Халы?тар досты?ы Мектепалды даярлы? тобы Саба?ты? ма?саты: 1. Білімділік: Балалар?а ?аза?стан Республикасы к?п ?лтты мемлекет екендігін, сырттан келген бас?а ?лт ?кілдеріне алтын бесік бол?анды?ын ??ындыру. 2. Дамытушылы?: Бас?а ?лт ?кілдеріні? м?де
Сабақтың тақытыбы: «Халықтар достығы».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет екендігін, сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
Дамытушылық: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет ғұрыпын сыйлауға үйрету, ұлттық дәстүрмен тағамдарының тұсау кесерін жасау.
Тәрбиелік: Татулыққа, бірлікте, бейбітшілікте өмір сүруге ,халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстан –көп ұлтты мемлекет» атты плпкат,суреттер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Пән аралық байланыс: тіл дамыту, музыка, жапсыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері( бір-біріне жақсы тілектер айтады)
ІІ. Өткен сабақты қайталау:
І топ «Хан талапай ойыны»
Талапай-ау талапай
Табылды ойын алақай
Асықты алға шашамыз
Талапайға басамыз
Жеңілген бала: Ұлттық ойындарды атайды(көкпар, бәйге, қыз қуу,аударыспақ,ақсүйек,күшсынаспақ.)
ІІ топ «Күш сынаспақ»
Жеңілген бала сұраққа жауап береді
Ұлттық дәстүрлерді ата? Шілдехана,бесік той, тұсау кесер,сүндет той,құда түсу,беташар.
ІІІ топ « Сақина жасыру»
Сақинаны тапқан қыз сұрақ қояды.Ұлттық тағамдарды ата? Бауырсақ,бесбармақ, қымыз,шұбат т.б
Өткен сабақты бекіту.
«Ұлттық дәстүр –асыл мұра»
Осыған байланысты түрлі ұлттық дәстүрлер бар. Осы дәстүрлерді сақтап, жалғастыру – біздің міндетіміз.
ІІІ. Жаңа сабақ
Біз қай елде тұрамыз? Қазақстанда қандай қалықтар тұрады?
Сендердің туыстар,көршілер, достарыңның арасында басқа ұлт өкілдері бар ма? Сендер олармен қандай қарым-қатынас жасайсыңдар?
Тақтадан көгершіннің суретін көрсету.Көгершін көп елде бейбітшіліктің, татулықтың ,достықтың құсы.
Біздің ел- көпұлтты мемлекет.Қазақстанда көптеген халықтар бір-бірімен дос, бауыр, ағайын-туыс болып, тату –тәтті өмір сүреді. Қазақстанды өз елім, өз жерім деп мақтан тұтып сүйеді. Ынтымақ- бірлік, ауызбірлік дегенді білдіреді.
1-мамыр Қазақстан қалқының Ынтымақ ,Бейбітшілік ,бірлігі күні .Ол күні барлық ұлт өкілдері өздерінің салт-дәстүрін, ән-жырын көрсетеді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Халықтар достығы» ҚР халқы- қазақтар, одан кейінгі сан жағынан көп халық орыстар ,өзбек,ұйғыр, дүнгендер , татарлар , қырғыздар. Қазақ халқы ежелден достықты қадір тұтқан. Сондықтан әр жылдарда біздің елімізге қоныс аударған халықтарды қошеметпен қарсы алған, сыйлаған.Басқа ұлтармен бірлік пен татулықта ғұмыр кешуде. Бір мемлекетте тұрғаннан кейін басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет- ғұрыпын сыйлауға міндеттіміз.
Біз бүгін «Аялдама» ойыны арқылы тақырыпты ашуға тырысамыз:
1-аялдама.
«Шаңырақ» Бейне ролик көру. Балалардан ҚР қандай ұлттар тұратындығын сұрап, әр ұлттардың суретін шаңырақ астына орналастыру
2-аялдама.
«Ұлттық тағамдар»
Әр ұлттың тағамдарын атайды:
1.Қазақ- бауырсақ
2. Өзбек -палау
3.Кәріс- Ашты салаты
4.Орыс –құймақ
5.Дүнген- лағыман
6.Ұйғыр- самса –Тақпақтарын айтады.
3-аялдама
«Ұлттық киімдер»
Қандай ұлттар көрсетілгенін атап шығуды ұсыну. Балалар ұлт өкілдерін кастюмдері бойынша анықтайды.
4-аялдама:
Оқулықпен жұмыс. Берілген ұлт өкілдерінің суретін бояу.
5-аялдама:
«Аңыз»
Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай,әрқайсысы өз бетіше жүріп –тұрады. Үлкені кішісін сабайды, кішісі үлкеніне ақшия қарайды.Бірлігі жоқ тоғыз баланы әркімдер-ақ ұрып кете береді. Бір күні қарт өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды ұсынған. Ұлдары олай әуреленіп, былай әуреленіп бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп-оңай сынады.
Сонда ақсақалды қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге де ешкімнің әлі келмейді ал жеке-жеке тұрсаңдар , әрқайсыңды біртіндеп құртады» дейді.
Көп ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етіп, кем-кетікке көмектесіп ытымақты өмір сүреді.
«Ырыс алды – ынтымақ» деген сөз содан қалған екен.
Жаңа сабақты қорыту:
Қазақстанда тұратын барлық халықтармен доспыз, бауырмыз, тату-тәтті өмір сүреміз.
Мақал-мәтел айту:
Тақпақтарын айту
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық.
Ағайын туған бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық.