Энергия. Потенциалды? ж?не кинетикалы? энергия


Әуезов ауданы №119 мектеп-лицей


Тақырыбы: : §65. Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия.
Физика пәнінің мұғалімі:Алиева А.А
Сыныбы: 7Ә
Алматы -2015
Сабақ тақырыбы: §65. Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия.
1) Білімділік: Оқушыларға энергия, жұмыс пен энергия арасындағы
байланыс, энергия түрлері, бірліктері туралы түсінік беру және олардың адам өмірінде алатын орнын айқындап көрсету.
2) Дамытушылық: Сабақ барысында тұрмыс тіршіліктегі энергиялардың түрлерімен таныстыра отырып, оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3) Тәрбиелілік : Алған білімдерін өмірде қолануға үйретуге жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, видео арқылы ой жазу
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.
Басқа пәндермен байланысы: математика, әдебиет
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл күйін сұрай отырып, оқушылардың сабаққа деген ынталарын ояту мақсатында «молекула » ойынын жүргізу.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Істелген нақты жұмысты қандай формуламен есептейді? Формула қалай оқылады?
ХБ жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі қалай аталыд?
Қандай жағдайда жұмыс істеледі деп айтуға болады? Денеге күш әрекет етіп, бірақ ол орнынан қозғалмаса, онда механикалық жұмыс атқарыла ма?
Дене қозғалыста болып, оған күш әсер етпесе, онда механикалық жұмыс істеле ме?
Қуат ұғымы неліктен енгізілген?
Қуат дегеніміз не?
Қуатты қалай есептеуге болады?
Қуаттыі ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?
Есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқушылар өздерің білетіндей түрмыста органикалық отын энергиялары туралы мәселелер жиі көтеріледі. Жер қойнауындағы икалық отын қорларының те жылдам азаюы дамзатты қатты алаңдатып отыр. Өйткені жер бетіндегі іршіліктің көзі –энергия.

Сығылған серіппенің кері тебілу барысында денелер қозғалысқа келіп, жұмыс істеледі. Бұдан сығылған серіппенің жұмыс істеуге қабілетті екенін білеміз.

Қозғалыстағы денелердің істеген жұмысы сол денелердің массаларына тәуелді.

Дененің істеген жұмыс сол дененің жылдамдығына да тәуелді.
Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама энергия деп аталады.
Энергия бірлігі 1 Джоуль=ватт·секунд.
Тұрмыста энергияның өлшем бірлігі ретінде
1 киловатт·сағат=3600000 Вт·с=3600000 Дж
Электронды оқулықпен жұмыс.

Потенциалдық энергия деп әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.

Жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы сол дененің массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді.

Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия кинетикалық

энергия деп аталады.
Денелердің кинетикалық энергиясы сол денелердің массалары мен жылдамдықтарына тәуелді өзгереді.

Дененің механикалық энергиясының өзгерісі атқарылған жұмыстың шамасына тең:
Видео сабақ көру. Эдисон физикасы 7-сынып
IV. Пысықтау. Ертегілер елінде.« Бауырсақ» ертегісі
Оқушылар сендер қазір Бауырсақ ертегісін көресіңдер, содан кейін ол ертгегіден потенциалдық және кинетикалық энергияларды табасыңдар. Қандай жағдайда дененің энергиясы бар деп айтуға болады?

Энергия дегеніміз не?
Жұмыс пен энергияның бірліктері қандай?
Энергияның қандай түрлері бар?
Потенциалдық энергия мен кинетикалық энергия деп қандай энергияларды айтады және олардың қандай ерекшеліктері бар?
Сергіту сәті. Жұмбақтар
1- жұмбақ.
Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)
2- жұмбақ.
Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)
3- жұмбақ.
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. (Күш)
4- жұмбақ.
Бірдей көлемдегі масса кейде көп,
Аз болса да кейде дөп.
Делінеді бұл шама,
Аталуын тапшы тек. (Тығыздық)
5- жұмбақ.
Күш көбейсе артады,
Аукадан артқа тартады.
Жүзі жұқа үшкір зат,
Одан бірақ қорқады. (Қысым)
6- жұмбақ.
Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды сән.
Әр затта болады әр түрлі,
Өлшеуге болады дәл. (Масса)
V. Есептер шығару. 37-ж. №2, №3.
Деңгейлік есептер шығару-30289526225500
Жер бетінен 3,5м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық
-25019015557500энергиясын анықтаңыз.
9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6кг дененің кинетикалық энергия неге тең?
-25019022415500
Массасы 10кг дене 10 м биіктіктен биіктігі 3 м үйдің төбесіне құлап түсті. Ауырлық күшінің істеген жұмысы қандай?
-25019017462500
Массасы 60 кг денеге 1200Дж энергия шамасымен қандай биіктікке шығаруға
болады?
-42545012509500
20 м/с жылдамдықпен қозғалған дененің кинетикалық энергиясы 400Дж
болса,оның массасы:
850907493000
-33401047307500Биіктігі 10 м сарқырамадан 2 минутта 50м3 су құлап ағады су ағынының қуаты қандай?
Қуаты 600 Вт локомотив бірқалыпты қозғалып 200 м аралықты 20 c та өтеді?.Оның тарту күші қандай?
VІ. Қорытындылау.
Рефлексия:"Білім ағашы"тақырып бойынша түсінгендерін стикерге жазып ағашқа жабыстыру.
104394017462500
Жазғандарына талдау жүргізу
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: §53-54 оқу. 30-жаттығу 1,2-4 шығару