?ыс?а мерзімді жоспар. Та?ырыбы:Гидраны? ішкі ??рылысы. Денесіні? ?ос?абаттылы?ы. Эктодерма ж?не энтодерма. Жасушаларыны? ?рт?рлілігі.
«Тексерілді»
Директордың оқу
ісі жөніндегі орынбасары
________ Қожахметов Қ.
Қысқа мерзімдік жоспар№9
2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Гидраның ішкі құрылысы. Денесінің қосқабаттылығы. Эктодерма және энтодерма. Жасушаларының әртүрлілігі.
Білімділік. Гидраның құрылысы, жасушаларының әр түрлілігі туралы түсіндіру, оқыту, материалды меңгерту.
Сабақтың нәтижесі: Оқушылар материалды меңгереді, өз бетінше қажетті материалды іздеуге, оның түсінуге жұмыс жасайды. Ішекқуыстылар типі туралы оқып, біледі, зерттейді. Гидраның макетін қарастыра отырып, құрылысына талдау жасайды.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «өрмекші торы», «Джигсо», «сандар сөйлейді» әдісі.
Сыныбы: 7 «З».
Уақыты Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау Қолданылатын ресурстар
1 мин. Кіріспе Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, бастайды. .
2 мин
Топтастыру Оқушыларды топқа бөледі Оқушылар 3 топқа бөлінеді Топтық ереже
Рөлдерді өзара бөлісу. Оқушыларды топтық ереженің шарттарын сақтауға еске түсіріп, қайталап шығады. Оқушылар топтық ережені еске түсіріп, қайталап шығады. Плакат
7 мин Үй жұмысын тексеру. «Өрмекшінің торы» әдісі Мұғалім оқушыларға «Өрмекшінің торы» әдісінің барысын түсіндіреді. Осы әдіс арқылы өткен тақырып бойынша білімін тексереді.
Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы. Тұщы су гидрасы. Сыртқы көрінісі және мінез-құлқы. Гидраның қоректенуі. Тыныс алуы. Тітіркенгіштігі. Оқушылар «Өрмекшінің торы » арқылы үйге берілген материал бойынша сұрақ қою арқылы үй жұмысын қайталайды. Мұғалім бақылап, жекелеген оқушылардың жауабын бағалайды. 15 мин
Негізгі бөлім
«ДЖигсо» әдісі Жаңа тақырыпты меңгеру үшін «Джигсо» әдісінің орындалу барысын оқушыларға түсіндіріп беріп, әдісімен орындауға нұсқау береді.
Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы. Тұщы су гидрасы. Сыртқы көрінісі және мінез-құлқы. Гидраның қоректенуі. Тыныс алуы. Тітіркенгіштігі.
Оқушылар «Джигсо» әдісі арқылы тақырыпты өз бетінше оқиды, өзара қарым-қатынасқа түсіп білім алады.
1 топ. Ішекқуыстылар типіне сипаттама беру.
2 топ. Гидраның қоректенуін түсіндіру.
3 топ. Тітіркенгіштігі туралы түсіндіру. Атпа жасушалары туралы айту. Мұғалім оқушылардың беленділігін бақылай отырып, формативті бағалайды. Оқулық
3 топқа 3 түрлі мәтін
5 мин «Сандар сөйлейді» әдісі арқылы оқушылардың сабақта алған материалды меңгергенін пысықтау. «Сандар сөйлейді» әдісінің орындалу барысын үсіндіреді. Мұғалімнің нұсқауымен тақырыптың кез келген жерінен оқушылар бірінен кейін бірі жалғасытырып, мазмұнын айтады. Оқушылардың мазмұнынан қарай мұғалім бағалайды. 3-мин
Бағалау
Модерация әдісі оқушыларды бағалайды. Оқушылар модерация арқылы бір бірін бағалайды Оқушылар бағаланады. 5мин Рефлексия Нені жақсы түсіндім?
Маған не қиын болды?
Келесі сабақта толығырақ түсінгім келеді. Шығу парағын толтырды Парақшалар
2 мин Үйге тапсырма Тақырыпты оқып, мазмұнын түсіну. материал жинақтау. Сурет салу. Пән мұғалімі Лесова С.