Т?ра?ты магнит. Т?ра?ты магниттерді? магнит ?рісі. 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты магнит. Тұрақты магниттердің магнит өрісі.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың электр құбылыстары жөнінде алған білімдерін тексеру. Білімдерін жинақтап, пысықтау.2. Электр жөнінде алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру.3. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.Көрнекіліктері. Компьютер, слайдтар, интерактивті тақта. Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.а) Амандасу.
ә) Ынтымақтастық атмосферасын тудыру.
б) Топқа бөлу. Тізбек түрлері бойынша топ құру.2. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасы не екенін білу үшін мына жұмбақты шешейік.а/ Жұмбақ шешу.Пайдаланады жұрт оны отын және жарыққа,Қызмет етеді әрқашан, түсіне білген халыққа. (Электр тогы)Онда біздің үй тапсырмамыз. Электр құбылыстары және әр түрлі ортадағы электр тогы болатын. Ондай болса әртүрлі ортадағы электр тогы тарауын қайталайық.ә/ «Сәйкестігін табу» әр түрлі ортадағы электр тогы тарауын қайталау.
б/Тест.1. Еркін электрондардың реттелген қозғалысы металдардағы электр тогы деп аталады.а/ ия б/ жоқ2. Электролиттердегі электр тогы дегеніміз молекулалардың реттелген қозғалысыа/ия б/жоқ3. Газдардағы электр тогы дегеніміз электрондар мен иондардың реттелген қозғалысы.а/ ия б/жоқ4. Ваккумдегі электр тогы термоэлектрондық эмиссия құбылысына негізделмегена/ия б/ жоқ5. Шалаөткізгіштегі электр тогы дегеніміз кемтіктер мен электрондардың. қарама қарсы реттелген қозғалысы.а/ия б/ жоқв/ Тарихқа шолу.1/ 1785 жылы зарядталған денелердің өзара әрекет заңын ашқан француз физигі. Оның құрметіне электр зарядының бірлігі аталған. /Кулон/2/ 1827жылы тізбектегі ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын ашқан неміс физигі. /Ом/3/ 1830 жылы алғаш рет «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген, магнетизм табиғаты туралы болжамды ұсынған француз физигі. Оның атымен ток күшінің бірлігі аталады. /Ампер/4/ 1791 жылы 22 қыркүйекте Лондон маңында шебердің отбасында дүниеге келген. «Электр өрісі» ұғымын енгізген. 1833 жылы электролиз заңын ашты (Фарадей).г/. Есеп шығару. Үш топ үш есепті шешеді.1) Электр шамының кедергісін анықтау үшін оқушы электр тізбегін құрады. Кернеуі 220 В тізбек тұйықталғанда амперметр 0, 5 А - ді көрсетті. Шамның кедергісі неге тең?
2) Кедергісі 20 Ом болатын өткізгіштен 0,05 А ток өтеді, өткізгіштің кернеуі неге тең?
3) Кернеуі 150 В болатын өткізгіштің кедергісі 25 Ом болса, өткізгіштен қандай ток өткен? 3. Жаңа сабақТұрақты магниттер.1/ Топты ауыстыру. Түрлі – түсті стикер бойынша.2/ Әр топ оқушылары §52 оқиды. Оқып болған соң топтар бір – біріне сұрақтар туындатады.3/ Мұғалім слайд бойынша толықтырып түсіндіреді.4. Бекіту. «Мәтіндік тест».Магниттелуін ұзақ сақтайтын денелер...................................... деп аталады.Мұндай заттарға табиғи магниттік....................................... жатады. Ең көп магниттік тартылу күші.......................................................... деп аталатын магниттің ұштарында болады. Магниттік қасиеттері бойынша бір - бірінен ұқсамайтын............................ және....................................... полюстері болады. S -……………………. N -………………. деп аталады. Тілшенің ортасынан өтетін және оның полюстерін қосатын түзі........................................ осі деп аталады. Тұрақты магниттің айналасында.......................... өрісі болады. Оның күш сызықтары тұйықталған. Магнит сызықтары магниттің........................................... полюсінен шығып................................... полюсіне енеді.5. Үй тапсырмасы: §53 оқу. 6. Бағалау