?.Кекілбаев прозасында?ы к?ркемдік пен философия ж?не оны орта мектепте о?ыту («А?ызды? а?ыры», «Шы?ырау» шы?армалары бойынша) диплом ж?мысы
Ә.Кекілбаев прозасындағы көркемдік пен философия және оны орта мектепте оқыту («Аңыздың ақыры», «Шыңырау» шығармалары бойынша)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.........................................................................................................8
І Ә. Кекілбаев шығармаларының сипаты.........................................12
ІІ «Аңыздың ақыры» романындағы философиялық оралымдар...25
ІІІ «Шыңырау» шығармасының философиялық даралығы..........44
ІҮ Ә. Кекілбаев шығармаларының орта мектепте оқытылуы .......51
Қорытынды................................................................................................58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................61
Адамның өзі қандай болса,
оның философиясы да сондай.
Иоганн Готлиб Фихте.
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адам баласы тарихи дамудың жаңа белесіне шыққан сайын жүріп өткен жолына үңілетіні, өзі қалыптастырған рухани-әлеуметтік құндылықтарын ой таразысына салып, қайта бір бажайлауға, баға беруге талпынатыны хақ. Бүгінгі күні адамзат қауымының жаңа ғасыр табалдырығына аяқ басуы әлемдік қатынастардағы нендей бір құбылыстар мен өзгерістер жайлы нақтылы тұжырымдар жасауға мұрындық болып отыр.
Соңғы жылдардың өзінде-ақ өткен-кеткенімізге, бүгініміз бен болашағымызға арналған қаншама роман, повестер жарық көрді. Сан жағынан да, сапа жағынан да тың сипаттар таңытып жатқан таланттар қаншама. Бұлар бір шығармадан бір шығармаға ауысқан сайын көркемдіктің көк жиегін кеңейтіп жанр шеңберін, тақырып аясын ұлғайтып, бұрын қаламға ілікпеген оқиғалар мен адам мінездерін бейнелеуде орасан батыл қадамдар жасады.
70-80-жылдар көлеміндегі қазақ прозасында қоғамдағы терең қайшылықтар, атап айтар болсақ, саяси, экзистенциалдық, рухани-психологиялық мәселелер біршама ашық түрде көрініс тапты. Осындай жоталы-жоталы проблемалар адам болмасына анағұрлым тереңірек, жан-жақтылық тұрғысынан келудің, қоғамдық құрылыста қалыптасқан қатынастарға сыншылдық позициядан үңілудің нәтижесінде туды. Дәл осы кезеңде әдебиетте жаңаша көркемдік ізденістер байқалды. Әдебиет ендігі жерде адамның тарихи процестің субъектісі ретіндегі маңызына, болмыстың басқа формаларына қатынасына әлемдік көркем дамудағы қалыптасқан дәстүрлерге сүйенді.
Қазақ әдебиетіне жиырмасыншы ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп, соңғы жылдарда тек қана өзіне тән өзгеше мазмұнын ашқан, тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы таланттың бірі – Әбіш Кекілбаев болды.
Бүгінгі таңда қазіргі қазақ әдебиетінің, соның ішінде прозаның тақырыптық, идеялық, шеберлік аумағы әдеби үрдіске сай кеңеюде. Әдебиетіміздің өсу тәжірибесінен байқалатын шындық – қаламгерлеріміздің әлеуметтік өмір тәжірибелерін неғұрлым толық зерттеуге ұмтылуы, өздерінің дарынына лайық жанр талдап, мәнер, стильді қатыстыруы, бұрыңғы жылдары әдебиетке дерт болып жабысқан схематизмнен, жасандылықтан арылуы оқиға, характер таңдау мүмкіншілігінің орасан өсуі. Міне, осы шығармашылық еркіндік әдебиетіміздің барлық жанрында көрініп отыр десек те, ол әсіресе проза жанрына тікелей байланысты.
Уақыт өтсе де, қоғам дәуіріндегі өзгерістер болып жатса да, ескірмейтін тақырыптар болады. Ол прозадағы адам, қоғам, табиғат ұғымдары. Сонау «Абай жолынан» бастау алған тарихи шығармалармен қоса, 1970-80 жылдар әдебиетіндегі прозамыздың, оның ішінде роман жанрының үлкен роль атқарып, салмақты жүк көтергені белгілі. 60-шы жылдардың екінші жартысында М.Әуезов дүниеден өткен соң, көш бастар дара тұлға табылмай, рухани дүниеміз бір мезет күңгірт тартып қалған шақта, өзінің тарихи миссиясын атқару үшін әдебиетке жаңа бір толқын келді. І.Есенберлинді алға салған бұл топтың ішінде М.Мағауин, Ә.Тарази, Ә.Сараев, Р.Тоқтаров, Қ.Ысқақов т.б өздерінің соны ізденістерімен, әдебиетке әкелген жаңалық, еңбектерімен ерекшеленді. Осы орайда «60-80-ші жылдардағы қазақ прозасы қоғамның даму туралы концепцияларындағы өзгерістер мен үйлеспеушіліктерді бейнелеп, адамның рухани дүниесі мен жалпы тәрбие шыңырауында жатқан тереңде қазыналы қатпарларды игеруге ден қойғаны мәлім» - деген А.Ісмақованың пайымдауы сөзімізді түйіндегендей [2]. Аталған кезеңдегі қазақ романдары адам мен адам болып жаратылғаннан бергі мәңгілік сұрақтарға жауап іздейді, сол арқылы да әдебиетіміздің таным мәселелерін ала келуімен ерекшеленеді. Қаламгерлер Адамды зерттей отырып, сол адамның бойындағы алуан түрлі сипаттарға үңіле білді. Соның нәтижесінде қоғамның бет-бейнесіне, қыр-сырына үңілуге күш салды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әбіштің қаламынан туған туындылары қазақ әдебиетінде елеулі орын алары сөзсіз. Біріншіден, кемеңгер ойшылдың туындылары тек әдеби, тілдік зерттеулерден ғана көрініс тапты да, философиялық талдауға жүйелі түрде ұшырамай отыр. Оның философияға құрылған шығармалары «Аңыздың ақыры», «Күй», «Міне, керемет!», «Шыңырау», «Ақырғы аялдама», «Бәйгеторы», «Керек адам» туындылары қоғам өмірінде орын алған түрлі келеңсіздіктерге сай өзіне ауыр салмақ артып тұр. Екіншіден, Әбіштің философиялық шығармаларын зерттеу арқылы қазақ әдебиеттану ғылымындағы философиялық шығармалардың жасалу жолдарын ашу көзделуде. Үшіншіден, Кекілбаев шығармаларында философиялық тереңдіктің шығыс әдебиетінен және еуропадағы классикалық шығармалардан үйренгендігін айту. Төртіншіден, Кекілбаевтың аңыздан философиялық ой тудыру шеберлігін көрсету.
Міне, Ә.Кекілбаев шығармаларындағы философия бұрын-соңды зерттелінбеген тың тақырып болғандықтан, мен дипломдық жұмысымды сол философияға құрылған шығармалардың қыр-сырын ашуға арнадым.
Философия деген не? Философия – даналыққа деген сүйіспеншілік. Даналық дегеніміз белгілі бір жағдай емес, ол – өмірдің мәніне бағытталған мақсат. Нақты анықтамасына келсек «Философия» оқулығында былайша берілген: «Философия – адам ақыл-ойының, санасының, рухының сөз арқылы болуы, өмір сүруі. Тілдің өзі философиялық мәнге толы әлемді бейнелеу құралы. Алайда, философия өз тілін жасайды, тек сол тіл арқылы әлемді игеріп, ұғынуға қабілетті. Сонымен қатар философия барлық бардың мәнін ашатын ақыл-парасат құралы. Ал адам – ақыл-парасатты жан. Оның әрбір іс-әрекеті белгілі бір мақсатта жасалады. Сол мақсатқа сай әрекет етіп қоймай, түпкі қажеттілікке сай дұрыс шешім қабылдап, дұрыс таңдау жасай білу керек. Ол үшін әлемді терең де дұрыс түсінуге мүмкіндік беретін дүниетанымның қажеттілігі шарт. Сондықтан ақыл парасатқа сүйенетін философия дүниетанымның теориялық негізі.
Философия мәңгілік мәселелердің өзегі, оның өзегі – адам мәселесі. Адам философия үшін – барлық заттардың өлшемі. Адамның рухани дүниесін ғылым арқылы білу мүмкін емес, ғылыммен қатар даналық, түсінік, сенім қажет. Осы түсіну, сезіну нәтижесінде адам тіршіліктегі тәжірибеге және дұрыс мәнге, жартылыстан тыс сенімге немесе ғылыми білімдерге сүйене алады. Олар дүниеге көзқарастың түріне тәуелді, философия болса сол көзқарастардың бірі болып табылады.[1. 9-б.]
Қазақ даласы ежелден-ақ өз философиясын, өнерін, әдет-ғұрпын, өз тұрмысына сай ұлттық дәстүрін толық қалыптастырып, әлемдік мәдениетке елеулі үлестерін қосты. Тарихшылардың дәлелдеуінше: «Сақтардың өз жазуы, мифологиясы және дүниежүзілік деңгейдегі үздік өнері болды, ол әдебиетте «Аң стильді өнер» деп аталды. Сюжеттері – жыртқыш аңдар мен шөппен қоректенетін жануарлар, солардың арасындағы күрес. Демек, көне түркілер табынған тәңірлік дінде жақсылық пен жамандық, шындық пен жалғандық, әділет пен зұлымдық арсындағы бітіспес күресі бейнеленген. Мұнда тіршіліктің шынайы болмысы философиялық тұрғыдан терең салыстырмалы астарлап берілген. Яғни, бұл өмір тынысын, болмысын табиғат заңдылығымен байланыстыра жасаған мәңгілік философия.
Диплом жұмысының мақсат-міндеттері: Зерттеу нысанына айналған Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен «Шыңырау» повесін талдау арқылы көркем шығармалардағы терең философиялық толғаулар мен жалпы қазақ прозасындағы идеялық-эстетикалық, көркемдік мәселелерді қарастыру жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Жоғарыда аталған мақсаттарға сай қойылатын міндеттер:
– Ә.Кекілбаев шығармаларының өзіне тән философиялық қырларын көрсету.
– «Аңыздың ақыры» романының философиялық, психологиялық тереңдік сырларын ашу.
– Романның «Қызыл алма» аталатын алғашқы бөліміндегі қызыл алма құпиясына бойлау, жұмбақ қырларына қанығу.
– «Мұнара» бөліміндегі жас шебер жігіттің жүрек сыры, санасы мен сезіміндегі алуан иірімдері, құпия махаббаты, ішкі монологіне бойлау.
– «Махаббат» атты бөліміндегі Кіші ханымның жан тебіренісі, трагедиялық тағдырын көрсету.
– «Шыңырау» повесіндегі адам өмірінің әлеуметтік болмысының алуан түрлі иірімдері, философиялық және психологиялық тереңдігіне үңілу.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Ә.Кекілбаев шығармаларының жан-жақты философиялық қырлары ашылып, олардың көркемдік ерекшеліктеріне талдаулар жасалынған.
- Жазушының «Аңыздың ақыры» романы мен «Шыңырау» повесіне философиялық қырларына талдаулар жүргізілген.
- Қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпта қалам сілтеген жазушының философиялық ой тереңдігіне мән берілген;
- Жазушының тарихи тақырыпты шығармаларының идеясына сай оқиғалар мен кейіпкерлер жасаудағы өзіндік әдіс-тәсілдері сараланған.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Жұмыста ұсынылған тұжырымдар мен талдаулар әдебиеттің біртуар қаламгері Ә.Кекілбаевтың өзіндік сөз саптау мәнері, оның философиялық ой-толғамдары келешек осы бағыттағы еңбектердің дүниеге келуіне өз септігін тигізері сөзсіз.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Қазіргі қазақ романы – әлем әдебиетінің қлассикалық үрдіс деңгейінде дамып келе жатқан жанр. Дәстүрлік және көркемдік негіздері – қазақтың фольклоры мен әдебиеті мұралары. Әлем әдебиеттері классикалық үлгілерімен әртүрлі сипаттағы ықпалдастықтар, байланыстар жағдайында жетілген, дамыған ұлттық сөз өнері туындыларын қазіргі әдебиеттану қисындарымен саралау, байыптау арқылы біз әлем өркениеті кеңістігіндегі өзіндік деңгейімізді анықтаймыз. Қазақ романының жалпы поэтикалық мәселелерін қарастыруда А.Байтұрсыновтың, С.Мұқановтың, М.Әуезовтің, Қ.Жұмалиевтің, З.Қабдоловтың, С.Қирабаевтың, Т.Кәкішевтің, Х.Әдібаевтің, Р.Бердібаевтың, Р.Нұрғалиевтің және т.б. аға буын ғалымдарымыздың тұжырымдары басшылыққа алынды.
Қазақ прозасындағы роман жанрындағы шығармаларды арнайы қарастырып жүрген және әдебиеттің тарихына, теориясына, сынына арнап іргелі зерттеулер жазған көрнекті қазіргі әдебиеттанушы ғалымдарымыздың (М.Атымов, Ш.Елеукенов, Т.Сыдықов, Т.Рахымжанов, Д.Ысқақұлы, М.Хамзин, Т.Есембеков, Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, Қ.Әбдезұлы, Б.Әбдіғазиұлы, Қ.Алпысбаев, З.Бисенғали, Қ.Ергөбек, Б.Ыбырайым, Р.Тұрысбек, А.Ісімақова, Г.Пірәлиева, т.б.) еңбектері жаңа бағыттағы зерттеулер үшін тың бастамашыл тұжырымдарымен маңызды. Зерттеушілеріміздің тұжырымдарын жалғастыра зерделеу – уақытымыздың өзекті мәселесі.
Диплом жұмысын жазу барысында қолданған әдіс-тәсілдер: Қазіргі әдебиеттану ғылымында қалыптасқан әдіс-тәсілдер, оның ішінде тарихи-салыстырмалық тұрғыда талдау мен жинақтау, жүйелеу сияқты түрлері басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының зерттеу нысаны: Тақырыпқа қатысты жарық көрген зерттеушілердің ғылыми еңбектері мен мақалалары ой-тұжырымдары және көркем әдеби шығармалар, оның ішінде Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен «Шыңырау» повесін талдау нысанына алынды. Диплом жұмысын жазу барысында Ф.Кузнецов, Г.Маркес, Р.Бердібаев, Ж.Жарылғапов, С.Әшімбаев т.б ғалымдар еңбектерін үнемі басшылыққа алдық.
Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.
І Ә. Кекілбаев шығармаларының сипаты
Нағыз жазушы заманның көзі мен құлағы ғана емес, сонымен бірге оның ары мен иманы да. Ол өзінің өмірден көзімен көргенін, құлағымен естігенін баз бір дәл-дүріштер секілді мықшыңдап ақ қағазға көшіре бермейді, ең әуелі сол көргендерінің ең мәнділерін, жүрегі мен рухын толғантқандарын өз ары мен иманының сүзгісінен өткізіп, таразысына салып безбендейді, миы мен жүрегінің «мың градустық домнасында» (С.Мұқанов) балқытады. Суреткер кейде характер арқылы тақырыпты табады, ал тақырып пен характер өз кезегінде идеяға жол бастайды. Кейде көркем идеядан тақырып пен әдеби характердің, типтің туындауы да мүмкін. Көркем шығарманың қалай өмірге келетінін соны жасаушы суреткерден артық кім білуі мүмкін. Ал, егер сол суреткерлердің өздеріне сөз берсеңіз, бұл хақында әркилы қисын айтып, сан-саққа жүгіртеді. Біреулерге болашақ көркем шығармасының нобайы түсіне енетін көрінеді, ал екінші біреулердің басына ол ойда жоқта, мысалы, автобус аялдамасында көлік тосып тұрғанда, немесе өзінің қадірлі таныстарымен бірге алансыз түстік ас ішіп отырғаңда caп ете калған болып шығады. Болашақ шығарманың осылай ойда-жоқта оның иесінің көкірегінде жарқ ете түсуі, бір қарағанда, сәті түскен кездейсоқтық болып көрінгенмен, әрине, бұл кездейсоқтық та, ойда жоқта пенденің басына қона кеткен тосын бақ та, бақыт та емес. Жоқтан бардың пайда болмайтыны секілді, көркем туындының тақырыбы мен идеясы, ондағы басты характерлер мен типтер суреткерге ешқашан өз аяғымен келмек емес. Себепсіз салдар жоқ, ендеше әлгі суреткердің санасына caп ете қалған характерлер мен идеялар, сол характер мен идея белгілеп берген тақырып оны бір кезде толғантып, толқытқан әлеуметтік ситуацияның, не өз басынан өткерген интимдік жайлардың арада сан күндер, жылдар өткенде жаңа мазмұнмен, мол өмірлік тәжірибемен байып барып, оқыс бас көтеріп, қайта жаңғыруынан басқа түк те емес.
Тақырып пен характердің көркем тип пен идеяның, бір сөзбен айтқанда, көркем шығарманың анасы — қоғамдық өмір, сол шығарманы жасаушы суреткердің сол қоғамдық өмірдің ыстығына күйіп, суығына тоңып жүріп жинаған адамдық тәжірибесі. Бұл хақында көркемсөздің майталман шебері, аса терең, әрі нәзік көркемдік талғам иесі А.П.Чехов былайша ағынан жарылады: «Если я врач, то мне нужны больные и больница; если я литератор, то мне нужно жить среди народа, а не на Малой Дмитровке... Нужен хоть кусочек общественной и политической жизни, хоть маленький кусочек, а это жизнь в четырех стенах без природы, без людей, без отечества, без здоровья и аппетита - это не жизнь» .
Рухани жаңа кезең – 60-жылдарда әлемдік әдебиет үлгілеріне көз тіге отырып, ұлттық мүдделі шығармашылық өмірлерінің күретамыры етіп ұстанған талантты да сауатты жазушылардың алғы шебінде Әбіш Кекілбаев болды. Ол – сегіз қырлы бір сырлы талант иесі. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Ол 1939 жылы желтоқсан айында Маңғыстау облысы, Оңды ауданында дүниеге келген.
Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. 2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.
Жұмекен Нәжімеденов 1968 жылы-ақ Әбіш туралы: «Ол – ақылдың, мол білімнің, терең сезімнің тұнбасы. Тұнба қашан да салмақты, қашан да баяу. Ол ақса ырғып ақпайды, ырғалып ағады, көпірудің орнына тұңғиықтана түседі. Алыстан орман ғып көрсетіп, жетіп келсең, бес түп ши тұратын сағым мінез оның талантына жат. Онда жалтылдап көрінетін жез – құбылмалылық жоқ. Ол көңілді арбайды, бірақ көзді алдамайды, ал шынайы өнердің асыл мұраты – сол, кімді де болса алдамау ғой. Алдамаған жерде ақиқат та бар» деген.
Бастауын өлеңнен, жыр жинақтарынан бастаған Кекілбаев өз өмірінде сын кітаптарын, әңгімелер мен хикаяттар жазды, тарихи романдары жарық көрді. «Үркер» мен «Елең-алаң» оқырмандардан өз бағасын алды. Жасырақ кезінде аударма саласында да өнімді еңбектенді. Ги де Мопассан, Шекспир, Ибсен, Карло Гоцци, Макс Фриштермен қатар Толстой, Бунин, Мұстай Кәрім, Шыңғыс Айтматовтарды қазақша сөйлетті.
Философ-жазушы Әбіш Кекілбаевтың қаламынан туған шығармаларындағы қоғамдық-саяси және философиялық ой толғаныстары халқымыздың діліне, мәдениетін, әдебиетіне ықпал деңгейінің күштілігімен көзге түседі. Бұл ретте «ол философияны қайдан үйренді?» деген сұрақ туындайды. Яғни, оның шығармаларынан ұлы әлеуметтік идеялар, халқымыздың тұрмыс-салты, арман-мұраты көрініс тапқан, сонымен қатар ежелгі ұлттық әлемдік дәстүр мен қазіргі парасат үрдісі ұштасып
Диплом жұмысының толық нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына
(ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне
2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа ақша аударылған түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған диплом жұмысының толық нұсқасы салынады.
(Диплом жұмысы барлық талапқа сай, жоғары сапада дайындалған)
Осы сайттан басқа да диплом жұмыстарын, сабақ жоспарларын, сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!