Натрий ж?не оны? ма?ызды ?осылыстары (8 сынып)
Химия 8 сынып Күні: 15.04.16 ж.
Сабақтың тақырыбы: Натрий және оның маңызды қосылыстары, қасиеттері,алынуы және қолданылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: периодтық жүйенің заңдылықтарынан, атом құрылысы мен металдардың жалпы қасиеттері және s-элементтер туралы білімдеріне сүйене отырып, оқушыларды натрийдің өзіне тән қасиеттерімен таныстыру. Оқушыларды натрий қосылыстарының қолданылуымен, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызымен таныстыру арқылы білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Дамытушылық: сілтілік металдар туралы алған білімдерін кеңейтіп, интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өзара белсенділігін, ой-өрісін, зейінін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, есте сақтау қасиеттерін дамыту, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Білімін қолма қол көрсете алу қасиеттерін ашу. Экологиялық тәрбие беру.
Пәнаралық байланыс: биология, география, медицина, экология.
Сабақтың түрі: проект сабағы,СТО бойынша Блум таксономиясы
Көрнекілік: интерактивті тақта, тірек-сызба, ватман, маркер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (сыныпты 4 топқа бөледі)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сілтілік металдардың ең көп қолданылатын өкілі - натрий. Сондықтан сілтілік металдардың қасиеттерімен осы металдың мысалында танысамыз. Табиғатта таралуы бойынша натрий 6-шы орын алады, ол тек қосылыстар күйінде кездеседі: NaNО3 - чили селитрасы; NaCl - галит, ас тұзы; Na2CО3 • 10Н2О - сода; Na2SО4 • 10Н20 – глаубер тұзы; NaCl*KC1 - сильвинит, т.б. Ең маңызды қосылысы NaCl – ас тұзы, тұзды көлдердің негізгі құраушысы (Арал, Балқаш).
Натрий химиялық белсенді элемент, себебі валенттілік электроны ядросымен әлсіз байланысқан, олай болса, валенттілік электронын оңай беріп, тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді. Сонда мына үдеріс жүреді:
Na0 - е —> Na+
Натрийдің қосылыстары
Натрий гидроксидінің алынуы
Зертханада натрий гидроксидін натрийді және оның оксидін сумен әрекеттестіру арқылы алады:
2Na + 2Н20 = 2NaOH + Н2
Na2O Н2O = 2NaOH
Өндірісте натрий гидроксиді оның тұздарының ерітінділерінің электролизі нәтижесінде түзіледі.
Физикалық қасиеттері
NaOH - ақ түсті қатты зат, күйдіргіш натр деп аталады, себебі қағазды, теріні күйдіреді. Натрий гидроксиді суда жақсы еритін су тартқыш (гидроскопиялық) зат болғандықтан жақсы жабылған ыдыста сақтау керек. Қолға тигенде сабындай болып сезіледі, натрий гидроксидін суға еріткенде көп мөлшерде жылу бөлінеді, сондықтан оны кәрлен ыдыста еріту керек.
Химиялық қасиеттері
Бейметалдармен әрекеттескенде екі түрлі қышкылдың тұзы түзіледі.
Қышкылдық және екідайлы оксидтермен тұз және су түзе әрекеттеседі.
Қышқылдармен де осы тектес заттар береді;
Тұздармен реакцияласуы:
a) орта тұздармен: 3NaOH + ҒеС13 = NaCl + Ғе(ОН)3У
ә) қышқыл тұздармен: NaOH + NaHS04 = Na2S04 + Н20
в) негіздік тұздармен: 2NaOH + А1(ОН)С12 = А1(ОН)3 У+ 2NaCl
Натрийдің қосылыстарының қолданылуы
Натрий ғылым мен техниканың әр алуан саласында қолданылады: ядролық реакторларда жылу тасымалдаушы ретінде, органикалық реакцияларда өршіткі, медицинада радиоактивті изотоп күйінде қолданылады.
Натрий гидроксиді - қағаз, сабын, дәрі-дөрмек, жасанды талшық өндірістерінде, мұнай өнімдерін тазартуда қолданылады
IV.
1. БІЛУ.Таным мен ойлау деңгейі- төмен деңгейі.
Сұрақ Жауап
Натрийдің таңбасы қандай? Реттік номері нешінші? Атомдық массасы қанша? Натрий нешінші топта орналасқан? Натрий нешінші периодта орналасқан? Неше валентті? Тотығу дәрежесі? Металл ма, әлде бейметалл ме? 2. ТҮСІНУ. Таным мен ойлау- орта деңгей.
1 тапсырма.
Натрийді өнеркәсіпте қалай алады?
2 тапсырма.
Топқа
Реакция басы Реакция нәтижесі Реакция қандай типке жатады?
Na+SNa+2H2 O 2NaCl→ NaOH+HCl2NaOH+CO2 2NaOH+CuSO4 Na+Cl2 Na+O2 3. ҚОЛДАНУ. Таным мен ойлау- орта деңгей.
1 топ. Натрийдің қолданылуы салаларын анықтай отырып ассоциациялық карта құрыңдар.
← Натрий →
2 топ.Натрийдің физикалық қасиеттерін атаңыз.
3 топ. Натрий хлоридіндегі натрийдің массалық үлесін есептеңдер.
4 топ. Натрий карбонатындағы натрийдің массалық үлесін есептеңдер.
2 тапсырма
Натрий қосылыстары Қандай элементтер кіреді Қолданылуы
4. ТАЛДАУ. Таным мен ойлау- жоғарғы деңгей.
Айналымдарды жүзеге асыр
1 топ.
Na→Na2O→ NaOH→NaCl
2 топ
Ca→CaO→ Ca(OH)2→ CaSO4
3 топ
K→ K2O → KOH→KNO3
4 топ
Li→ LiOH → LiCl → LiNO3
СИНТЕЗ.(жинақтау, жүйелеу). Танымдық мен ойлау деңгейі- жоғарғы деңгей.
1 тапсырма
1 топ 2 Na+……..=2NaOH+…….
2 топ ……..+S=Na2S
3 топ Na+Cl2=………..
4 топ Na+………=Na2O
2 тапсырма
6. БАҒАЛАУ. Таным мен ойлау деңгейі- жоғарғы деңгей.
№ Оқушы аты-жөні Білу Түсіну Қолдану Талдау Жинақтау Бағалау Қорытынды
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 V. Үйге тапсырма: § 6.3-6.4. 158 бет – 5, 7 жаттығулар. Сабақта жасаған класстерлерді қосымша әдебиеттер арқылы толықтырып, компьютерлік дизайнмен көркемдеп жасап әкелу.