Біз — таби?ат ?ор?аны (топ-серуен саба?) Біз — таби?ат ?ор?аны (топ-серуен саба?) «Біз — таби?ат ?ор?аны» (топ серуен) Ма?саты: Таби?ат бізді? алтын ?ямыз, ?орша?ан ортамыз, тіршілік к?зіміз екенін, оларды ?ор?ау, аялау, арда?тау бізді? міндетіміз еке


Коллеги - педагогический журнал Казахстана
Главная | Регистрация | Вход | RSSНаша библиотека
Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа
Ашық сабақ: ТопырақНурғалиева Жанерке Бақытбекқызы
«№11 ЖОББМ» КММ
Семей қаласы2016-09-21, 12:42 PM
Сабақтың тақырыбы: Топырақ Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға топырақ туралы түсінік беру. 2. Топырақтың табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. 3. Ұқыптылыққа, топта жұмыс істеуге және табиғатты қорғауға баулу. Жұмыс түрі: әңгімелесу, талдау-жинақтау, топта талқылау, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Қажетті құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, үлестірмелі парақшалар, видео сюжеттер. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Алдымыздан кездескен, Көп танысты көреміз. Бәріне де ізетпен, Біздер сәлем береміз. Бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіру. Өткен тақырыптарды пысықтау. Сұрақ-жауап. Біз қазір қандай тарауды өтіп жатырмыз? 1. Табиғат дегеніміз не? 2. Көкжиек және көкжиек сызығы дегеніміз не? 3. Көкжиектің неше тұсі бар? 4. Көкжиектің түсін анықтайтын құрал қалай аталады? 5. Сурет, сұлба дегенімізді қалай түсінесің? 6. Жергілікті жердің сұлбасын жасау үшін нені пайдаланамыз? 7. Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды не дейді? Өзіндік жұмыс. Сәйкестендіру. 1.Ауаның қасиеттерін ата. 2.Су деген не? Су-біздің ғаламшарымыздағы маңызы зор сұйық зат. 3.Суды неге ерекше зат дейміз? Жер бетіндегі көптеген заттар сұйық, қатты, не газ күйінде кездеседі. Ал су осы үш күйде де болады. Ол қатты, сұйық және газ күйінде кездесетін ерекше зат. 4.Жер бетінде судың қандай маңызы бар? Судың маңызы. Су туралы мақал-мәтел. Өзіндік жұмыс. Тест. Топқа бөлу. Ой қозғау. Логикалық тапсырма. Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті. Неге? Қандай жағдай болды. Сергіту сәті. Жаңа сабақ. Топырақ. Сен білесің бе? 1. Топырақ деген не деп ойлайсың? Оны қайдан көруге болады? 2. Оның табиғатта қандай маңызы бар? 3. Адамдар топырақты қалай пайдаланады? Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Мәтінді үш топқа бөліп іштей және әр топтан бір оқушыға дауыстатып оқыту. 1-топ. Топырақ-жердің өсімдік өсетін үстіңгі құнарлы қабаты. Топырақтың құрамында құм, саз, майда тастар, өсімдіктер мен ұсақ жануарлардың шіріген қалдықтары болады. Дәптермен жұмыс.20-бет 1-тапсырма. Топырақтың құрамында нелер бар? Құм,саз,майда тастар,шіріген қалдықтар,ауа,су. 2-топ. Құнарлылық-топырақтың ең басты қасиеті. Шіріндісі көп топырақта өсімдік жақсы өседі. Топырақта су және өсімдіктердің өсуіне қажетті қоректік заттар бар. 3-топ. Кейбір құрттар мен бунақденелілер топырақ арасында тіршілік етеді. Көптеген жануарлар топырақтан ін қазып өзіне баспана жасайды. Адамдар топырақты әртүрлі жолмен пайдаланады. Олар топырақта жеміс-жидектер өсіреді, құрылысқа пайдаланады. Видео Сабақты қорыту. Иә, жоқ кестесін толтыру. 1. Топырақ-жердің құнарлы борпылдақ қабаты. 2. Топырақтың ішінде ауа және су бар. 3. Шіріндісі көп топырақты өсімдік жақсы өседі. 4. Құнарлылық топырақтың басты қасиеті. 5. Топырақтың құрамында әртүрлі заттар бар. Рефолексия. Мен білдім.......... Маған ұнағаны............. Мен білгім келеді............... Бағалау. Үй тапсырмасы. Топырақ. 20-бет 2-тапсырма Бағалау парақшасы Жеке жұмыстар Топтық жұмыстар Қорытынды сұрақ-жауап сәйкестендіру тест Логикалық тапсырма Сен білесің бе? Жалпы ұпай саны. Бағалау парақшасы Жеке жұмыстар Топтық жұмыстар Қорытынды сұрақ-жауап сәйкестендіру тест Логикалық тапсырма Сен білесің бе? Жалпы ұпай саны. Бағалау парақшасы Жеке жұмыстар Топтық жұмыстар Қорытынды сұрақ-жауап сәйкестендіру тест Логикалық тапсырма Сен білесің бе? Жалпы ұпай саны. 1-тапсырма Сәйкестендір 2-тапсырма Тест 1. Ауаның негізгі қасиеті. а) көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз ә) ауыр б) көрінеді, дәмді 2. Қатты суықта су неге айналады. а) буға ә) мұзға б) өзгермейді 3. Суда тұрақты пішін. а) болады ә) ұқсайды б) болмайды 4. Судың қасиеттерін ата. а) ақ, мөлдір, иісі бар ә) сұйық, иіссіз, мөлдір б) көзге көрінбейді, ақ, мөлдір 5. Су табиғатта неше күйде кездеседі а) 2 ә) 3 б) 4 Логикалық тапсырма. Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті. Неге? Қандай жағдай болды? Түсіндір. Сен білесің бе? 1. Топырақ деген не деп ойлайсың? Оны қайдан көруге болады? 2. Оның табиғатта қандай маңызы бар? 3. Адамдар топырақты қалай пайдаланады?
12345Категория: Начальная школа | Добавил:bagi123 | Теги:  HYPERLINK "http://collegy.ucoz.ru/search/%D1%81%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80/" сабақтар,  HYPERLINK "http://collegy.ucoz.ru/search/%D0%90%D1%88%D1%8B%D2%9B/" Ашық
Просмотров: 97 | Загрузок: 61 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.[ Регистрация | Вход ]Коллеги - педагогический журнал Казахстана
Главная | Регистрация | Вход | RSSНаша библиотека
Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа
Ашық сабақ: Біз табиғат - қорғаны 2016-09-21, 12:42 PM
Нурғалиева Жанерке Бақытбекқызы
«№11 ЖОББМ» КММ
Семей қаласы "Біз - табиғат қорғаны" (топ-серуен сабақ) "Біз - табиғат қорғаны" (топ-серуен сабақ) «Біз - табиғат қорғаны» (топ серуен)
Мақсаты: Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Таза ауамен демалу.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Балалар, бүгін табиғатқа серуенге шығамыз.Серуенге шықпас бұрын мынадай сұрақтарға жауап беріңіз.
-Бір жылда неше мезгіл бар?
- Әр мезгілдегі табиғаттың көрінісін ата.
-Кімге қай мезгіл ұнайды? Несімен ұнайды?
-Қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтап,жақсы жерге қоныс тебейік.
-Балалар, ауылымыздың шағын бағына барамыз.
-Ауылымыз туралы не білесіңдер?(ауыл туралы әңгімелеу)
- Айналамызды қоршап,жайқалып өсіп тұрған ағаштар.Ауылымыздың бөгеті мен бұлағы бар.
-Балалар ,бөгетімізде балықтыр бар ма?
- Балық аулайтыңдарын бар ма?
- Оларда біздің байлығымыз.
- Ауылымыздың атап өтетін тағы қандай байлығы бар?
- Атап өтер байлығымыздың бірі егіншілік.Яғни біздің нанымыз.
- Ал ол егінді кімдер егеді?
- Ауылдас ағаларымыз.
- Балалар, ағаларымыздың еңбектері Қазақстан,Отан,туған жер ,ауыл үшін өте пайдалы.Олар бізге нан береді.
- Ал кім нан туралы өлең ,мақал біледі?
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
- «Ас атасы-нан», «Еңбектің атасы нан», «Алтын,күміс тас екен,арпа бидай ас екен»
- Туған жерімізде өсетін қандай өсімдіктерді білесіңдер?
- Алабота,жусан,түймедақ , ақселеу.
- Табиғаттың бір үзігі- өсімдіктердің де адам үшін атқарар шаруасы көп екен. Олар адамға дәрі-дәрмек, ем болып, өмірлерін қауіп-қатерден қорғауға өз үлестерін қосатының білеміз.
- Қандай жануарлар тіршілік етеді ? - Түлкі, қоян, қасқыр, дала тышқандары, т.б.
- Балалар , біз сол біздің жерімізде тіршілік ететін жан-жануарларға құстарға, өсімдіктерге қамқоршы болуымыз керек
Олай болса бәріміз әрбір тірі жанға қамқоршы боламыз.
ІІ. Таза ауамен демалып,түрлі ойындар ойнау. («Ақ селеу,көк селеу», «Мені құтқар», «Кім жылдам» т.б.)
ІІІ. Қорытынды. Қорыта келгенде адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой деймін. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім- кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: Сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір ағаштың өсуі үшін қаншама жыл керек екенін өздерің білесіңдер. Кейбір тентек балалар гүлдерді жұлады, құстардың ұясын бұзады, жазықсыз жәндіктерді өлтіреді. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстай білейік. Табиғатты алайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.
1 Автор: Нургалиева Жанерке Бақытбекқызы | Көру саны: 195 | |