Математика — ертегілер елінде
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Тобы:_№13
Тәрбиеші: Утегенова Лаура
Білім беру салалары: «Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас» «Шығармашылық»
Бөлімі: «Математика негіздері»
Тақырыбы:Математика-ертегілер елінде
Мақсаты: Балаларды 5-ке дейінгі реттік сандарды ауызша санау арқылы салыстыра білуге үйрету.Геометриялық пішіндер арқылы есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорын байыту.Ойлау қабілетін,тілін,танымдық қызығушылығын,логикалық ойлау қабілетін дамыту.Балаларды ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Тақта,үйшік,тышқан,бақа,қоян,қасқыр,түлкі,5 шырша,1-ден 5-ке дейінгі сандар карточкалар,ғажайып қоржын,шеңбер,шаршы,үшбұрыш,төртбұрыш.
Әрекет кезеңдер Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастыру сәті.
Шаттық шеңбері.
Мына сұлу әлемде
адам өмір сүреді
үлкенменен кішіге
күн сәулесін төгеді.
Балалар бүгінгі сабақ ерекше болмақ.Балалар саяхаттану үшін не керек?Көліктің қандай түрлерін білесіндер?Ал поезға міну үшін бізге не керек?Билеттер алу үшін мына тапсырмаларды орындау тапсырылады
1).Сандарды ретімен орналастыр
2)Логикалық есеп
. Үйге кіреді Алдияр
Оған қоса Мадияр
Кейін келеді Айдана
Қанша болады бар бала?
. Пісіп тұрған төрт алмұрт
Қызығатын көрген жұрт
Екі алмұртты бұтақтан
Алып жеді Мұратқан
Қанша қалды алмұрттан?
. Табақта 3 алма
Қолымда 2 алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма?
3)Тез тұратын сандар
Тапсырмалар орындалады.
Балалар шеңберге тұрып,шаттық шеңберін жатқа айтады
Балалардың жауабы.
Балалар ертегі еліне аттанады.
1-5 сандарды шарларға ретімен орналастыру.
3
2 алмұрт
5 алма
Ұйымдастыру-іздену Балалар сендер ертегіні жақсы көресіндер ме?
Олай болса математика сабағында
«Үйшік» ертегісіне саяхатқа барамыз. Поезға мінуді тапсырады,балалар орындарынан тұрып қозғалады
Тәрбиеші:
Баяғы өткен заманда орманда бір үйшік тұрыпты.Қасынан тышқан-ізқазған өтіп бара жатыр еді,үйшікті көріп тоқтады да:
-Сәултті үйшікте кім тұрады екен?-деді.Сонда үйшік тіл қатты:
- Егер тапсырмамды орындасан ғана үйшіктін есігі ашылады
Тапсырма № 1
1.Үйшіктің жаңында неше шырша бар?
2.Санамақ білесіңбе?
Тапсырмалар дұрыс орындалып,тышқан үйшікте тұра бастапты.
Тәрбиеші:
Үйшікке бақа-бақылдақ секектеп келеді де:
-Сәултті үйшікте кім тұрады екен?-деді.Сонда үйшік тіл қатты:
- Егер тапсырмамды орындасан ғана үйшіктін есігі ашылады
Тапсырма№2
1.Сиқырлы қорапша(геомет.пішінді атау)
2.5 дейін санап бер,кері сана
Тапсырмалар орындалып,бақа үйшікте тұра бастапты.
Тәрбиеші:
Үйшіктің жанынан жүгіріп өтіп баражатқан қоян тоқтады да:
-Сәултті үйшікте кім тұрады екен?-деді.Сонда үйшік тіл қатты:
- Егер тапсырмамды орындасан ғана үйшіктін есігі ашылады
Тапсырма№3
1.Қай тарелкеде алма көп?(Алманы санау)
2.Үйшіктін жанында қанша саңырауқұлақ бар?
Тапсырмалар дұрыс орындалып,қоян үйшікте тұра бастапты.
Тәрбиеші:
Көкжал бөрі-Қасқыр сері жүгіріп келіп,есіктен сығалады да:
-Сәултті үйшікте кім тұрады екен?-деді.Сонда үйшік тіл қатты:
- Егер тапсырмамды орындасан ғана үйшіктін есігі ашылады
Тапсырма№4
1.Үйшіктің жанындағы гүлдерді сана, түсін атап бер?
2.Суреттегі үйді сипатта?
Тапсырмалар дұрыс орындалып,қасқыр үйшікте тұра бастапты.
Тәрбиеші:
Үйшіктің жанынан түлкіжан-сіңліжан өтіп бара жатып терезені қақты да:
-Сәултті үйшікте кім тұрады екен?-деді.Сонда үйшік тіл қатты:
- Егер тапсырмамды орындасан ғана үйшіктін есігі ашылады
Тапсырма№5
1.Үйшікте неше аңдар бар?
2.Суретке қарап суреттеп бер
Тапсырмалар дұрыс орындалып,түлкі үйшікке кіріп барлық аңдармен дос болып,бірге өмір сүріпті.
Балалардың жауабы.
Балалар ертегі еліне аттанады.
5
Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де
екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды
жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ,жол салсақ
Геометриялық пішінді атайды
1-5 дейін санайды,кері санау
Көкжал бөрі -қасқыр сері жүгіріп келіп ,есіктен сығалады да:
Бір тәрелкеде 2,екінші тәрелкеде 3 барлығы 5
5
шатыры үшбұрыш,қабырғасы төртбұрыш,терезесі дөңгелек
5
кірпі мен,тышқанды суреттеу.
Рефлексивті –
түзету
Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
Сергіту сәті(Есеп әні)
Балалар ертегі сендерге несімен ұнады?
Ертегіде неше кейіпкер бар?
Олардың қайсысы бұрын келді?
Екінші болып қай аң келді?
Қояннан кейін қай аң келді?
Түлкінін алдында қай аң келді?
Жарайсындар балалар,жақсы санап,тапсырманы да дұрыс орындадындар сол себепті менін сендерге кішкене тосын сыйым бар.
Осымен «Математика-ертегілер елінде»атты сабағымыз аяқталды.
Есеп туралы өлең айту.
5
Тышқан
Бақа
Қасқыр
Білу керек: Балалардың 5-ке дейін санай білу,сандарды кейіпкерлерді тану,геометриялық пішіндерді дұрыс атау,оларды пайдаланып құрастыра білу.
Игеру:Өз бетімен іс-әрекет жасап,геометриялық пішінді ,сандарды ретімен айта білу,ертегі кейіпкерлерін ажыратуды,алған білімдерін қолдана білу.