«Кім жылдам, кім к?шті, кім білімді» сайыс саба?ы


«Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Кім жылдам, кім күшті, кім білімді» сайыс сабағы
9-шы сыныптар арасында
Пән мұғалімі Р.Карабалаев
Көлащы ауылы 2014-2015 оқу жылы
Мерзімі 15.11.2014
Сабақтың тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып шық»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдету
Логикалық ойлауын, жылдам есептеу дағдыларын дамыту
Ұйымшылдыққа, достыққа, белсенділікке, озық болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Көрнекілгі: шарлар, плакаттар, карточкалық тапсырмалар
Сабақтың жоспары:
Топтардың таныстыруы
Логикалық сұрақтар
Топ басшыларының сайысы
«Кім жылдам» сайысы
Жай сандарды жатқа айту сайысы
Сөз жұмбақ шешу сайысы
Қолданылған нақыл сөздер:
1. «Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.»
Н.Ә.Назарбаев
2. «Логика өнері - адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.»
Әбу Насыр Әл-Фараби
I. Топтардың таныстыруы
I топ. «Квадрат» тобының ұраны: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.».
II топ. «Шеңбер» тобының ұраны: «Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашанда үміткер бол жеңіске».
III топ. «Куб» тобының ұраны: «Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы».
II. Логикалық сұрақтар
Iтоп:
4 пен 5 тің арасына қандай таңба қойғанда 4тен артық, бірақ 5тен кем сан шығады? (4,5)
π-дің мәні неге тең? (3,14)
Санның жүзден бір бөлігі қалай аталады? (процент)
Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді қалай аталады? (хорда)
9ға кері сан? (1/9)
180°қа тең бұрыш? (жазыңқы)
Миллионда неше 0 бар? (6)
Ең кіші жай сан? (2)
Ең үлкен хорда? (диаметр)
Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)
II топ:
360°қа тең бұрыш? (толық)
Ең кіші натурал сан? (1)
Дөңгелектің радиусы 5см. Диаметрі қанша? (10)
Ең кіші екі таңбалы сан? (99)
Бөренені үш бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек? (2)
Екі қолда 10 саусақ бар.20 қолда неше саусақ бар? (100)
4 таяқтың неше ұшы бар? (8)
1 сағатта неше секунд бар? (3600)
Егіз сандар неге айтамыз? (айырмасы 2-ге тең болған жай сандар)
Құрама сандар? (бөлгіші 2-ден көп сандар)
III топ:
4 қойда неше аяқ бар? (16)
Ең кіші жай сан? (1)
7-нің квадраты нешеге тең? (49)
Ең кіші үш таңбалы сан? (100)
11ге қарама-қарсы сан? (-11)
Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)
4 ұлда неше саусақ бар? (80)
56 санының 75 пайызы? (42)
12ні 10 есе арттыр. (120)
Кері сандардың көбейтіндісі? (1)
III. Топ басшыларының сайысы
Тік төртбұрыштың ауданы?
Кубтың көлемі
Периметр дегеніміз не?
Жай сандар дегеніміз не?
Құрама сандар дегеніміз не?
Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)
IV. «Кім жылдам» сайысы
Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесі.
Қарама қарсы сандардың қосындысы неге тең?
Санның модулі дегеніміз не?
Қандай сандар 0-ден кіші?
Қандай сандар 0-ден үлкен?
Екі теріс санның қосындысы қалай табылады?
V. Жай сандарды жатқа айту сайысы
Үш топтан бір оқушыдан жай сандарды жатқа айтады.
VI. Сөз жұмбақ шешу сайысы