«Шал?ан» орыс халы? ертегісі


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Тобы: «Айгөлек» Тәрбиеші: Естайлакова.Т.А
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімдері: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Шалқан» орыс халық ертегісі
Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.
Көрнекіліктер: Шалқан суреті
Билингвалдық компоненті: Ата-дед,әже-баба,немере-внучка,ит-собака,
мысық-кошка,тышкан-мышка
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Достарымыз аман болсын! Балалар шеңберге тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстап таңғы шеңбер құрады.
Ұйымдастыру-іздестіру “Шалқан” ертегісі.
Атай шалқан егіпті. Шалқаны үйдей, тіптен үйден де дәу болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ болып боп, шалқанды тартады. Олай тартқылайды, былай тартқылайды, тартып суыра алмайды.
Атай әжейді шақырады. Әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды: - . Олай тартқылайды, былай тартқылайды, тартып суыра алмайды. Әжей немере қызын шақырады. Немересі әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды: - . Олай тартқылайды, былай тартқылайды, тартып суыра алмайды. Немересі күшігін шақырады Күшік немере қыздың етегінен ұстайды, немересі әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды – олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып суырып алмайды. Күшік мысықты шақырады. Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың бұрымынан ұстайды, немере қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды – олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып суыра алмайды. Мысық тышқанды шақырады. Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың бұрымынан ұстайды, немере қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды – олай тартқылап, бұлай тартқылап, ақыры шалқанды суырып алыпты.
Балалар қуанып, қызығушылық
танытады.
-шалқан
- Ата
- Әже
- Немере
-Күшик
-Мысық
-Тышқан

Балалар бар ынтасымен ертегіні тыңдайды..
Рефлексивті - коррекциялаушыСергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Балалар бүгін сендермен қандай ертегі туралы өттік?Балалар сендерге сабақ ұнадыма?
Шеңберге тұрып, қимылмен көрсетеді.
-Шалқан
-иа, ұнады.Балаларды мадақтау.

Күтімді нәтиже:
Нені білу керек: Шалқан ертегісі туралы білуі
Қандай түсініктерді игерді: Шалқан ертегі жайлы түсініктерді игерді
Қолдану: Көрнекілік, тақпақ, сергіту сәтін, ойын.