?аза? ?дебиетінен саба? жоспары. Та?ырыбы: ?азыбек би
9- сыныптағы қазақ әдебиеті пәні сабағы бойынша
қысқа мерзімді жоспар
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би
Жалпы мақсаты: Қазбек би туралы ұғымдарын қалыптастырады.
Ауызекі сөйлеу тілдерін дамытады.
Сілтеме: Әдебиет оқулығы
Оқу нәтижесі: -Қазбек бидің ел арасында дауларды шешкенін ұғынады..
-Рөлдерді ойнай алады..
-Сезімдерін түсінуге тырысады..
-Топпен жұмыс істеуге дағдыланады
Негізгі идеялар: Қазыбек бидің тапқырлық шешендік сөздерінің тапқырлық, әділдік шешімі жайында
Қолданылатын материалдар: Постер, маркер
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері: Топпен жұмыс, жеке жұмыс , ұжымдық жұмыс,
АКТ,бейнежазба
эссе жазу
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық ахуал Оқушылардың сабаққа назарын аудару үшін шаттық шеңберін құрып, бір –бірлеріне жақсы көңіл- күй сыйлап, жақсы сөздер айтады,
Топқа бөлемін. Сабақты критерийлермен бағалаймыз. Критерийлерді оқушылар көрсету. Оқушылар бір –бірлеріне жақсы сөз айтады. Топқа бөлінеді. 1-3 санау арқылы топқа бөлінеді
Үй тапсырмасы Сұрақ-жауап әдісі арқылы конверттен сұрақтарды алып жауап берулерін сұраймын. Оқушылар бір –бірден келіп сұрақ алып, жауап береді.
Қызығушылықты ояту
Білу Қазыбек би туралы
бейнежазба көрсетемін,
Оқығандарын еске түсіріп, пікірлесіп, Қазыбек би туралы өз білгендерін постерге жаздырамын.
Қазыбек туралы тақырыпты:
І топқа 1-бөлім
ІІ топ 2- бөлім
ІІІ топ 3- бөлімді бөліп беремін. Оқушылар бейнежазбадан көргендерін, ойларымен бөліседі.
Оқушылар постерге жазып, оны келесі топқа бері, бір –бірінің жазғанын тексереді. Қай топ ойларын нақты жеткізгенін айтады. Топ басшысы бағалайды.
Түсіну Қазыбек туралы сұрақтар қойып, түсінгендерін тексеремін.
( АВС оқушыларының мүмкіндіктерін тексеру)
-Қазыбектің шын мәнінде атағы қай кезде шыққан?
- Қалай Қаз дауысты Қазыбек атанды?
- Қазыбек інісін қандай сөзбен тоқтатты?
-Қазыбек не қиын, кім жақын, не қымбат деген сұраққа қалай жауап бересіңдер? Оқушылар жауап береді, топ мүшелері өзара бағалап отырады.
Қолдану Қазыбек бидің шешендік сөздерін топтарға бөліп беремін. Олар өздерінің танымдарымен рөлге бөліп көрсету керек. Актерлық шеберліктерін, тапқырлықтарын анықтау,
І топ. Қазыбек бидің Төле биге сәлем беруге келгені
ІІ топ. Қазыбектің 14 жастағы Қоңтажымен бітімгерлікке келуі
ІІІ топ. Жантай мен жалшының Қазыбек би төрелігіне жүгінуі
Сын тұрғысынан ойлауға үйретемін .
Оқушыларға қолдау көрсетіп мадақтаулар айтамын. Қол шапалақтаймыз.
Топтар рөлді ойнап болғаннан кейін сұрақ қоямын. Белгілі уақыт біткеннен кейін ортаға шығады. Әр топ шешендік сөздері бойынша рөлге бөліп алады. Келісіп ортаға шығып рөлдерін ойнайды,.
Қол шапалақтайды,
Сергіту сәті Музыка арқылы сергітемін. Оқушылар биле сергиді
Талдау Жинақтау Оқушылар эссе жазады.
«Шешеннің өнегелі өмірі» деген тақырыптта жазады. Оқушылар жазып,оқып шығады.
Бағалау Оқушылар бүгінгі сабақта не түсінгендері бойынша ойларымен бөлу керек. Сабақты қорытындылап .бағау бойынша критерийлерін жасайды..
Рефлексия Сабақтың ұнаған немесе ұнамаған тұстарын стикерге жазып тақтаға іледі. ұнаған немесе ұнамағанын жазып ,іледі.