?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті : ?атынас Б?лімі : К?ркем ?дебиет Та?ырыбы : «Бауырса?» ертегісі


Бекітемін-------------- Келісемін----------------------
КМҚК «Айналайын» ясли бақшасының КМҚК «Айналайын» ясли бақшасының
Меңгерушісі: Шакирова С.М әдіскері: Мушакулова С.Б
« 5 » ақпан 2016жыл
«Балбөбек» тобы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : Қатынас
Бөлімі : Көркем әдебиет
Тақырыбы : «Бауырсақ» ертегісі
Дайындаған: Беккулова Бақыт Ережепқызы
Құлсары қаласы
2016жыл
Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Көркем әдебиет Тақырыбы: « Бауырсақ» (ертегі)
Мақсаты:Ертегіні тыңдауға қызығушылықтарын арттыру.
Сөздік қорын молайту,тілін дамыту.
Қажетті құрал: Бауырсақ ертегісінің суреттері,атрибуттар.
Әрекет кезеңде Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті.
Шаттық шеңберге тұрғызып,төмендегі өлең жолдарын айтып,қимылдар жасайды.
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгілік достармыз,
Біз әрқашан біргеміз.
Шеңберге тұрып,тақпақты қимылмен айтады.
Мотивациялық
қозғаушылық -Біз бүгін Көркем әдебиет сабағында ертеден келе жатқан «Бауырсақ»ертегісі.Бұл ертегіні бәрімізде білеміз.
Ертегіні есімізге түсірейікші.Ертеде шалмен кемпір болыпты,шалы кемпіріне бауырсақ пісіруін сұрайды.Кемпір бауырсақ пісіріп,суысын деп терезе алдына қояды.Жата-жата жалыққан бауырсақ,терезеден секіріп түсіп домалай жөнеледі.Жолда қоянға,қасқырға,аюға кездеседі,түлкі бауырсақты жеп қояды.Міне балалар,бауырсақ сәтсіздікке ұшырайды.
-Түлкі қандай?
-Бауырсақты жеп қойғаны аянышты ма?
Ал енді бүгін «Бауырсақ»ертегісінің жаңа нұсқасында бауырсақ сәтсіздікке ұшырамайды,керісінше жақсылыққа кенеледі.Олай болса, «Бауырсақ»ертегісінің жаңа нұсқасымен таныс болайық.Балаларымыз рольдерге бөліп ойнап көрейік.
«Бауырсақ»ертегісін тамашалаңыздар.
Тәрбиеші:
-Кемпір мен шал болыпты.Бірде шал жалынып.
Шал:
-Кемпір-ау,маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Кемпір:
-Неден пісірейін?Ұн жоқ қой!
Шал:
Әй,кемпір-ай!Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Тәрбиеші:
Кемпір солай істейді,қойма түбін қырнап-қырнап екі уыс ұн табады да,қаймақ қосып,қамыр илеп,бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түседі де,одан әрі жолмен зырлай жөнеледі.Бауырсақ жолда зымырап бара жатса,қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян:
Бауырсақ!бауырсақ!Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
Жоқ,сен мені жеме саған өлең айтып берем.
-Мен бауырсақ,бауырсақ,
Атамнан қаштым,
Әжемнен қаштым.
Ал сенен қашу,қоян,
Қиын емес маған.
Осылай әндетіп бауырсақ домалай жөнеледі.
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса,оның алдынан қасқыр шыға келіп
Қасқыр:
Бауырсақ!бауырсақ!Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
-Сен мені жеме,мен саған өлең айтып беремін.
-Мен бауырсақ,бауырсақ
Мен атамнан қаштым
Әжемнен де қаштым
Қасқыр,сенен де құтылам-деп домалай жөнеледі.
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Аю:
Әй,бауырсақ!Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
-Сен мені жеме,мен саған өлең айтып берейін.
-Менен бауырсақ,бауырсақ
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым.
Қояннан да қаштым,
Қасқырдан да қаштым
Аю сенен де қашам-деп
Тәрбиеші:
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.
Түлкі:
Амансыңба,бауырсақ!Көргендерге ұнайды,жүзің қызыл шырайлы!
Тәрбиеші:
Бауырсақ мақтағанға мәз болып,өлеңін айта бастайды.Түлкі болса қыбырын білдірмей,жақындай береді.
Түлкі:
-Оңай құтыла алмайсың,менің тапсырмаларымды орында,жұмбақтарымды шешіп көріңдер,сені жемеймін.
Жұмбақтар
1.Қыста ақ,
Жазда сұр. Қоян
2.Қорбаң-қорбаң етеді,
Орманда ол жүреді. Аю
1 тапсырма
-Бауырсақ неден жасалады?
-Ұннан жасалатын тағамдар
Бауырсақ,нан,торт,печенье
Жарайды бауырсақ мен сені жемеймін,сенің достарың көп екен.
Сау болыңдар!
Сергіту сәті.
Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-басым ақылды,
Бәрін осы атқарған.
Мынау-менің оң қолым,
Мынау-менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.
-Айлакер,қу.
-Әрине.
Рефлексиялық түзетушілік -Жарайсыңдар,балалар.
Кәне бүгінгі сабақты қортындылайық.
Бауырсақ кандай аңдарға кездеседі?
-Түлкі қандай? Балалардың жауабы
-Қоян
-Қасқыр
-Аю
-Айлакер,қу.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар жағымды,жағымсыз қасиеттерді айыра білді.
Түсінеді:Ертегі туралы түсінік беру.
Хабарлама!
2016-шы жылдың ақпан айының 5-ші жұлдызында «Балбөбек»тобының тәрбиешісі Беккулова Бақыттың «Қатынас»білім беру саласынан, «Көркем әдебиет»бөлімінен ашық сабақ өтеді.
Өтетін орны «Балбөбек»тобы
Уақыты 5.02.2016жыл
Сағат 10.00