Ашы? саба? Химиялы? барлау аспаптары, оларды? сипаттамалары. Индикаторлы? т?тікшелерді? арналу ма?саты, оларды? та?балануы ж?не олармен ж?мыс істеу принципі.


Химиялық барлау аспаптары, олардың сипаттамалары. Индикаторлық түтікшелердің арналу мақсаты, олардың таңбалануы және олармен жұмыс істеу принципі.
Тақырыбы: Химиялық барлау аспаптары, олардың сипаттамалары. Индикаторлық түтікшелердің арналу мақсаты, олардың таңбалануы және олармен жұмыс істеу принципі.
Сабақтың типі:  дәстүрлі                          
Білімділік:  Оқушыларға химиялық барлау аспабының жұмыс принципін меңгерту. Қолдану әдісін үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденушілігін арттыру, өз бетінше мәлімет алу дағдысын арттыру.
Тәрбиелік: Окушылардың экологиялық сауаттылығын ашу, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды қалыптастыру.
Көрнекілігі: плакат, прибор.
Уақыты – 45 минут
Өтілетін орны: сынып
 
Сабақтың жоспары :
Химиялық барлау әскери аспабы (ХБӘА)
Ауадағы УЗ- ны анықтау
3.УЗ- ның топырақта және сусыма материалдарда болуын анықтау
4.Жергілікті жерде, техникада, киімде және әр түрлі заттарда УЗ болуын анықтау
 
Сабақтың барысы:
І  Ұйымдастыру кезеңі:
1.Взвод командирінің доклады. 2.Әнұран. 3. Сабаққа дайындығы. 4.Сыртқы көріністеріне баға, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 5. Жаңа сабақтың мақсатын және тәртібін хабарлау.
ІІ  Үй тапсырмасын тексеру:
1.Халықты жаппай жою қаруынан қорғау.
2.Қорғаныш құрыстарынана халықты паналату.
3.Қызметшілер мен жұмысшыларды бытырап орналастыру және халықты эвакуациялау (қоныс аудару)
4.Жеке қорғану құралдарын жіктеу.
 
ІІІ  Жаңа сабақты түсіндіру.        
Ауада, жергілікті жерде, техникада және басқа да объектілерде улағыш заттардың болуы химиялық барлау аспаптарының көмегімен немесе сынамалар алып кейін оларды химиялық лабораторияда талдау жолымен анықталады. Аспаптардың барлығының дерлік жұмыс принципі индикацияның химиялық әдісіне негізделген; оның мәнісі улағыш заттар (УЗ) реактивпен әрекеттескенде реактивтің түсі өзгереді не реакция сұйық ортада жүрсе тұңба түзіледі.
1.Химиялық барлау әскери аспабы (ХБӘА). Ауада, жергілікті жерде және объект бетінде УЗ-ны тауып анқтауға арналған (121 — сурет). Ол қақпағы, алып жүретін аспалары бар корпусқа орнатылған. Корпуста қол сорғы, сорғы саптамасы, индикаторлық түтікшелермен үш қағаз кассет, түтінге қарсы сүзгілер қорғаныш қалпақшалары, фонарь, жылытқы және оған арналған патрондарорналастырылған. Корпустың сыртында сынама алатын күрекше бекіліеді.
2.Ауадағы УЗ- ны анықтау. УЗ-ны анықтауды зариннан, заманнан және VХ – тен бастайды. Бұл үшін аспаптың қақпағын ашып, бекіткішін ысырып, сорғыны алады. Кассеттен қызыл шеңбері мен қызыл нүктесі бар екі индикаторлық түтікшені алып ұштарын қиып, ашады. Температура 5 С және одан төмен болғанда түтікшелерді жылытқыда 40С – дан асырмай жылытады. Ампула ашқыштың көмегімен индикаторлық түтікшелердің таңбасына сәйкес келетін таңбамен екі түтікшенің де жоғарғы ампулаларын сындырып ( таңбаланған ұштарынан ұстап), 2-3 рет қатты сілкеді. Бұдан соң түтікшелердің біреуін (тәжірибелігін) таңбаланған ұшымен сорғыға қойып 5-6 рет тартып – суырады (екінші түтікше – бақылаулық, ол арқылы  ауа айдалмайды ).нақ сол ампула ашқышымен екі түтікшенің төменгі ампуласын ашып сілкеді де, олардың толтырғыштарының бояуы өзгеруін қадағалайды.
Тәжірибелік түтікше толтырғышының жоғарғы  қабатының қызыл түске боялуы (бақылау түтікшесінде) сары түс пайда болған сәтте ауада зарин мен ви- икстің бар екенін
Егер екі түтікшедегі де толтырғыштың түсі бір мезгілде сары болып өзгерсе, ауада бұл У3 қауіпті концентрацияда болмағаны.
Нақ осы У3-ның қауіпсіз концентрацияда болуын осы ретпен, бірақ ауаны 30-40 рет сорғызып, төменгі ампулаларды бірден емес, сорудан кейін 2-3 минуттан өткен соң ашу арқылы анықтайды.
Қызыл шеңбері мен қызыл нүктесі бар түтікшенің не көрсеткеніне қарамастан, қалған түтікшелердің көмегімен У3-ны анықтауды жалғастыру қажет.
Ауада фосгеннің (диофосгеннің), синил қышқылының не хлороцианның бар екенін анықтау үшін үш жасыл шеңбері бар түтікшені ашып, оның ампуласын сындырып сорғыға қою керек те 10-15 рет сорғызу керек.
Одан соң түтікшені сорғыздан алып, түтікше толтырғышының түсін кассетке салынған эталонмен салыстыру керек. Бұдан кейін ауада иприт буының болуын ( бір сары шеңбері бар түтікшенің көмегімен)  анықтайды; бұдан соң оны сорғыдан шығарып алып 1 минут ұстайды да кассетада бейнеленген түспен салыстырады. СS мен BZ-ке деген индикаторлық түтікшелері бар  кассет болған жағдайда осы У3-ның ауада бар екенін анықтауға болады.
Температура төмен кезде ауаны тексеру жүргізгенде түтікшелерді қыздырып алу керек. Бұл үшін жылытқының орталық тесігіне патрон қояды да,  патрон қалпақшысындағы тесік арқылы ішіндегі  ампуланы қадалықпен сындырады. Ампуланың сынғанына көз жеткеннен кейін қадалықты патроннан суырып алады. Жылытқыны іске қосқаннан кейін оны индикаторлық түтікшелерді  бүйірдегі ұяларға тығып қыздырып не жібітіп алуға пайдаланады. Мына бір жайтты еске ұстау керек: индикаторлық түтіктердің  түсі ауада У3 болуынан ғана емес, улы не бүркеніш түтіндерінің негізгі сипаты қос қышқылдығынан да өзгеруі мүмкін. Сондықтан күмәнді жағдайларды ауаны тексергенде түтінге қырсы сүзгіні қолданып тағы бір рет тексереді.
ІІІ. У3-ның топырақта және сусыма материалдарды болуын анықтау. Бұл үшін қажетті индикаторлық түтікшені алып оны сорғының басына орнатады. Бұдан соңсорғыны саптамаға жалғап, қысқыш шығыршықты ысырып саптаманың құйғышына топырақтың (сусыма материалдың) үстіңгі қабатынан күрекшемен іліп алып қорғаныш қалпақшаның ернеуіне дейін салу керек. Құйғыш түтігіне қарсы сүзгімен жабылады да, қыспа шығыршықпен бекітіледі, сөйтіп сорғы қажет мөлшерде сорылады. Бұдан әрі түтінге қарсы сорғыны, сынама мен қалпақшаны лақтырып, индикаторлық түтікпен қалпақшаны лақтырып, индикаторлық түтікшені шығарып алады да, жоғарыда көрсетілгендей амалдармен У3-ны анықтайды.
ІV. Жергілікті жерде, техникада, киімде және әр түрлі заттарда У3 болуын анықтау. Анықтауды ФОЗ-дан бастайды. Дайындалған түтікшені сорғыға орнатады, саптаманы жалғап, қорғаныш қалпақша кигізеді де, саптаманы зақымдану белгілері неғұрлым анық тұстарды қалпақша қамтитындай етіп топыраққа  не тексерілетін объектінің бетіне кигізеді; осыдан соң қажетті мөлшерде сору жасалады. Бұдан әрі саптаманы ағытады, қалпақшаны тастайды, сорғының басынан индикаторлық түтікшені алады; кассеттік құлаққағаздағы нұсқауларды ала отырып УЗ-ны анықтауды жүргізеді.
 ІV Сабақты бекіту:  Оқушылар 4 топ болып жұмыс істейді.
1-ші топқа тапсырма: Химиялық барлау аспабымен жұмыс принципін білу.
2-ші топқа тапсырма: Ауадағы улы затты анықтау.
3-ші топқа тапсырма: Улы заттың топырақта және сусыма материалдарда болуын анықтау.
4-ші топқа тапсырма: Жергілікті жерде, техникада, киімде және әр түрлі заттарда улы заттың болуын анықтау.
V  Оқушылардың білімін бағалау
VІ Үйге тапсырма: ХБӘА сипаттамасын оқып үйрену, оның құрлысымен танысу,  ауадағы және басқа обьектідегі улы заттарды анықтау.
 
Алғашқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы  - оқытушысы:   Смагулов К.Х