Батыр болам ?скенде
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ағалардай мен ертең, Батыр болам өскенде»
Мақсаты:Оқушыларға Ұлы жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру.Елін, жерін,Отанын қорғауға,оны сүюге тәрбиелеу.Патриоттық сезімге баулу.
Көрнекіліктері:ерлік,батылдық туралы жазылған нақыл сөздер,батырлардың суреттері,альбомдар.
Мұғалім:Құрметті ата-аналар,кішкене даярлық тобының оқушылары биыл біздер Ұлы Жеңіс мейрамының 68 жылдығын тойлағалы отырмыз.Осыдан 68 жыл бұрын сендердің аталарын Жеңіс үшін күресіп,аянбай жаумен шайқасып,ерліктің ерен үлгілерін көрсетті.1945 жылы біздің Отаншыл ата-бабаларымыздың арқасында 9 мамыр күні Жеңіске жетіп,мінесол күннен бастап осы атаулы мерекені жылма жыл тойлап,шейіт болған батыр ата-ағаларымызды еске алып,олардың ерлігін кейінгі ұрпақ мақтанышпен айтып отырмыз.Алдағы келе жатырған Отан қорғаушылар күні және Ұлы жеңіс меркесімен барлықтарыңызды құттықтаймын,сабақтарыңды 4-5-ке оқып,елімізді қорғар азамат пен азаматшысы болыңыздар! -Міне,балалар біздің бүгінгі тәрбие сағатымызда сол батыр аталарымыздың ізін жалғастырушы кішкентай біздің батырларымыз екендігін,сол кішкене бүлдіршіндеріміздің бойларындағы күш-қуатын білу мақсатында жарыс түрінде өткізгелі отырмыз.Алдымен Жеңіс туралы дақбақтарымызға кезек берейік.
Назерке: Бұлт түнеріп аспаннан Талай көзден жас тамды Тұтқиылдан жауып тиіп, Қырғын соғыс басталды
Жангүлім: Әлия,Мәншүк апамыз Бауыржандай ағамыз Фашистерден Отанды Қорғап батыр атанды
Отаным еркелеймін енді кімге Өзіңмен нені болса көрем бірге Қалайша қабырғама батпас менің Басына қатер бұлт төңген күнде
Тастар көкке атылды Орман шулуп,тау құлап Жиырма сегіз батырды Жеңе алмайды жау бірақ
Біз еліктеп өскенбіз Батырларын десе кім! -Әлия,Мәншүк анамыз Бауыржан-біздің атамыз
Сонау жылы жер-көктін Соғыс бұлты торлаған. Сонда Мәншүк апамыз Жаудан елді қорғаған Гаухар: Айтамыз біз өлең ғып Айтамыз біз жыр етіп. Әлия апа ерлігін Ұмытылмас мәңгілік
Тыныштығын елінің, Тыныштығын жерінің Күзететін қырағы, Туған елдің қыраны Отанымның ұланы Шекарашы ағалыр
Мәңгі жасап жерде енді, Биік бол деп таулардан. Сенің балғын бейненді. Жасап қойдық мәрмәрдан
Менің атам-майдангер Отан үшн от кешкен. Өлікпен бетпеспек, Омырауын оқ тескен, Менің атам-майдангер
Шұғыла: Жеңіс келді ән болыс Келді ауылға сән көрік Жеңіс келді алақай Тойып жейтін нан болып Наргиза: Жеңіс келді далама, Жеңіс келді қалама Жеңіс келді әже боп, Елдегі бар балаға .
Мұғалім: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары Жігерленген құштарлықтын құралы Күрескердің арманы мен ұраны, Қуаныш пен мерекенің бұланы
-Ендігі кезекті ер балаларымыздың әзірлеген топтық жарыстарына береміз.Алдымен жарыстын шарттарымен таныстырып өтейін.
1.Таныстыру. (топ аты,ұраны,эмблемасы) 2.Жарыс. (спорттық әр түрлі ойындардан ) 3.Өнер көрсету. (би,дақпақ т.б) 4. Қол өнері. (қағаздан қиып машина құрастыру) 5.Ұлттық ойындар.( арқан тартыс)
Мұғалім: сайысымызды бастамас бұрын әділқазы алқасын сайлап алайық. Жарыс ер балалар арасында болғандықтан мен сыныптың қыз балаларынның аналарын әділқазы болуға шақырамын.
Гүлнұрдың анасы-Тамара Қарақаттың анасы-Әсел Жангүлімнің анасы-Жазира
-Әділқазы алқасын сайлап алсақ,кезекті батырларымызға: Таныстыру кезегіне берейік. Сайыс шарттары бойынша әр бөлімге кезек беріп отыру
Мұғалім: Міне осымен біздің де сайысымыз аяқтала келді. Әділқазы алқаларына кезек берейік. Жеңіпаз топты мақтау қағаздарымен марапаттау.
Қорытынды: Барлықтарыңызды тағы да мерекелеріңізбен құттықтай отырып, демалыс еүндеріңізді жақсы өткізіңіздер. Тәрбие сағатымыз аяқталды.Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар