: Техникалы? сурет ж?не оны? ат?аратын міндеті .Техникалы? суретті? аксонометриялы? проекцияда орындал?ан сызбадан айырмашылы?ы. Жазы? фигураларды салуды? ?дістері (ше?бер мен к?пб?рыштар).


Бекітемін---------------------------------
Оқу ісінің меңгерушісі
Мұғалім:Жанысбаева А.А
Күні:
Пәні: Сызу
9-сынып
Сабақ: №
Сабақтың тақырыбы: Техникалық сурет және оның атқаратын
міндеті .Техникалық суреттің аксонометриялық проекцияда орындалған сызбадан айырмашылығы. Жазық фигураларды салудың әдістері (шеңбер мен көпбұрыштар).
Сабақтың мақсаты: Техникалық сурет және оның атқаратын
міндеті .Техникалық суреттің аксонометриялық проекцияда орындалған сызбадан айырмашылығы. Жазық фигураларды салудың әдістері (шеңбер мен көпбұрыштар).
Сабақтың мақсаты:
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға техникалық сурет және оның атқаратын міндеті мен аксонометриялық проекциядан айырмашылығын түсіндіру. Жазық фигураларды салудың әдістерін көрсету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттырусонемен бірге өз бетінше әдебиеттер мен анықтамалық оқу құралдармен жұмыс істеуін арттыру
3. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа, өз ойын қағаз бетіне түсірудегі ұстамдылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық
Пән-аралық байланысы: математика, геометрия, бейнелеу өнері
Сабаққа қажетті материалдар: Сызба құралдары,гометриялық денелер,ұтымды-көрнекі суреттер ( плакаттар) , интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері,
Оқушылардың орындаған графикалық жұмыстары(үлгі ретінде )
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды оқу журналы бойынша
түгелдеу. Дәрісхана тазалығын бақылау. Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу –құрал жабдықтарын тексеру. Оқушылардың ықылас-зейінін сабаққа аудару.
Өткен сабақты қайталау
а )Auto CAD бағдарламасының тиімділігі
ә)Геометриялық денелерді атаңдар
б) Айналу осі бар геометриялық денелерді атаңдар в)Көпжақты геометриялық денелерге қандай денелер жатады ?
г)Кешенді сызба дегеніміз не?
Жаңа сабақ. Нәрсенің кескіндерін екі әдіспен алады :Монтаж эпюрі және аксонометрия . Сызбаны монтаж эпюрінде , яғни өзара перпендикуляр жазықтықтарға тік бұрыштап проекциялау әдісімен орындайды. Сызбаны қолдан масштабсыз салуғада болады . Ондай кескіндерді эскиз деп атадық.Аксонометриялық проекциялар көмекші міндет атқарады және оларды салу қиын. Сондықтан аксонометрияныда қолдан сызба салу құралдарын қолданбай, салуға болама деген сұрақ туадв. Әрине, болады Осындай сызба сызба құралдарын қолданбай қолдан көз мөлшері масштабын сақтап салынған детальдың аксонометриясын техникалық сурет деп атайды
Конструкторлар жаңа машинаның проектірлерін жасауда техникалық суреттерді кең түрде пайдаланады.Атақты авиоконструктор А. Н.ТУПОЛЕВ, А. С. Яковлев және О.К.Антоновтар салған техникалық суреттердің техникалық проектірлерді іс жүзінде жүзеге асыруда пайдаланылғанын айта кету керек.
Аксонометриялық проекцияларды қалай салсақ ,техникалық суреттердіде солай салу керек. Тік бұрышты изометрияда осьтері ( х,у және z) өзара 120 º бұрыш жасап орналасады. Z осін вертикаль орналастырады. Сонда х және у осьтері тік бұрышты үшбұрыштардың гипотенузасына параллель жүргізіледі. Бұл тікбұрышты үшбұрыштардың бір катеті z.осімен бағыттас,ал екінші катеті z осіне перпендикуляр және олар 3-5қатынасындай болады.Эскиздегі сияқты техникалық суретті салуда детальдің бөліктері аралығындағы пропорционалдықты сақтауға аса көңіл бөлінеді.Мысалы, іші қуыс цильиндр пішінді дененің техникалық суретін салайық.Салу жұмысын бірнеше кезеңге бөлген дұрыс.
1-кезең. Детальді тік бұрышты натурал координаттар жүйесімен байланыстырады.Қарастырылып отырған дене үшін z осі цилиндрлер өсімен біріксін және бас нүкте жоғарғы табаныныңцентірі болсын.Сурет салынатын қағазға х,у және zосьтерін жүргізеді.z осін вертікаль орналастырады және оған шамамен перпендикуляр түзу жүргізеді. Соңғы түзудің бойына оңға және солға қарай бес-бестен өзара тең кесінділер салып олардың ұштары арқылы z-қа паралель түзулер жүргізіледі .Осы түзулерге төмен қарай жоғарыда алынған кесіндіге тең үш-үштен кесінділер салады. Сонда пайда болған тік бұрыты үш бұрыштардың гипотенузалары х және у осьтерін береді.
2-кезең. Шеңберлер элипстерге кескінделеді. Эллипстерді салу үшін оның осьтерін білу керек .Үлкен ось шеңбер диаметрінен 1,22 есе үлкен болатынын ескеріп, ойша оның мәндерін табады.z осіне перпендикуляр түзуге эллипстің үлкен осьтерінің ұштарын белгілейді. Кіші ось шеңбер диаметрін 0,71-ге көбейту арқылы табылады. Кіші осьтің мәнін де ойша есептеп z-тың бойынан оның ұштары болатын нүктелерді белгілейді. Аксонометрияда x және y осьтері бағытында ұзындықтар бұрмаланбайды,сондықтан аталған осьтерге шеңбер радиусына тең кесінділер салсақ, эллипстің тағы да төрт нүлтесі белгіленеді. Қарастырылып отырған мысал үшін үш эллипс салу керек.
3-кезең. Табылған нүктелері бойынша эллипстерді жүргізеді. Цилиндрдің жоғарғы табанындағы эллипстер (екі эллипс) толық тұрғызылады, ал төменгі табанындағы сыртқы эллипсті салу жеткілікті.
4-кезкең. Сыртқы эллипстерге ортақ жарнамалар жүргізіледі. Көмекші сызықтарды өшіреді. Аксонометрияны қолдан салу осымен аяқталады.
Техникалық суреттерде детальдың көлемділігін баса көрсету үшін көлеңкелер салынады. Жарық детальдың сол жақ үстінен түседі деп қарастырылады. Көлеңке бір нәрседен екінші нәрсенің бетіне түсуі мүмкін. Мұндай көлеңкелерді құлайтын көлеікелер деп атайды. Детальдың жарық түспейтін беті күңгірт, ал жарық түсетін беті ашық болып көрінеді. Күңгірт болып көрінетін бетке де көлеңке түседі, бірақ бұл көлеңке детальдың өзінен түседі. Сонда өзіндік көлеңке аталатын көлеңке шығады. Техникалық суреттерді тек өзіндік көлеңкелер ғана салынады.
5-кезең. Детальдың көлемділігін көрсету мақсатында оның өзіндік көлеңкелерін салады. Көлемділікті көрсетуде үш әдіс қолданылып жүр.
1-әдіс. Цилиндрдің жасаушыларына параллель жіңішке сызықтар жүргізіледі. Бұл сызықтардың қалыңдықтары әр түрлі екеіне назар аударыңдар.
2-әдіс. Шраффировка деп аталады. Шраффировкада цилиндрдің жасаушыларына және оның табанындағы шеңберге параллель жіңішке сызықтар жүргізіледі.
3-кезең. Көлеңке нүктелердің көмегімен көрсетіледі. Көқлеңке бірқалыпты болмайтынын білесіңдер. Детальдың жарық түсетін беттері ақшыл болады, ал жарық көзінен қашықтаған сайын оның беті күңгірттене түседі. Сондықтан детальдың бетін бірнеше зоналарға бөлуге болады. Деталь суретінің оң жақ шетінен бастап қарасақ алдымен рефлекс кездеседі. Детальдың бұл шеті жарық көзінен қашық болғанымен оған шағылысқан сәулелер әсер етеді. Рефлекс зонасының ені цилиндр диаметрінің 1/9 бөлігіндей болады. Келесі зона көлеңке деп аталады,ол суреттегі ең күңгірт аудан және оның ені шамамен рефлекс енінен екі есе артық.Көлеңкеден кейін жартылай көлеңке,одан кейін ашық және ең соңында тағы да жартылай көлеңке зоналары кездеседі.Детальдың жарық түсетін бетінде сәулелерді өте күшті шағылыстыратын ауданды көрсетуге болады.Мұндай ауданды блик деп атайды.
Қолданылатын әдебиеттердің тізімі:
Есмұханов Жанұзақ Мұхитұлы « Сызу» Жалпы білім беретін орта мектепке арналған оқулық Алматы Рауан 1996 ж
А:Д:Боголюбов « Сызу» орта мектепке арналған оқулық Алматы Рауан 1980ж.
С: К: Боголюбов « Черчение» Учебник для ССУЗ-ов Москва Машинастроитель 1989 г
С:К: Боголюбов « Индивидуалльные задания по курсу черчения»Москва « Вышая школа » 1978г