сыйлығым бар. Егер сендер жеміс немесе көкөніс туралы жаңылтпаш айтып берсеңдер, мен сендерге мына ертегіні сыйға тартамын. Жаңылтпаш:
Күз ханшайымы балалармен қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші «Алма» ертегісін мультимедиа арқылы ертегісін көрсете отырып, әңгімелеп береді және балалармен біргелікте саханалайды. Берік,Серік
Өрік теріп жеп еді.
Жеген өрік көк еді.
Асан бақша жақтан
Ақ сабақ асқабақ әкелді.
Басқа жақтан
Басқарақ әкелді.
Рефлексивті – коррекциялаушы
Ойын: «Өз орныңды тап». Шарты: музыкалық әуенмен бастарына көкөністер мен жемістердің суреті бейнеленген бас киімдер киген балалар әр түрлі қозғалыстар жасап,ойнап жүреді. Әуен тоқтаған кезде, көкөністер бақшаға.ал жемістер баққа барып орналасуы керек.
«Күз жомарт» әні орындалады. Қорытынды.Тәрбиеші сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:Көркем әдебиет сабағының жұмысының нәтижесінде, балалар еркін сөйлеп , мезгілді және айларды, жемістер мен көкөністерді ажырата біледі, қойлымды сахналай білуге дағдыландыру.
Білуге тиіс: Досымен бөлісіп, оларды жегенде жуып ,тазалап жеуіміз керек. Дәрумендердің адам ағзасына пайдасы көп екенін білуге тиіс.