Сабак жоспары 5 сыныпка К??ілді эстафета сайыс сабак


Көңілді эстафета
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру;
2.Оқушыларды ұйымшылдыққа,достыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
3.Оқушыларды жылдамдыққа,шапшаңдыққа үйрету.Білім,білік дағдыларын кеңейту;Сабақтың түрі:командалық жарысСабақтың әдісі:ойынӨтетін орны: спорт алаңыӨтетін сыныбы:  3 сыныптарҚұрал-жабдығы: доп,кедергілер,секірткіш,ысқырық,шығыршық,қап,эстафета таяқшасыІ.Ұйымдастыру кезеңі1.Жарысымыздың қорытындысын шығарып,әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстыру.
2.Ортаға командалар шығады.Мұғалімнің командасы бойынша сапқа тұрғызылады.Мемлекеттік Әнұран орындалады.
ІІ.Жарыстың шарты.
1.Сәлемдесу.(ұраны,топ аты)
2.Эстафеталық ойындар3.Қорытындылау
1.«Эстафета таяқшасын алып жүгіру»
Әр топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша кедергілердің арасымен эстафета таяқшасын алып белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.Екінші ойыншыға береді.Бірінші келген команда жеңіске жетеді.