Та?ырыбы: Т?ра?ты магниттер. Т?ра?ты магниттерді? магнит ?рісі. Т?зу токты? магнит ?рісі.(8 класс)
8а сынып №48 сабақ _______________________
Сабақтың тақырыбы: §52, 53,54. Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі. Түзу токтың магнит өрісі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: тұрақты магниттер ұғымын қалыптастыру, магнит өрісіне анықтама беру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әнгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу;
Оқушыларды түгендеу;
Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
Оқушылардың назарын сабаққа аудыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау:
Теориялық білімдерін тексеру.
Практикалық тапсырмаларын тексеру.
Есептерін тексеру.
ІІІ. Білімді жан – жақты тексеру./ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша тұрақты магниттер және тұрақты магниттердің магнит өрісімен танысамыз.
V. Жаңа материалды меңгерту:
Тұрақты магниттер немесе қарапайым магниттер деп магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады. Мұндай денелерге табиғи магниттік теміртас (магнетит) жатады.
Тогы бар шарғының ішіне шыныққан болаттан жасалған өзекше орнатып, тұрақты магнит алуға болады. Токты ажыратқаннан кейін ол темір өзекше сияқты магниттелуін жоймай, ол қасиетін ұзақ уақыт сақтайды.
Тұрақты магнитте қызықты қасиеттер байқалады. Магниттің әр түрлі бөліктері – әр түрлі магниттеледі. Ең көп магниттік тартылу күші магниттік полюстер деп аталатын магниттің ұштарында болады. Магниттің қасиеттері бойынша бір – біріне ұқсамайтын солтүстік (N) және оңтүстік (S) деп аталатын екі полюсі бар. Бір ғана полюсі бар магниттік алуға болмайды.
Егер тұрақты магнит болып табылатын магнит тілшесіне тағы да сондай бір тілшені жақытдатса, онда тілшенің солтүстік полюсі магниттің солтүстік полюсінен тебіліп және оңтүстік полюске тартылатынын байқауға болады. Тілшенің оңтүстік полюсі магниттің оңтүстік полюсінен тебіліп, және солтүстік полюске тартылады.
Магнитті әр түрлі денелерге жақындата отырып, барлық денелер оған бірдей тартылмайтынын байқауға болады. Едәуір күші бар тұрақты магнит, тек қана темір және болат заттарды немесе басқа тұрақты магниттерді тартады. Шамалы әлсіздеу магнит никель мен кобальтты тартады. Көптеген басқа денелер магнитке мүлдем дерлік тартылмайды.
Тұрақты магниттердің магниттік әрекеті кез келген магниттің айналасында магнит өрісінің болуымен түсіндіріледі. Темір ұнтақтарының көмегімен тұрақты магниттер өріснің суретін алады.
Токтың магнит өрісінің магниттік сызықтары сияқты, тұрақты магниттің магнит сызықтары да – тұйық сызықтар.
Магнит сызықтары тогы бар шарғының магнит сызықтарына ұқсас магнит ішінде тұйықталып, магниттің солтүстік полюсінен шығып, оңтүстік полюсіне енеді.
Электр заряды бар барлық жерде, оның айналасындағы кеңістікте электр өрісі бар.
Электр өрісінің өзіне тән ерекше қасиеті – қозғалмайтын зарядтарға әрекет ету қабілеті болып табылады.
Құлабыз тілшесінің ортасынан өтетін және оның полюстерін қосатын түзу магнит тілшенің осі деп аталады.
Электр тогы өтетін өткізгіштер арасындағы мұндай өзара әрекеттесу магниттік өзара әрекеттесу деп аталады. Өткізгіштер мен токтардың бір –біріне әрекет ету күштері - магниттік күштер.
Магнит өрісі деп өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрін айтады.
Тек электр тогы мен тұрақты магниттер ғана магнит өрісін тудырады. Оның басты қасиетіне магнит қрісінің электр тогына әрекет етеді. Сонымен, егер қозғалмайтын электр зарядының төңірегінде электр өрісі де, магнит өрісі де пайда болады.
Магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар магнит өрісінің сызықтары немесе магнит өрісінің күш сызықтары деп аталады.
VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудығы оқушы түсінігін тексеру:
§52,53,54 бақылау сұрақтарын талдау.
VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу:
Есептер шығару.
VІІІ. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §52,53,54
8а сынып №49 сабақ _______________________
Сабақтың тақырыбы: §55. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: тогы бар шарғының магнит өрісі, электромагниттер ұғымдарын қалыптастыру, магнит өрісіне, электромагниттерге анықтама беру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әнгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу;
Оқушыларды түгендеу;
Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
Оқушылардың назарын сабаққа аудыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау:
Теориялық білімдерін тексеру.
Практикалық тапсырмаларын тексеру.
Есептерін тексеру.
ІІІ. Білімді жан – жақты тексеру./ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша тогы бар шарғының магнит өрісімен және электромагниттермен танысамыз.
V. Жаңа материалды меңгерту:
Тогы бар вертикаль түзу өткізгішпен жасалған тәжірибені ағаш қаңқаға оралған көптеген сым орамдарынан тұратын шарғымен де жүргізуге болады. Мұндай шарғыны соленоид деп атайды. Шарғы арқылы да ток жіберіледі.
Шарғыда электр тогы жүргенде, оның маңында магнит өрісінің пайда болатынын аңғару қиын емес.
Соленоид ішіндегі магнит өрісінің күш сызықтары параллель және оны сырт жағынан орап жатады. Тогы бар шарғының магнит өрісі күш сызықтарының бағытын бұрғы ережесі арқылы табуға болады: егер де бұрғы тұтқасын ток бағытымен айналдырса, онда оның ұшының қозғалысы шарғының магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын көрсетеді. Күш сызықтарының бағытын білу арқылы, соленоид полюстерін анықтауға болады. Күш сызықтары шарғының солтүстік полюсі жағынан шығып, оңтүстік полюсі жағына кіреді.
Тогы бар шарғының магнит өрісін ондағы орамдар санын өзгерту арқылы немесе шарғыдағы ток күшін арттыру арқылы күшейтуге болады. Бірақ тогы бар шарғының электр өрісін орамдағы ток күшін де, орамдардың санын да өзгертпей арттыруға болады екен. Ол үшін шарғыға темір өзекше енгізсе болғаны.
Ішіне темір өзекше орналастырған шарғы электромагнит деп, ал шарғыға оралған сымдар электромагниттің орамасы деп аталады. Шарғының ішіне орналастырылған темір өзекше шарғыдағы токты күшейткендегідей немесе ондағы орамдар санын көбейткендегідей магниттік әрекет тудырады.
Электромагнитті көбінесе таға тәрізді етіп жасайды. Электромагниттің кереметтілігі сондай оның орамындағы тогы бар тізбекті қосу және ажырату жолыменионы магниттеуге және магнитсіздендіруге болады.
VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудығы оқушы түсінігін тексеру:
§55 бақылау сұрақтарын талдау.
VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу:
Есептер шығару.
VІІІ. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §55
8а сынып №50 сабақ _______________________
Сабақтың тақырыбы: §56. Магнит өрісінің тогы бар өркізгішке әрекеті. Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: электрқозғалтқыш, электр өлшеуіш аспаптар ұғымдарын қалыптастыру және жұмыс істеу принциптерімен таныстыру, магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекетін түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әнгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу;
Оқушыларды түгендеу;
Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
Оқушылардың назарын сабаққа аудыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау:
Теориялық білімдерін тексеру.
Практикалық тапсырмаларын тексеру.
Есептерін тексеру.
ІІІ. Білімді жан – жақты тексеру./ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекетімен және электрқозғалтқышпен, электрөлшеуіш аспаптармен танысамыз.
V. Жаңа материалды меңгерту:
Магнит өрісінің тағы бір көрініс табуы – оның тогы бар өткізгішке күштік әрекеті.
Магнит өрісі тогы бар өткізгішке бағыты әрекет етуші өрістің күш сызықтарының бағытына перпендикуляр болатын белгілі бір күштермен әрекет етеді.
Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгішке әрекет ететін күштің бағытын сол қол ережесін пайдаланып анықтауға болады: егер сол қолдың алақанын өрістің күш сызықтары кіретіндей етіп, орналастырса, ал керілген төрт саусақ токтың жүру бағытына сәйкес бағытталса, онда 900-қа бұрылған бас бармақ өткізгішке әрекет ететін күштің бағытын көрсетеді.
Электрқозғалтқыш деп электр энергиясын механикалық энергияға айналдыруға арналған электр машинасын айтады.
Қозғалтқыш дегеніміз – көп орамдары бар және көлденең қимасының аудына жеткілікті үлкен болатын рама. Ол күшті электромагниттің өрісіне орналастырылады. Ол арқылы электр тогы жіберіледі. Рама ондағы токтың бағытын әр жарты айналымда өзгертіп отыратын ауыстырып – қосқышпен жалғанады.
Көптеген электр өлшеуіш аспаптар магнит өрісіндегі тогы бар рамаға әрекет ететін күштерді пайдалануға негізделген. Олар: магнитэлектрлік және электрмагниттік болып екі түрге бөлінеді.