Саба? жоспары: Реттік санау математика саба?ы (1 сынып)
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: Реттік санауМектеп:
Күні : Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10 көлемінде тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;
заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар: Ресурстар: түрлі түсті қарындаштар;
санауға арналған материалдар (10 заттан тұратын жинақ).
Тірек сөздер реттік санау; нешінші?
Сабақтың мақсаты: Сандық және реттік сан есімдерді қолданып, заттарды орналасу ретімен реттік санау бойынша санау дағдысын дамыту; реттік және сандық санауды айыра білу дағдысын бекіту.
Сабаққа байланысты деректі материалдарСабаққа қатысты ескертпелерРеттік сан есім — бұл заттарды санау кезінде олардың ретін көрсететін сан есімдер класы. Оқушылар сандық санау туралы түсінікті бекітеді және он көлеміндегі заттарды реттік санау арқылы осы дағдыны қалыптастырады. Олар алғашқы ондық көлемінде сандарды орналасу реті бойынша атауға үйренеді. Реттік сан есімдерді қолданады: бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы.Сабақ заттарды сандық санауды қайталаудан бастаған мақсатқа сай келеді. Оқушылардың білімін қайталата отырып, заттарды сандық санай білу арқылы реттік санай білуді түсіндіруге болады. Оқушылармен он көлемінде тура және кері ретпенсанауды қайталаңыз.
Кіріспе тапсырма. Он оқушыны тақтаға ша-қырып, оларға бір қатарға тұруды ұсыныңыз. Қал-ған оқушыларға оларды санатыңыз. “Бір, екі, үш … он” деп санауды сұраңыз. Енді оқушыларды солдан оңға қарай санауды ұсыныңыз. “Кім бірінші тұр? (оқушының атын атап) санау бойынша нешінші болады? (ең соңғы тұрған оқушының атын атап) санау бойынша нешінші тұр?” — деп сұраңыз.
Барлық оқушыларды ретімен санауды сұраңыз: “Бірінші, екінші, үшінші, …, оныншы”. Оқушылардан “Мына сөз тіркестерінде айырмашылық бар ма?” деп сұраңыз: “Он оқушы” және “Оныншы оқушы”. “Біз соңғы жағдайда реттік санауды қолдандық, яғни ретімен санадық”. Жаңа тақырыпты оқулықтағы сюжетті сурет бойынша бекітіңіз.
Оқушылардан Айжанға кітапханадан кітап алуы-на көмектесуін сұраңыз. Оқулықтағы суретке мұқият қарауды ескертіңіз және қыздың сөреден неше кітап алғанын анықтатыңыз. Тақырыпты бекіту үшін қыздың іс-әрекетін көрсетіңіз. Оқушылардың назарын “бес кітап” және “бесінші кітап” деген ұғымдарға аудары-ңыз. Кітаптарды ретімен санап, (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші кітап) реттік санауды жүргіземіз. Оқушыларға заттарды реттік санау мен сандық са-наудың айырмашылығын түсінуге көмектесіңіз. Қол-данылып отырған сандарды салыстыра отырып, “не-шінші?” және “қанша?” сұрақтары арқылы “реттік”
және “сандық” санаудың айырмашылығын түсіндіріңіз.
Көңілді клоундар. Тапсырма заттардың реттік
санау түсінігін бекітуге мүмкіндік береді. Сынып-пен топтық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға иллюстрацияға қарап, ондағы клоундардың аттарын оқып, сұрақтарға жауап беруін сұраңыз. Оқушылар тапсырманы орындау барысында заттарды реттік санау санақ басына байланысты болатынын түсініп қорытынды жасайды (санау солдан немесе оңнан, жоғарыдан немесе төменнен, т.с.с.). Тапсырманы орындап болған соң, топпен тексеру жұмысын өткізіңіз.
Жауабы:
Сопақ;
Екінші;
Бесінші;
Сөлпек;
Бармақ. Бірінші.
Шығарып көр. Тапсырма реттік сандарды сөйлеуде қолдану дағдысын дамытады. Жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Оқушылардан “Өз үйле-ріңнің мекенжайын білесіңдер ме?” деп сұраңыз. Олардың жауабын тыңдаңыз. Оларға өз үйінің немесе пәтерінің нөмірін айтқанда реттік санауды қолданатынына назар аудартыңыз. Оқушыларға бір-біріне қай үйде, қай қабатта, қай пәтерде тұратыны туралы айтқызыңыз. Жағдайға байланыс-ты сөйлеуде реттік сандарды дұрыс пайдалануға көмектесіңіз. Одан кейін суреттегі кейіпкерлер қай қабатта тұратынын табуды ұсыныңыз. Сұрақ-тар ойлап, оны бір-біріне қойғызыңыз. Сұрақтар мынадай болуы мүмкін: “Киініп далаға шықпақшы болып тұрған ұл бала қай қабатта тұрады?”, “Телефонмен сөйлесіп тұрған қыз бала қай қабатта тұрады?” және т.с.с.
Жауабы:
Алтыншы қабатта;
Оныншы;
Бірінші және оныншы қабатта;
Тотықұс.
Орындап көр. Оқушыларға бірінші партаданбастап санауды тапсырыңыз. Оқушылар жұпта жұмыс істей алады: біреуі тура ретпен санайды, екіншісі кері ретпен санайды.
Ойлан. Оқушылар күнделікті өмірде кездесетінреттік санауға байланысты жағдайларды естеріне түсіріп, мысалдар келтіреді.
Сабақты қорытындылау Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмаларСанау дағдысын игеруге жаттықтырыңыз. Ол үшін реттік сандарды қолданып, бірінші, екінші, үшінші т.с.с. ретпен және де керісінше — оныншы, тоғызыншы, сегізінші т.с.с. санатыңыз. Тірек сөздер-ді дауыстап айтқызыңыз. “Сөздер тақтасына” жа-зылған тірек сөздері бар парақшаларды іліңіз. Дұрыстап санап көр. Берілген тапсырма зат-тарды санау кезінде сандық санау мен реттік са-наудың айырмашылығын ажыратуды жаттықтыруға бағытталған. Оқушылар өз беттерінше қанша затты бір қарындашпен бояу керектігін және нешінші затты басқа қарындашпен қоршап сызу керектігін анықтауы тиіс.
Жарыс. Тапсырма заттың реттік нөмірінанықтай білу дағдысын бекітуге және реттік сан-дармен сәйкестендіруге бағытталған. Оқушылар спортшылардың қандай ретпен жүгіріп келе жатқа-нын анықтап, оларды қандай реттік нөмірмен жалғастыру керектігін табуы тиіс. Нөмірлеу реті мәреден бастап анықталады. Тапсырманы диффе-ренциациялау үшін балалардың аттарын олардың суреттерінің астына жазуды ұсыныңыз.
Жауабы:
бірінші — Әнуар; екінші — Әлiмхан; үшінші — Мансұр; төртінші — Ілияс; бесінші — Данияр;