Б?рышты? т?рлері. Тікб?рышты сыз?ыш (5 сынып)


ШҚО Үржар ауданы Елтай ауылының
«Қ.Игенбайұлы атындағы орта мектеп-
бақшасы» КММ-нің математика пәнінің мұғалімі
Жомартова Назымгуль Беисембековнаның сабақ жоспары
Күні:. 22.10.2016 сабақ Сыныбы 5 Оқушы саны:
Сабақтың тақырыбы Бұрыштардың түрлері. Үшбұрышты сызғыш (жаңа сабақ)
Сілтеме «Математика 6» Т.А.Алдамұратова «Атамұра», 2015
Жалпы мақсаты Бұрыштардың түрлерін анықтауға, бір-бірінен ажыратуға дағдыландыру. Үшбұрышты сызғыш арқылы тік бұрышты сызуға дағдыландыру
Оқыту нәтижелері Бұрыштың түрлерін біледі; бір-бірінен ажырата біледі; есептердің шешілу барысын талдап, қорытынды жасайды
Сабақта туындаған негізгі идеялар Жазыңқы бұрыш арқылы оқушылар тік бұрышты, тік бұрыштың 900 мәні арқылы сүйір және доғал бұрышты ажырата білетін болады
Модульдер Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер (диалогтік оқыту), АКТ, Оқытуды басқару және көшбасшылық, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Көрнекілігі Слайд, проектор тақта, түйінді сөздер, транспортир, үшбұрышты сызғыш, бағалау парағы, кері байланыс плакаты
Бағалау көрсеткіштері Жаңа материалды меңгеруі; Есеп шығаруда қолдануы; Жылдам ойлай білуі
Сабақтың
барысы Уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
1.Ұйымдастыру кезеңі 5 мин а) Окушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа деген көңіл-күйлерін сұрау; Оқушыларды әдіс бойынша 3 топқа бөліп отырғызу,
ә) Бағалау парақтарын ұсыну;
б) Топ көшбасшысын тағайындатып,оған топ мүшелерін бағалау критерийлері бойынша бағалауды ұсынады
в) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіреді
г) Жүру жолы арқылы бұрыштың пайда болғанын түсіндіру. Сабақтың тақырыбын жазғызу Оқушылар топқа бөлініп отырады, бағалау критерийлерімен танысады, топ көшбасшысын анықтайды
2. Өткенді пысықтау 3 мин «Адасқан әріптер» әдісі бойынша дұрыс терминді табуды ұсынады, анықтамасын қайталатады
ШҰБЫР-бұрыш
ТРИСАБИССЕК-биссектриса
ТИРТРАНСПОР-транспортир Оқушылар дұрыс терминді табады, анықтамасын береді
3.Жекелей жұмыс 2 мин «Қызығушылықты ояту»: Бұрыш элементтерін көрсету:
Бұрыштың қабырғалары;
Бұрыштың төбесі;
Жазыңқы бұрыштың градустық мәні;
Биссектриса; Транспортир Оқушылар слайдтан аталған элементтерді көрсетеді
3.Топтық жұмыс
2мин Мәтіннің белгілі бөлігін оқушыларға өз беттерімен оқытады:
Ітоп- тік бұрыш
ІІтоп- сүйір бұрыш
ІІІтоп- доғал бұрыш Оқушылар өздеріне берілген бөлікті оқып түсінеді
6мин Топпен талдап, арасынан бір оқушы түйінді сөздерді ретімен орналастыру арқылы түсіндіруге шығуды ұсынады Оқушылар түйінді сөздерді ретімен қойып, қалған оқушыларға анықтаманы түсіндіреді
2мин Мұғалім тақырыпқа қосымша мәліметтер береді:
«Толық бұрыш», (1800*2=3600)
«Үшбұрышты сызғыш» (тік бұрыш сызуды көрсету) Оқушылар түсінеді
Сызып үйренеді
4. Сергіту сәті 2 мин

Сөзжұмбақ сұрақтарын оқиды Жауап береді
5. Оқулықпен жұмыс 15мин Оқулықта берілген есепті шығартады, талдатады
№464, 466, 467, №471 есеп
«Келісемін, келіспеймін» Оқушылар есеп шығарады
2мин Сәйкестендіру тестін сұрайды Оқушылар жауап береді
6. Кері байланыс 2 мин «Бағдаршам» парағы арқылы мұғалім оқушының бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгені туралы жазуды ұсынады Оқушылар стикерлерге аттарын жазып, жасыл-түсіндім, сары-сұрағым бар, қызыл-түсінбедім деген түстерге стикер жапсырады
7. Бағалау
3 мин
Бағалау парағының критерийлері бойынша топ басшысының тобын бағалауына қарап мұғалім бағасы арқылы жиынтық баға қойылады Топ басшысы топтағы оқушыларды бағалайды
8. Қорытындылау. Үйге тапсырма
1 мин §3.2 «Бұрыштардың түрлері. Үшбұрышты сызғыш», №465 есепті үй тапсырмасына береді Оқушылар берілген есепті үйге тапсырма ретінде алады