Жылу ?оз?алт?ыштары. Жылу ?оз?алыстарыны? р?лі.


«____»_____ ________ Класы: 10 «Ә» Пәні: физика
Сабақтың тақырыбы Жылу қозғалтқыштары. Жылу қозғалыстарының рөлі.
Мақсаты Жылу қозғалтқыштары. Жылу қозғалыстарының рөлі туралы түсінік қалыптастыру, ой шапшаңдығын жетілдіріп, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Сыни ойлауын қалыптастыру, ұжымдық жұмысқа дағдыландыру
Оқыту нәтижесі Сыни ойлауы артады, сөйлеу мәдениеті дамиды, топтық – ұжымдық жұмысқа дағдыланады, білімін жинақтайды
Түйінді идеясы Жылу қозғалтқыштары мен жылу қозғалтқыштарының ролі туралы мәлімет алады
Әдіс-тәсілдер Сыни ойлау, АКТ, топтық, жұптық және жеке жұмыс, оқыту мен оқу үшін бағалау, жаңа әдіс – тәсілдер, дарынды, талантты балалар
Уақыты Ресурсы Сабақтың мазмұны:
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау
1'
Амандасу
А) Оқушылармен амандасу, «Қарлы кесек» тренингі арқылы класқа жағымды қарым – қарым орнату «Қарлы кесек» тренингі арқылы оқушылар жаман, ұнамайтын қасиеттерін бойларынан алып тастау 1'
Ұлттардың суреттері Топқа бөлу. Қазақ, орыс, ағылшын ұлттары бойынша 3 топқа бөлу Қазақ, орыс, ағылшын киімдерін киген суреттері бойынша оқушылар 3 топқа бөлінеді 2' Интерактивті тақта, слайд Үй тапсырмасын сұрау
Термодинамиканың І заңы Термодинамиканың ІІ заңы Венн диаграммасы бойынша

үй тапсырмасын сұрау.
Термодинамиканың І заңы мен термодинамиканың ІІ заңдарының ұқсастығы мен айырмашылыын Венн диаграммасына жазу Саусақ көтеру арқылы
5' Қызығушылықты ояту.
Өтетін тақырып бойынша ертегі айтып, оқушылардың ойларының жалғастыруына байланысты сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашып алу Оқушылар мұғалім айтқан ертегін өз ойлары бойынша аяқтайды 15' Слайд, интерактивті тақта, интернет, кітап Мағынаны ашу.
«Елші» әдісі бойынша мәлімет жинақтау.
І, ІІ топ берілген тақырып бойынша презентаия құрады, ІІІ топ сұрақтар дайындап, интервью алады. Бағалау парақшалары арқылы
1' Сергіту сәті
Би
3' Жіп, стикер «Кір жаятын жіп» ойыны арқылы жаңа сөздерді игерту бойынша жаңа сөздер тақтаға ілініп, сөздердің мағынасы ашылады «Кір жаятын жіп» ойыны арқылы жаңа сөздер тақтаға ілініп, сөздердің мағынасын ашады Жетон бойынша бағалау
10' видеоролик Видеоролик көрсетіледі, «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы ойларын жеткізуін сұрайды
Видеоролик көрсетіледі, «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс)
3 шапалақ
4' Қорытынды:
«Сиқырлы сұрақ» Жуан, жіңішке сұрақтар қою
1.Жылу қозғалтқышының мағынасы қандай?
2.Жылу қозғалтқышы өмірде болмағанда не болар еді?
3.Жылу қозғалтқыштары маңызды ма? Оқушылар берілген сұрақтарға дәлелдермен жауап береді Бағдаршам арқылы
2' Ағаш суреті Рефлексия
Білім ағашына бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазу
Стикерлерге бүгінгі сабақ туралы алған әсерлерін жазады 1' Үйге тапсырма
Жылу қозғалтқыштары туралы презентация құрып келу