Д?ниетану Ауаны ластаушы заттар. Ауаны ?ор?ау. (4-сынып)
Қысқа мерзімді жоспарлау Күні
Сыныбы: 11.12.2015 ж
4«А»
Сабақтың тақырыбы: Ауаның ластаушы заттар. Ауаны қорғау.
Сабақтың мақсаты: Топпен жұмыс жасау барысында сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып ауа туралы білімдерін толықтыру
Оқыту нәтижелері : 1.Ауаның қалай ластанатынын, оны қорғау туралы біледі.
2.Өз ойларын тұжырымдап толық жеткізеді.
3.Топпен жұмыс істей алады
4.Өздерін бағалай біледі.
5.Бірін-бірі тыңдауды үйренеді.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер 1.СТО стратегиясы,
2.кластер,
3.эмоциялық символдар
4.АКТ-ны қолдану,
5.топтық жұмыс,
6.диалог арқылы оқыту,
7.ыстық орындық.
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыты
Ұйым
дастыру кезеңі - Қазір біз бір әуен тыңдаймыз. Мен сіздердің ол әуенді мұқият тыңдауларыңызды сұраймын. Көздеріңді жауып тыңдасаңдар да болады. Тыңдап болғаннан соң, «Мен қандай сезімде болдым?» деген сұраққа жауап берсеңіздер жақсы болар еді.
Музыка ойналады(су толқыны, құстар даусы)
Қорытынды . (Енді сабаққа дайынсыңдар, мен сендерге сәттілік тілеймін)
Оқушылар музыка тыңдайды.
Сезімдерімен бөліседі.
Топқа бөлінеді 3
Балалар, бүгін біз ауа туралы білімімізді ары қарай дамытамыз. Ол үшін өткен сабақтарды еске түсіріп көрейік,ең алдымен мына сұрақтарға жауап беріп көріңдерші.
«Кубизм»
Сұрақтар қойылады
Ауа деген не?
Ауаның қасиетін ата?
Ауа құрамы. Диаграмманы толықтыр.
Ауа қабығы қандай қызмет атқарады?
Айда қандай температура?
Ауасыз адам қанша уақытқа шыдайды?
Ауа- райын болжау деген не?
Метеорология нені зерттейді?
Ауа райын білу не үшін керек? Әр топ сұрақтарға жауап береді.
5
Білу Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Ауаны ластаушы заттар. Ауаны қорғау»
Қазір сендермен видеоролик көреміз.
- Сонымен ауаны не ластайды екен?
Ендеше ол туралы берілген материалды оқулықтан оқиық. Балалар видеороликті көреді
Оқушы жауаптары:
Зауыттардан шыққан түтіндер
Көліктер
Өрт
Қоқыс қалдықтары
2
«Түсіну»
Оқулықпен жұмыс Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы тақырыпты іштерінен оқу
Топпен жұмыс
Сұрақтарға жауап беру.
- Ауа қалай ластанады?
2.Ауаны ластаушы заттар қайдан пайда болады?
3.Ластанған ауаның зияны қандай?
4.Ауаны тазарту қалай жүзеге асырылады?
- Суреттерге қарап ауаны тағы не ластайтынын айтыңдар? Оқулықтағы тапсырманы гуілдеп оқиды, түсінбегендерін сұрайды.
Әр топ жауабын айтады жауаптар бірден бағаланады.
Бірін- бірі бағалау.
3 шапалақ-«өте жақсы»
2 шапалақ- «жақсы»
1 шапалақ «қанағаттанарлық»
Қосымша ақпараттар айтады
Ауаның ластануы.
Ластанған ауаның адам денсаулығына әсері туралы 7
5
Сергіту сәті Сендер шаршаған боларсыңдар. Онда демалып алайық.
1. « Гүлді аймақ» ойынын ойнайық.
Денелеріңді босатып, ормандағы гүлді аймақтамыз деп елестетіңдер. Айнала өте әсем, әдемі гүлдер.
Өздеріңе ұнаған гүлді үзіп алыңдар. Иіскеңдер.
- Оның әдемі иісін қандай сөзбен жеткізсек болады?
- Терең тыныс алыңдар … ( АХ! )
2. Аузымызға ауа толтырамыз да торттағы шырағдандарды өшіріңдер.
3. Аузымызды ауаға толтырамыз. Доп сияқты.
Енді ауаны доп тесіліп қалғандай ақырындап шығарайық.
Бұл жаттығуларды не үшін жасадық деп ойлайсыңдар?
Ми жақсы жұмыс істеу үшін жасадық. Өйткені өкпемен тыныс алған кезде оттегі қан арқылы миға барады. Соның арқасында мидың жұмыс істеу қабілеті артады.
2
«Қолдану» Біз ауаның ластануына көліктерден шығатын зиянды газдар әсер ететінін айттық.
Біздің сыныптың 2 оқушысына шағын зерттеу жүргізілу тапсырылған.
Бізің ауыл үлкен жол Құлжа жолының бойында орналасқан. Көліктер көп жүреді. Асылайға сол көліктер туралы мағлұмат алу тапсырылған.
Асылжанға мектеп ауласындағы ауаны зерттеу тапсырылған, тыңдап көрейік. 1000 км жүрген көлікке кететін оттегі - адам тыныс алуы үшін
1 жылға жететін отттегімен тең екен.
Көлік тәулігіне 20 кг зиянды газдарды, қалдықтарды бөліп шығарады.
Сондықтан электрмен жүретін, күн сәулесі энергиясын пайдаланатын көліктер ойлап табылуда.
5
Талдау Топтық жұмыс:
Ауаны ластанудан қалай қорғаймыз? Әр топ өз өз жобаларын қорғайды.
8
Жинақтау Топтарға сұрақ:
1. Ауа арқылы ауада қандай аурулар таралады?
Болдырмау жолдары қандай?
2.Адамдар бөлме өсімдіктерін не үшін өсіреді?
3.Сынып бөлмесінің ауасы ластанбау үшін не істейміз?
4.Ауа сөзіне бес жолды өлең құрастыр
Топтар:
1-топ Ауа арқылы таралатын аурулар, одан сақтану жолдары туралы айтады.
2 топ
Бөлме өсімдіктерін өсірудің маңызын айтады.
3-топ
Әр сабақтан кейінгі сынып бөлмесін желдетудің пайдасын түсіндіреді.
4-топ
Ауа сөзіне 5жолды өлең құрастырады 3
Бағалау Қорытынды презентация. Ауаны қорғау
ЭКСПО -2017 маңызы.
Кесте толтыру.
Білемін
Білгім келеді
Білдім
Ауаның ластанбауына сенің үлесің қандай?
Бүгінгі сабақтағы сенің көңіл күйің? Шарларға суретін салу Балалар бірін-бірі,өзін-өзі, басқа топтарды бағалау жүргізеді
4
Үйге тапсырма 50-52-бет оқу, мазмұнын айту.
Дәптерге орман ағашы кесілгеннен кейін табиғатта қандай өзгерістер болатынын бір бағанға, орман ағашының тигізер пайдасын екінші бағанға жазу. Тақырыпты оқу, орман ағаштары туралы жазу. 1
Сұрақтар:
1. Ауа деген не?
2. Ауаның қасиетін ата?
Ауа құрамы. Диаграмманы толықтыр.
Ауа қабығы қандай қызмет атқарады?
Айда қандай температура?
Ауасыз адам қанша уақытқа шыдайды?
Ауа- райын болжау деген не? Метеорология нені зерттейді?
Ауа райын білу не үшін керек?
Біздің елімізге суық ауа қай жақтан келеді?