Стрельникова тыныс алу методикасы


Стрельникова – ол кім?
Отандық медицина А.Н.Стрельникованың тыныс алу гимнастикасын тек -өткен ғасырдың 70-ші жылдары ғана мойындаған болатын. Сол кезде ғана Александра Николаевна әр түрлі аурулар түрлерін емдеу тәсілдерін жүзеге асыруға авторлық куәлік алған болатын. Стрельникова – тыныс алу жаттығулары арқылы тек қана дауысты емдеп емес, сонымен қатар, кеуденің қырылына әкеп соғатын астманы емдеуге де болатынына көз жеткізді.
Медицина тұрғысында тыныс алу жаттығуларының ағзаға деген тиімділігін алғашқыда, дәлелдеу оңайға соқпайды. Шамамен, 1980 жылдарда Денсаулық Министрлігі практика жүзінде әр түрлі ауру түрлеріне қолданысқа беруге шешім шығарды.
Эксперимент нәтижесі аса жоғары көрсеткіш көрсетпеді. Топтағы тек бірнеше адам ғана ауруынан айыға алады. Нәтижесінде, А.Н.Стрельникованың тыныс алу жаттығуларымен емдеу тәсілі тиімсіз және әсерсіз болып есептелінді. Кейін бірнеше жылдарды артқа салып, А.Н.Стрельнтковаға тыныс алу жаттығуларының тиімділігін дәлелдеу тұрғысында талмай жұмыс жасауға тура келді.
Александра Николаевна Стрельникова 77 жасында өмірден өтті. Ол өз өлімімен емес, қайғылы жағдайда қаза тапты. Өмірінің соңғы уақыттарына дейін ол күш-қуатқа бай, өміршең адам болатын. Осы ішкі қуатты Стрельникова тек өзіне ғана емес, жанындағыларға да аурудан айығып, дендеріне саулық сыйлап, жан-дүние байлығы мен физикалық тұрғыда тепе-теңдік сезіне алуына бағыттайтын. Қазіргі таңда А.Н.Стрельникованың тыныс алу жаттығулары біздің елімізде кең ауқымда таралған. Ол тек айығу тәсілі ретінде ғана емес, сонымен қатар, әр түрлі аурулардың алдын алу профилактикасы ретінде де танымал. Осы тұста оның тиімділігін шетел мемлекеттері де мойындағанын айта кету керек. Шетел мамандары қазіргі таңда А.Н.Стрельникованың тыныс алу жаттығуларын тыныс алуды реттеуге бағытталған терапевтік кешенге ендіріп қойған.
Жаттығу 1: «Жұдырықтар»
Аталмыш жаттығу А.Н.Стрельникованың тыныс алу гимнастикасының ең бір жеңіл түрі болып саналады. Оны орындау кезінде өкпе, тыныс алу органдары және саусақтар қозғалыста болады.
Бұл жаттығуды орындау үшін мынадай бастапқы қалыпта тұру қажет: өкше бірге, аяқты, кеудені тік ұстап тұру, қол жанымызда дене бойымен ұстап, барлық бұлшықеттерді бос ұстау керек.
Бұдан соң қысқа, шулы және жылдам ретпен ішке дем алу, ауа мұрын арқылы ішке тартылады, осы мезетте саусақтарды бүгіп, жұдырыққа түйеміз. Жаттығу осы темпте жалғасады, яғни, жылдам ішке дем алып, жұдырықтарды түйеміз, және демді баяу шығарып, саусақтарды бос жібереміз.
Жаттығуды 4 реттен кем қайталамауымыз қажет. Кейін 3-4 сек демеламыз, қайтадан жаттығуды 4 реттен жасап, арасында демела отырып, 24 рет жасауымыз қажет.
Жаттығу 2: «Мысық биі»
Бұл жаттығуды орындау үшін мынадай бастапқы қалыпта тұру қажет: түзу тұру, аяқ түзу, иық деңгейінде, басты жоғары көтеру, иықты түзу ұстау, қолды дене бойымен төмен түсіру. Шынтағымызды шамалы бүгіп, саусақтарды жұдырыққа түйіп, шамалы отырып, денені сол жаққа қарай бұра отырып, белсенді ішке дем алу қажет. Дыбыс шығара дем алуға да болады және одан еш қысылудың қажеті жоқ.
Осыдан кейін бастапқы қалыпқа оралып, түзу тұру, қолды төмен түсіру, аяқтарды тіктеп, демді сыртқа шығару керек.
Жаттығуды сол жаққа орындап болған соң дәл сол ретте оң бағытқа да жасау міндетті. Қайта бастапқы қалыпқа оралып, денені бір сол тұсқа, бір оң тұсқа бұра отырып, аталмыш жаттығуды 12 рет қайталау қажет.
Жаттығуды толықтай меңгеру үшін қиялдау да қажет. Берілген элементтерді орындау барысында өзіңізді оң (сол) бағыттағы кішкентай құсты ұстап алуға ұмтылған мерген мысықтай сезінген дұрыс.
Жаттығу 3: «Допты үрлейміз»
Бұл жаттығуды орындау үшін мынадай бастапқы қалыпта тұру қажет: түзу тұру, басты жоғары көтеру, иықты түзу ұстау, қолды дене бойымен төмен түсіру, аяқ иық деңгейінде, өкше бірге.
Одан соң азғана иілу, қолды босаңсыту, алға созып салбырату, иықты айналдыру, басты төмен түсіріп, бұлшықеттерді босаңсыту және бір мезетте мұрын арқылы жедел және қарқынды дем алу, содан соң бастапқы қалыпқа оралып, сол мезетте ауыз арқылы баяу дем шығару қажет.
Кейінгі жаттығуларда дененің жоғарғы бөлігі бұлшықеттерін босаңсыта отырып, дауыстай, белсенді дем алып, бастапқы қалыпқа оралу, түзелу, басты жоғары көтеріп, иықты түзелту, қолды дене бойымен төмен түсіру. Бұл жаттығуды орындау үшін демді ішке тарту кезінде қандай да бір кеселінізді бойыңыздан қуып жатқандай күшпен және жедел түрде іске асыру қажет.
Аталмыш жаттығудың тәсілін толықтай меңгеру үшін қиял мен ойңа берілу керек сияқты. Өзімізді резеңке допты үрлейін деп жатқандай күйде сезіну қажет. Бұл кезде допты бойымыздан арылту керек ауру деп санасақ та болады. Бәрімізге белгілі, допты артық күш сала үретін болсақ, ол жарылып қалуы мүмкін. Сондықтан да, әр ішке дем алуды «допты» жарып жіберерліктей күшпен жасауға болмайды. Демді ішке тартып, ауруыңызды бойыңыздан қуарлықтай демді сыртқа мұқият шығарамыз.
Жаттығу 4: «Жүкті тастаңыз»
Бұл жаттығуды орындау үшін мынадай бастапқы қалыпта тұру қажет: түзу тұру, аяқтар иық деңгейінде, өкше бірге, басты жоғары көтеру, иықты босату, шынтақты бүгіп, белге қою; бұл кезде саусақтар жұдырыққа түюлі болуы тиіс.
Бір дегенде қолды дене бойымен төмен түсіру, саусақтарды босаңсыту, ішке дем алу; осы мезетте иықтан және қолдан күшті түсіргендей сезіну қажет. Қол төмен түскен сәтте иық пен білекке барынша күш салу керек.
Осыдан соң бастапқы қалыпқа оралып, қолды белге қойып, саусақтарды жұдырыққа түю, және демді баяу сыртқа шығару қажет.
Аталмыш жаттығуды орнында тұрып, отырып, немесе жатып та орындауға болады. Алғашқы екі күн арасында 10 секундтан тынығып, жаттығуды 12 реттен жасау қажет.
Жаттығу 5: «Көңілді күй»
А.Н.Стрельникованың бұл жаттығуын орындау үшін мынадай бастапқы қалыпты сақтауымыз қажет: түзу тұру, басты жоғары көтеру, иықты бос қойып, қолды босаңсытып, дене бойымен төмен түсіру, аяқты түзу қойып, шамалы босаңсыту;
Бір деген де сол аяқпен алға қарай кішігірім адымдау қажет, тізе тұсынан аяқты жеңіл бүгу, оң аяқты аяқтың ұшына қойып, дененің бар салмағын сол аяққа сала отыру, шынтақты кеуде тұсына бүгу, дауыстап ішке дем алу, кейін демді сыртқа шығара бастапқы қалыпқа оралу.
Берілген жаттығуды 8 реттен қайталай отырып жасауға кеңес беріледі. Әр жаттығу арасында 10 секундтан кем емес дем алу қажет.
Стрельникованың балаларға арналған тыныс алу жаттығулар реті
«Қуғындар» - тік тұрып, аяқты қосу, қолды жіберу; қолдарын жанына көтеріп, одан кейін денесінің алдына қарай бұлғау; демдерін тез шығару;«Итбалық» - отырып, бір қолын ішіне, екінші қолын кеудесіне қою; ішін тартып, демін ішке алу, кеудесін төмен түсіріп,ішін жіберіп томпайтып ауаны сыртқа шығару.«Басын бұру» - түзу тұрып, аяқтарын иық деңгейінен сәл ашамыз; басын бір жағына бұрып, дыбыспен демін ішке тарту, басын екінші жағына бұрып, дыбыспен демін сыртқа шығару;«Үлкен маятник» - түзу тұрып, аяқтарын иық деңгейінен сәл ғана ашып қою; ілгері еңкейіп, еденге қарай созу, демін ішке алу; тоқтамастан артқа шалқаю, қолымен иықтарын құшақтау, жаттығулардың арасында демін сыртқа шығару.«Кеудені бұру» - түзу тұру, аяқ арасын иық көлемінде қою; қолдары дененің бойымен; денені бұрған сайын дыбыспен демді ішке жұту; жаттығу арасында демді сыртқа шығару;«Көкжиек» - түзу тұрып, қолдарын шынтақтан көтеріп, алақанды көрсету; дыбысты қысқа дем алу, демді мұрыннан шығару және саусақтарын жұдырыққа қысу;
Бастаушыларға пайдалы кеңестер: Тыныс алу жаттығуларына кіріспес бұрын, аталмыш жаттығудың нақты мақсат-міндеттерін білу керек. А.Н.Стрельникованың тыныс алу жаттығуларына адамдар көбіне қандай да бір ауруға шалдыққан кезде кіріседі. Осылайша, аталмыш жаттығулар психологиялық, ішкі жан және қимыл-қозғалыс күштерін жинақтауға көмектеседі. Стрельникованың тәсілі бойынша тыныс алу жаттығуларының басты мақсаты, ең алдымен бойдағы ауруды қууға, одан арылтуға көмектеседі. Жаттығуды орындай отырып, өз бойыңыздан кеселді қуып, бойыңыздағы жағымсыз эмоцияларды сыртқа шығарып тастауға тырысқан қалып көрсету қажет. Көптеген емделушілер Стрельникованың жаттығуларын жасау арқылы бір-ақ күнде ауруымнан айығам деген ойда болады. Бірақ, бұл дұрыс ой емес екенін барлығымыз түсінеміз. Аурудан айығу үшін ол адамға көп күш-жігер, қайрат, шыдамдылық қажет болады. Тезірек айығам деген оймен денеге күш салып, жаттығуды барынша артық жасау – тым өрескелдік, себебі, артық әрекет денсаулыққа кері әсерін береді. Жаттығуды берілген ереже бойынша жасау керек.Емделуші тек қимыл-қозғалыс тұрғысында ғана емес, психологиялық тұрғыда да дайын болуы қажет. А.Н.Стрельникованың өзі барлық жаттығулардың ішкі жан-дүние тыныштығын табуға бағытталғанын айтады. Әрбір гимнастикалық комплекс емделушіге қуаныш пен рахат сыйлауы керек. Олай болмаған кезде жаттығудың тиімділігі кеми түсері анық.