Саба? жоспары: Натюрморт жанрыны? ?ркендеуі. Натюрморт ж?не тарих. Саба?ты? ма?саты:


Бейнелеу өнері
Ормағанбетова Ж
04.04.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Натюрморт жанрының өркендеуі. Натюрморт және тарих.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бірбірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастыру,
өзін-өзі сынай қарауға дағдыландыру, оқушылардың өзін-өзі
тексеру, оқушылардың бірін-бірі тексеруі, оқушылардың
ойлау қабілетін арттыру.Мәтінді қос тілде(орыс тілі) меңгерту.
ә) Дамытушылық: Оқушыларды сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту
арқылы өз ойын тұжырымдауға және басқалардың
көзқарасын сыйлауға үйрету.
б) Тәрбиелілік: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа,
жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық
талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл,
әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Түрлі қарындаштар, өшіргіш, қағаз көркем суретті альбомдар, акварель, гуашь, қылқалам түрлері, дидактикалық құралдар және т.б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу және сабақтың тақырыбын жариялау.
Өткен сабақты қайталау (сұрақ-жауап арқылы)
1.Сызықтық перспективаның ережелерін айтып бер.
(Назови правила линейной перспективой)
2. Қандай композицияларды ашық немесе жабық деп атайды?
(Какую композицию называют открытой, а какую закрытой?)
3. Мұндай композициялар туралы не айта аласың?
(Что ты можешь рассказать об этих композициях ?)
4. Композициядағы тепе-теңдік деп нені айтады?
(Что такое равновесие в композиции?)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Өнердің ең құнды түрінің бірі – бейнелеу өнері.Бұл өнер адамның көркемділік ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады.
Натюрморт (өлі табиғат) – бейнелеу өнерінің жанрының бірі. Қоршаған ортадан бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктерді бейнелеу.
Натюрморт – жансыз заттар мен әп түрлі бейнеленген көркем сурет құрылымен орындалған көркем шығарма болып табылады.
Натюрморт – қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді.
Қарапайым натюрморт екі, үш заттан аспайтын, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады.
Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан тұрады.
Оқулықпен жұмыс жүргізу.
Тапсырмалармен жұмыс жүргізу.
Дәптермен жұмыс.
Натюрморттың екі түрі бар. Әдемі, сәнді заттарды бейнелейтін натюрморттар. Мұнда заттар өз сапасын, ерекшелігін көрсетеді. Екіншісі заттарды қолданған адамдар жайында сыр шертетін натюрморттар.
Натюрморт жеке жанр болып бірден қалыптасқан жоқ, яғни суретшілер тек жансыз денелерден ғана тұратын картиналарды бірден жаза бастамаған. Жансыз заттардың неғұрлым шыншыл бейнелері Грекия мен Римде ерте замандарда пайда болды. Ежелгі римдік Помпей қаласына қазба жұмыстарын жүргізгенде адамдар тұтынған тұрмыстық заттардың алғашқы бейнелері табылған. Ғалымдар бұл қабырға өрнектерін біздің дәуіріміздің I ғасырына жатқызады. Суретшілер құдайлар мен ауқатты адамдардың думандарын храмдар мен сарайлардың қабырғаларына бейнелеген кезде тұрмыстық бұйымдарды да жаза бастаған. Бірақ олар әлі «натюрморт» деп аталмаған және мозаикалар мен фрескалардағы (қабырғаның кеппеген сылағына ойып орындалатын суреттер) бейнелердің негізгі бөлігіне айналмаған. Заттар адам тұрмысының ажырамас бөлігі ретінде суретшілердің назарынан тыс қалмасы белгілі еді.
Орта ғасырларда әр түрлі жансыз денелерді бейнелеу басқа жанрлар шығармаларында толықтырғыш бөлшек ретінде жиі көріне бастады. Мына суреттегі IX ғасырдың миниатюрасынан жансыз заттарды - кітап, қалам, сиясауытты көріп отырсың, бірақ олар натюрморт болып құралмаған. Кейінірек суретшілер бұл заттарды өз натюрморттарында жиі бейнелейтін болған.
Ұнаған тапсырманы таңдап, оны орында.
1. Кітаптар, энциклопедиялар мен көркем фильмдер бойынша белгілі бір тарихи кезеңмен таныс. Сол тарихи кезеңді бейнелейтін натюрмортты есіңе түсір.
2. Натюрморт арқылы болашаққа өзің туралы не айткың келетінін ойлан. Онда өз болмысыңды, мінез-құлқыңды білдіретін қандай заттарды бейнелер едің? Енді сол натюрмортты салуға кіріс.
3. Үйіңде өз жанұяңның тарихына байланысты бірнеше заттарды тауып алып, олар жайында ата-анаңнан, әжеңнен сұрап біл. Сол заттардан натюрморт құрастыр.
4. Белгілі бір мамандық иелері қолданған заттар бейнеленген натюрморттар жиі кездеседі. Мысалы, натюрмортта музыкалық аспаптар бейнеленсе, олардың иесі музыкант екен деп болжауға болады. Сен де белгілі бір адамның мамандығын немесе кәсібін білдіретін натюрморт орында.
Сабақты бекіту.Көрнекіліктермен жұмыс.
а) Мына натюрморттарға мұқият қарап, жансыз заттар не жайында сыр шерте алатынын айтып бер. (Посмотри эти натюрморты. О чём они тебе рассказали?)
б) Қай натюрморт саған көбірек ұнады? (Какой натюрморт тебе понравился больше всего?)
в) Балалар бұл жұмыстарда нені айтқысы келген? (О чём хотели рассказать в них ребята?)
г) Әр натюрморттың түстік гаммасын ата. (Назови цветовую гамму каждого натюрморта.)
Сабақты қорыту.
Біз нені үйрендік?
Натюрморт кездейсоқ таңдалған заттардан құралмайды.Олар бір-біріне ұқсайтын туыс заттар болуы қажет. Түс үйлесімділігі ае өте маңызды
Үйге тапсырма беру: Әр түрлі кәсіп немесе мамандық иелерін білдіретін заттардан натюрморт орында.