Т?рбие са?аты Мен ?скенде кім болам?


Тақырыбы: Мен өскенде кім болам?
Мақсаты: Балалардың мамандық туралы түсініктерін дамыту, кеңейту. Мамандық ерекшеліктері мен пайдасын ажырата білуін үйрету. Балалардың сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуін жетілдіру. Тілін дамытып, әр бала өз ойын еркін айта білуге дағдыландыру. Әр мамандық түріне керек құралдарын білуге үйрету. 
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, педагогикалық баға беру, мақтап-мадақтау. 
Пайдаланған көрнекі құрал: мамандық туралы суреттер, ойынға керекті көрнекіліктер, мамандыққа байланысты қуыршақтар
Сабақ барысы: Мұғалім: - Есік қағып тұрғандай, балалар, бұл кім екен, көріп келейін (көңілсіз болып Дымбілмес келеді). 
- Сәлеметсің бе, сен кімсің? 
- Мен Дымбілмеспін. 
- Сен неге көңілсіз болып тұрсың, төрлет. 
- Мен түк те білмеймін, мен үлкейгенде кім болатынымды білмеймін, ешқандай мамандықты білмеймін. 
- Ренжіме, біздің балалар саған көмектесіп көрсін. Жүр, мына жерге отыр. Балалар саған тақпақ айтып берсін, сен не туралы екенін айтып көр. 
- Жарайды. 
1-бала: Қарап тұрсаң не керек, 
Елдің бәрі жұмыста. 
Гүл сорады көбелек, 
Дән тасиды құмырсқа. 
2-бала: Біз ұшқыш та, ғарышкер, 
Батыл жандар намыскер, 
Көк күмбезін құшамыз, 
Ғарышқа да ұшамыз. 
3-бала: Біз дәрігер, дәрігер, 
Ауруды емдеп жазамыз. 
Науқас келсе, әбігер, 
Боламыз да қаламыз. 
4-бала: Біз мұғалім, ұстазбыз, 
Игі істерге құштармыз. 
Білім беріп шәкіртке, 
Шақырамыз тәртіпке. 
- Дымбілмес, тақпақ не туралы? 
- Білмеймін. 
- Ата-анаң қайда жұмыс істейді? 
- Ендеше біздің балалар өз ата-аналары туралы айтып берсін.
- Менің анам – дәрігер, мұғалім, тәрбиеші т.б. 
- Дәрігер не істейді? Мұғалім деген кім? т.б. (кітаптар бойынша айтып беру) 
- Дәрігер, мұғалім қандай болу керек? 
- Мейірімді, ұқыпты, әдепті. 
- Сен өзіңе мамандық таңдадың ба? 
- Білмеймін. 
- Ендеше суретке назар аудар. Иә, қандай мамандықтар бар екен? 

- Біз бойымызды жазып сергіп алайық. 
Сергіту сәті: Анам менің сауыншы, 
Апам менің сауыншы, 
Әкем менің қауыншы, 
Атам болса ол ұста, 
Бәрі-бәрі жұмыста, 
Отырмаймын мен текке, 
Кеттім мен де мектепке. 
- Ал, Дымбілмес, біздің балалармен бірге «Мамандықтың бәрі жақсы» ойынын ойнап көр. 
- Жарайды. 
- Балалар, біз Дымбілместі жаңылтпаштар арқылы жаңылдырып көрейікші. 
5-бала: Орманбай – аңшы. 
Марқабай – малшы. 
Тұра қап алшы, 
Құрығыңды суға малшы. 
6-бала: Ғарышкер ұшты ғарышқа, 
Ғарышқа ұшты ғарышкер, 
Айтшы, ғарыш алыс па? 
7-бала: Наубайшы Науан нан пісірген, 
Нан пісірген наубайшы Науан, 
Нанға нәр берген. 
8-бала: Ас аспай, 
Бас аспазшы, 
Ас асты, 
Жас аспазшы. 
Дымбілмес шатасты. 
- Балалар, біздің мектеп жанынан қуыршақтар өтіп бара жатып біздің топқа келіпті. Сендермен «Тығылмаш» ойынын ойнағысы келіп тұр. 
Ойын «Тығылмаш» 
Ойын барысы: қуыршақтар кезекпен тығылып қалады. Балалар көздерін ашып, қай мамандықтағы қуыршақ жоқ екенін табу керек, ойынды 2-3 рет ойнату. 
Дымбілмес: - Міне, мен көп білім алдым. Өскенде кім болатынымды білдім. Сендерге рахмет, мына сыйлық сендерге, мына дәрігер саған, мына мұғалім саған. 
- Сау болыңдар! (Дымбілмес кетеді) 
Шеңберге тұрып: Мамандықтың жақсы бәрі, 
Армандай біл таңда да, 
Бір мамандық ап шығады, 
Күні ертең бар бала. 
«Бұл кім» кәсіби бағдар ойыны. Қазір мен сендерге әртүрлі мамандықтар айтамын, ал сендер секунд ішінде жолдастарыңызға қарап аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыңдар. Сосын не себепті сол адамға таңдағандарыңды және не себепті сол мамандыққа сәйкес келетіндігі туралы өз ойларыңды жеткізесіңдер. Мұғалім, жүргізуші, дәрігер, тігінші, әнші, журналист, спортшы, програмист, эколог, заңгер.
Қорытынды: Әбунасыр әл Фараби «... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді... жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген.
Мұғалім: Қол ұстасып тұрайық, 
Шеңберді біз құрайық. 
Көріскенше күн жақсы, 
Сау-саламат болайық