Стили речи. Построение текстов художественного, публицистического, официально-делового стиля.


Қазақстан халықтары Ассамблеясына 20 жыл
1 жүрг Қазақ елі қашанда кең жүрек,
Мақсаттарын қойған алға белгілеп.
Бейбіт мекен Қазақстан көгінде
Ассамблея туы тұрсын желбіреп!
Жайқалумен үміттің бар желегі,
Байқалумен тынған істер келеді.
Тәуелсіздік арқасында аршындап
Қазақстан алға тартып келеді.
2 жүрг Арманы бір кәрінің де , жастың да,
Қайыспас ел қарсы тұрар тасқынға
Бірлігі зор қабырғалы халқымыз
Көш түзеген ұлы көк ту астында.
Біздің Отан байтақ мекен дарқан, өр,
Зор тарихын тасқа басқан тарпаң ел.
Қазақстан достық, бірлік ордасы
Ірілікпен ілгеріге тарта бер!
1 жүрг Ардақты көпшілік, Егемендігіміздің нығаюы мен экономикамыздың дамуы Қазақстан жұртшылығының ертеңгі күнге деген сеніммен арттырып отырғаны мәлім. Бүгінгі таңда әлем халқы мойындаған қазақ елі 100-ден астам ұлттар мен ұлыстарды бауырына алып, туыстық пен достықтың озық үлгісі тануда.
2 жүрг Елімізде 1995 жылдың 1 наурызында этносаралық қатынастарды үйлестіру институты – Қазақстан халқы Ассамблеяға биыл 20 жыл толып отыр. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланды.
1 жүрг Ия, Қазақстандықтардлың этникалық, әлеуметтік және діни ерекшіліктеріне қарамастан, Елбасы Нұрсылтан Назарбаевтың халықтың даналығы мен жоғары толеранттылығы туралы саясаты жаңа мемлекеттің азаматтарының қалыптасуына үлкен бастама болғаны сөзсіз.
2 жүрг. Бірлігі берік, арыс пен құттың ордасы сүйікті Отанымыз Қазақстанның алты құрлық арасында абыройы асқақтап, беделі биіктей бер жолында бойдағы қайрат күшін жұмсап, жүрекпен қызмет етіп жүрген баршаңызды Қазақстан халқы Ассамлеясының 20 жылдық мерекесімен құттықтау үшін сөз Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі Зәуірбековке беріледі.
1 жүрг Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына арналған сөзді Ауылдық ақсақалдар Кеңесінің мүшесі Бозғулов А. Беріледі.
1 жүрг Мәні үлкен әрбір ұлттар салтының,
Бейбіт өмір бар тілеуі жалпының.
Достығы мен туыстығы, бірлігі
Жасай берсін Қазақстан халқының!
2 жүрг. Туыс елдің тірлігі бір, сыры бір,
Төгілсін тек төбемізде жылы нұр.
Барша қауым, құтты болсын ашылған
Халқымыздың Ассамблея жылы бұл!
1 жүрг Ардақты ағайын, бүгін бүтін еліміз бойынша бір мезгілде жоғары салтанатпен Қазақстан халық Ассамблеясы жылының жариялануына байланысты Ту көтеріліп мерекелік іс- шаралар жалғасуда.
1 жүрг Көштің бетін күнге қарай түзгенде,
Зор міндеттер қайрат берер ізгі елге.
Өнерпаздар бірлік пенен бақ тілеп
Ән мен жырын арнамақшы Сіздерге!
Мерекелік іс-шараның ажарын ашуға әр ұлт өкілдері өз өнерлерін көрсетеді.
Қазақ күйлерінен папури. Орындайтын Рысбек Нұрдос , Қабылбек Құндыз «Қазағым» әні.
6 «В» - Өзбек ұлты, Латипова Нелюфер «Өзбек биі»
7 «В» - Орыс ұлты Скуркин Олег «Ұлттық дәстүр»
8 «В» - Қырғыз ұлты - Кахарманова Мумина «Қырғыз биі»
9 «В» - Түрік ұлты – Түрік би тобы және Аббасов Жапар «Көк тудың желбірегені» әні.
10 «В» - Украин ұлты Айдарова Хаял «Украин биі»
«Атамекен» хор.
Соңы
1 жүрг Тәуелсіз ел желге төсеп маңдайды
Бар арманын тәуекелге жалғайды.
Барша ұлттар туыстық пен достықта
Күш- жігерін игі істерге арнайды.
2 жүрг. Ардақты көпшілік, осымен Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылының ащылуына арналған салтанатты іс-шара мәресіне жетті.
Мереке мерекеге жалғаса берсін.
С. Абланов атындағы орта мектебі
Қазақстан халықтары Ассамблеясына 20 жыл
Педагог ұйымдастырушы: Дүзелбаева Қ.Қ.