Тіл дамыту саба?тарында о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту жолдары
Тіл дамыту сабақтарында оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.
Спандиярова Гульнар Рысбекқызы
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Алматы облысы, Қарасай ауданы
Қаскелен қаласы
Білім беру мекемесі «Аяжан Қарасай» колледжі
Білім саласындағы бет-бұрыстың негізгі мақсаты-оқу-тәрбие үрдісін түбегейлі өміршеңдету, жаңашылдандыру. Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүние танымы жоғары, бәсекеге қабілетті жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Әр сабағымда дамыта оқыту технологиясын, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау дамыту технологиясын қолданамын. Бұл технологиялардың оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше.Оқушылардың ойы шыңдалып,белгілі бір жетістіктерге жетеді,танымдық белсенділігі,сабаққа қызығушылығы,шығармашылық қабілеттері дамиды. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.
Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі - дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин – В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Республика білім және ғылым қызыметкерлерінің ІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлау білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударған. Отанын сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті. Гуманизациялаудың түпкі мақсаты – оқушыны жан-жақты танымдық ұмтылысы бар субъект етіп, шығармашылық тұлға етіп қалып-тастыратын, дамуға апару. Ғылыми әдебиеттерде әр саладағы ғалымдар-өркениетті деңгейге жету үшін, гуманизациялаусыз әлеуметтік прогресс туралы сөз қозғауға болмайды деген салмақты пікір айтады. Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамыры адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған – дейді.Адамның ақыл – ойын, қабілеттерін дамыту арқылы осы бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы - Әл Фараби болады. Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөздерінде ( 43-сөзі). Бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалаған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан екен. «Қабілеттер - адамның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері » -деген де анықтама бар. «Мүмкіндік білім де, дағды да емес. Ол адамның белгілі бір істі орындауға даярлығы »– деп қарастырады Ә.Алдамұратов. Психологтер қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді.
Репрадуктивті (өнімсіз) - іс-әрекетті, не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.
Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Ал «шығармашылық» сөзінің мәні неде? десек, «Шығармашылық» сөзінің төркіні (этимологиясы) «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды.
«Шығармашылық» мәселесін терең зерттеген Я.Н.Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интелектуалдық тұрғыдағы баланы жаңа психикалық сапаға көтереді. И.Левитовтың пікірінше, оқушыларды, шығармашылық қабілеттері деп біз іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және олардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің көрінуі болып табылады. Оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілеті, олардың белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, яғни оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.Сондықтан да әрбір педагог балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің, келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіші екенін ұмытпай, оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларды соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.
2.Әр жеке адамның шығармашылық кезеңі жаңалық ашуға деген ынтамен
серіктес екенін есте сақтау қажет. Әсіресе, бала бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағыттап, тәрбиелеу-қазіргі таңдағы ата-ана мен мұғалімнің ең басты міндеті.
«Өз біліміңмен балаларды шектеме, олардың туылған уақыты бөлек емес пе»?-деп айтылған пікірге зер салып қарасақ. Қазіргі таңдағы баланың көзқарасы, уақыты қандай, олар неге дайын болу керек?
Оқушыны неге дайындаймыз?
О * Қоғамның белсенді азаматы болуға;
қ * Қалаған іске жауапкершілікпен қарауға;
у * Өз ойын, көзқарасын құра білуге;
ш * Сұрақтар қойып, оны жан-жақты талқылай білуге;
ы * Ойын еркін жеткізіп, шығармашыл ізденісті қалыптастыруға;
Осындай жоспарды алдыма қоя отырып, ұстаздық өмірдегі тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым –баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру.
Осы мақсатпен тіл, таңдаулы пән сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту- негізгі ұстаным.
1. Дүниетанымдарын кеңейту.
2. Жеке қабілеттерін көре білу, оны дамытуға толық мүмкіндік туғызу.
3. Қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру
4. Бойындағы қасиетіне қарай ізденуге жол көрсету.
5. Өз жұмысының нәтижесін көру.
6. Өз-өзіне сын көзбен қарауына.
7. Жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беру.
Негізгі мақсатым:
1. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, сабақтың тартымды өтуіне пайдалану.
2. Жаңылтпаштармен баланың тілін ширатып, мүдірмей сөйлеуіне үйрету.
3. Жұмбақтар арқылы жас жеткіншектің тапқырлық пен дүниетанымын қалыптастыру.
4. Мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы оқушылардың ойларын түйіндеу.
5.Суреттер арқылы қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушыға түрлі тақырыпта мазмұнды шығарма жаздырту жұмысы орын алады. Бұнда ескертетін бір мәселе- бұл оқушыға ең алдымен шығарманың үлгісін көрсету немесе тірек схема беру. Себебі, кез–келген оқушы бірден шығарма жазуға қиналатыны сөзсіз. Екіншіден, ересектердің ықпалынан құтқару мақсатында оқушыға алдын-ала осы бағытта ізденуіне жағдай жасай отырып, шығарманы іште, яғни сыныпта жаздырту. Үшіншіден, ерекше бір ескертетін мәселе- бұл оқушы еңбегін бағалау. Бұнда мұғалім ең алдымен, оқушының ізденісін, айтайын деген ойын бағалай білуге тиіс.
Баланың ойын дамытып, оны шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулитын жұмыстың тағы бір түрі- бұл жұмбақтар, ребустар, сөзтізбектер құрастыру.
Тіл дамыту сабағынағы алдыма қойған мақсатым:
1. Берілген мәтіндер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейтіп, сөздік
қорларын арттыру.
2. Оқушылардың тілін ұстартып, білімін толықтыруына, сауатты жазуына, еміле бойынша жұмыс жасай білуге төселдіру.
3. Құрал оқушының кітап оқуға құштарлық сезімі мен шығарманы
түсініп оқу қабілетін қалыптастырады.
4. Оқушылардың көркем шығармаларды оқуы, суреттер бойынша ой-
өрісін дамытып, жан-жақты жеке тұлға ретінде қалыптастырылады.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар тіл дамыту сабағында көркем шығармаларды оқи отырып дамиды, тыңғылықтылық жұмыс жасап, білімділік негіздері жетіледі.
2. Әрбір оқушы ізденеді, сабаққа белсенді қатыстырылып, ойын еркін айтып, жазып шығармашылық, ойлау қабілеттері және сын тұрғысынан оқу және жазу әрекеті дамытылып, жетілдірледі.
3. Оқушылардың жазба тілінің дамуына ықпал ету.
Дәстүрлі оқыту баланы жаттауға есте сақтауға үйретсе, ал дамыта оқыту баланың дербес жұмыс жасауына, алған білімдерін өмірде пайдалануға үйретеді. Жазу нақтылыққа баулиды. Жазу ойды жүйелейді. Адамның қабілет ерекшелігіне, психологиялық жағдайына жазу тікелей байланысты. Жазуға қызықтыру маңызды. Дәстүрлі жазба жұмыстарында оқушы ойын нормадағы сөз санына сыйғызады. Еркін ойын жазу шектеледі. Мәтінге өз ойын қосқанмен, дәлелдеуге дәрменсіз болады. Сөздік қорындағы сөздерді пайдалану жолдарын біле бермейді. Өз-өзіне сене алмайды. Кейбір қиындық заман талабынан туындайды. Орта балаға әсер етеді. Жаңашылдыққа ұмтылуды мақсат етті. Сауаттылыққа талап күшейтілді. Ой әсемдігін мәнерлі сөзбен жеткізу көзделді. Оқушы өзі қызыққан дүние туралы жазады. Тақырып таңдайды, өз ойларын еркін жазуға төселеді. Жазатын оқушыларды мадақтау, газет-журналдарға беру. Оқушылардың осылайша белсенділігін арттырып, ізденіске салу қажет деп білемін. Кедергіні жеңіп нақты жазуға үйрету.
Тіл дамыту схемасы
1.Тақырып немесе үйрететін нәрсе
2.Ойына шек келтірмей, тақырыпқа сай жауап жазуға үйрету.
3.Тірек сөздерді пайдалану және сөздік жұмыс істеуге үйрету
4.Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс
5.Білімін жүйелеуге үйрету, өз көз қарасын дәлелдеу
6.Топтастыру, салыстыру, орта қасиетін салыстыру
7.Ойын ашық жазу
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Оқушы жеке жұмыстануға жаттығады, өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.