Химия п?нінен 10 сыныптар?а арнал?ан тесттер жина?ы


І нұсқа
1. Периодтық заңның менделеевтік тұжырымдамасындағы «жай және күрделі денелер», «атомдық салмақ» сөздері тиісінше білдіреді:
а) химиялық элемент, күрделі зат, атомдық масса;
б) жай зат, күрделі зат, атомдық масса;
в) химиялық элемент, күрделі зат, молярлық масса;
г) химиялық элемент, күрделі зат, молекулалық масса.
2. Li – Be – B – C – N – O – F қатарындағы металдық қасиет:
а) артады; б) әуелі артады, сосын әлсірейді;
в) әуелі әлсірейді ,сосын артады ; г) әлсірейді.
3. Периодтық жүйе ол-:
а) химиялық элементтердің табиғы ғылымдық жіктелімі;
б) периодтық заңды көрсететін, кесте;
в) периодтық заңның графикалық көрінісі;
г) химиялық элементтерді бірлестігі.
4. Қандай химиялық элемент үшін ядро заряды дұрыс нұсқалған:
а) гелий - +4; + б) бор - +5; в) көміртек 12; г) кальций - + 40.
5. Атом ядросының заряды + 14 болатын элемент орналасқан:
а) 2- периодта; б) 3- периодта; в) IV топта; г) V топта
6. Топ нөмірінің физикалық мәні сонда( негізгі топша элементтері үшін), ол онда:
а) химиялық элементтің қандай табиғи топқа жататындығын көрсетеді;
б) атом ядросының зарядына сандық тұрғыдан тең;
+в) атомның сыртқы элертрон қабатындағы электрон санын көрсетеді;
г) атомдағы электрон қабаттарының санымен бірдей болып келеді.
7. Химиялық элементтердің қасиеттері периодты өзгереді, өйткені атомда периодты өзгереді:
а)сыртқы электрондық қабаттағы электрондардың саны;
б) электрондық қабаттардың саны;
в) электрондардың жалпы саны;
г) протондардың саны.
8. Химиялық элемент Х 4 – период пен V топтың негізгі топшасында орналасқан.Оның ең жоғарғы оксидінің формуласы:
а)V2O5 б) Zr2O5 в) As2O5 г)SnO2
9. Дұрыс тұжырымдаманы көрсет:
а) неон – инертті газ, бұл атомының тұрақсыздығын көрсетеді;
б) литий атомындағы барлық электрондар бірінші электрондық қабатта орналасқан;
в)сыртқы электрондық қабаттағы электрондар саны берилийден неонға дейін өзгермейді;
г) химиялық элементтердің қасиеттері, сол сияқты, олардың қосылыстарының формасы мен қасиеттері атом ядросының зарядтарына периодтық тәуелділікте болады.
10. Бір негізгі топшаға жататын элементтердің атомдық ядро зарядтары артқан кездегі атомдық радиустері:
а) үлкейеді; б) кішірейеді; в) периодты өзгереді; г) өзгермейді.
11. Қосымша топшаларды түзетін элементтер.
а) тек үлкен периодтардыкі; б) кіші және үлкен периодтардыкі;
в) тек тақ периодтардікі; г) тақ және жұп периодтардікі.
12.Периодтық кестеде бейметалл химиялық элементтер орналасады:
а) жоғарғы сол бұрышта; б) жоғарғы оң бұрышта;
в) төменгі оң бұрышта; г) төменгі сол бұрышта.
13. Галогендер негізгі топшаны түзеді:
а) IV топтың; б) V топтың; в) VІ топтың; + г) VІІ топтың;
14. Кіші периодта орналасқан:
а) азот; б) фосфор; в)мышьяк; г)сурьма.
15. Бейметалл химиялық элементтер орналасады:
а) негізгі топшлардың бәрінде де; б) қосымша топшалардың бәрінде де;
+в) ІІІ - IV топтың негізгі топшаларында; г) ІІІ - VІІІ топтың қосымша топшаларында
16. Бір периодтағы бейметалдардың ядро заряды артқан сайын өзінің сыртқы электрондық қабатына электрондарды тарту мүмкіндігі:
а) артады; б) әуелі артады, сосын азаяды; в) әуелі азаяды, сосын артады; г) азаяды
17. Галогендердің атом ядросының заряды артқан сайын , оның сыртқы электрондық қабатындағы электрондар саны:
а) артады; б) периодты өзгереді; в) азаяды; г)өзгермейді.
18. Қисынсыз элементті белгіле:
а) Li; б) Na; в) K; г)Ca.
19. Қай жолда IV топтың негізгі топшасындағы барлық бейметалдар,(және тек бейметалдар) тізбеленген:
а) көміртек; б) көміртек, кремний;
в) көміртек ,кремний, германий; г) көміртек ,кремний және германий, қалайы;
20. Бір химиялық элементтің изотоптарында:
а) ядро заряды бірдей, бірақ атомдық массалары әртүрлі;
б) атомдық массасы бірдей, ядро заряды әртүрлі;
в) атомдық массасы ядро заряды на тең болады,
г) атомдық массасы бар да, ядро заряды жоқ.
21. Периодтық кесте – ол:
а) периодтық заңның графикалық көрінісі;
б) периодтық жүйені түсіндірудің кестелік формасы;
в) элементтердің салыстырмалы атомдық массалары мен таңбалары жайлы деректер бар кесте;
г) химиялық элементтердің жіктелімі.
22. Бірдей жағдайда қышқылмен де, сілтімен де әрекеттесе алатын оксидтерді, атайды:
а) екідайлы; б) қышқылдық; в) негіздік; г) бейтарап.
23. Негізгі топшаларды түзетін элементтер:
а) тек кіші периодтардағы; б) кіші және үлкен периодтардағы;
в) тек жұп периодтардағы; г) жұп және тақ периодтардағы.
24. Элементтің табиғи тобын түзетін химиялық элементтер:
а) салыстырмалы атомдық масса мәндері жақын болатын элементтер;
б) валенттік мәндері бірдей болатындар;
в) химиялық қасиеттері ұқсас болатындар;
г) табиғатта бір минералдың құрамында кездесетіндер.
25. Жай заттардағы – бейметалдардағы атомдардың арасындағы химиялық байланыстың түрі қандай:
а) полюссіз ковалетті; б) полярлы ковалентті; в) иондық; г) металдық.