Саба? жоспары Фигураларды? те?дігі 9кл
Күні: 06.12.2016 ж
Сынып: 9
Пән: Геометрия.
Сабақтың тақырыбы: Фигуралардың теңдігі.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларға фигуралардың теңдігі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау және өз беттерімен есеп шығару қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткіз білуге тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ жауап, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі: Сызғыш.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, тізімін тексеру және оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ:
Мысалы, егер екі кесіндінің ұзындықтары тең болса, онда мұндай кесінділер өзара тең. Егер екі бұрыштың градустық шамалары тең болса онда мұндай бұрыштар өзара тең. Егер АВС үшбұрышы А’В’С’ үшбұрышымен беттесе, онда мұндай үшбұрыштар өзара тең.
Егер F фигурасын F’ фигурасына көшіретін қозғалыс табылса, онда F және F’ фигуралары тең деп аталады.
F=F’
4. Бекіту сұрақтары:
1. Қозғалыс деп нені атайды ? 2. Қандай фигуралар тең фигуралар деп атайды ?
5. Үй тапсырмасын беру
6. Бағалау: Белсенді оқушыға баға қою.