?йшік орыс халы? ертегісі


Жаркомбаева З.М
МКҚК № 44 «Үркер» балабақшасының тәрбиешісі
Астана қаласы
Үйшік орыс халық ертегісіКүні: 23.02.17ж
Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі: Драма
Мақсаты:   Балаларды «Үйшік»  ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Сахналау барысында жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез- құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:  үйшік үйі, аңдар.
Рөлде ойнайтындар:Жүргізуші- Зейнегул Молдабайқызы
Тышқан – Сағынбай Сагынғали Бақа– Бақыткерей Ерсаыл
Қоян- Алимбек АсылбекТүлкі – Исханова ДиляраҚасқыр– Кенжегелді ТаңірбергенАю – Кенжебеков Султан
Жүргізуші:   Ерте, ерте, ертеде орманда кіп- кішкентай ескі үйшік тұрған.Бірде оны қасынан өтіп бара жатқан тышқан көреді.
Тышқан тоқтап: Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар- деп сұрайды.  
Жүргізуші:  -   Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп,  осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
Бақа:   -  Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?Бақа:  -  Мен бақылдауық бақамын.             -Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші:  - Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып , бірге тұрады.   Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді.Қоян: - Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?Жүргізуші: -деп сұрайды.Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!Бақа:  -  Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?Қоян:  - Мен қорқақ қоянмын!Екеуі: - Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші:  -  Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге  өмір сүріпті. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп , терезені  қағады.Түлкі:  - Сүп-сүйкімді , кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар ?Жүргізуші: - деп сұрайды.Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!Бақа: -  Мен бақылдауық бақамын!Қоян: - Мен қорқақ қоянмын!  Ал сен кімсің?Түлкі:  - Мен қу  түлкімін.Үшеуі:  -  Кел, бірге  тұрайық.Жүргізуші: -  Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады.
Қасқыр-Үйшікке тілі салақтап , айналасына алақ- жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып , қырылдаған даусымен:  Бұл үйшікте кім бар?Тышқан:  -Мен тықырлауық тышқанмын!Бақа: - Мен бақылдауық бақамын!
Қоян:  - Мен қорқақ қоянмын!Түлкі: -  Мен қу түлкімін!Ал  сен кімсің?
Қасқыр:  -Мен сұр қасқырмын!Бәрі:  -  Кел , бірге тұрайық.Жүргізуші:  -Қасқыр қысыла- қымтырыла ішке кіреді.  Әйтседе кіп – кішкентай үйшікке бесеуіде  сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату –тәтті өмір сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген  аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол  үйшікке жақын келіп , бар даусымен: Сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?!Жүргізуші:  - деп ақырады.Тышқан:   -Мен тықырлауық  тышқанмын!Бақа :  - Мен бақылдауық бақамын!Қоян :  - Мен қорқақ қоянмын!Түлкі : - Мен қу түлкімін! Қасқыр : - Мен сұр қасқырмын!Ал сен кімсің?Аю:  - Мен қорбаңбай аюмын!   Бәрі:  - Кел, бірге тұрайық.Жүргізуші: - Аю ары- бер тырбаңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:-Ендеше, мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын.Жүргізуші: - дейді.Бәрі: - Жоқ қара қандай дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой.Жүргізуші:  - деп шырылдайды іштегілер.Аю:  - Қорықпаңдар түкте болмайды.Жүргізуші: -  деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.Үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол- ақ екен , ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр барлығы аман – есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта , барлығы бірігіп , бөренелерді тасып , тақтайларды сүргілеп , жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша , достар өздеріне әп – әдемі , жаңа үйшік тұрғызып алады.

Астана білім басқармасы
№ 44 «Үркер» балабақшасы МКҚК.
Келісілді:__________
Әдіскер: М Бағдал

Тақырыбы: «Үйшік» орыс халық ертегісі
ересектер «Гүлдер» топ
Тәрбиеші: Жаркомбаева З.М.
2017ж