?аза? тілі п?нінен саба? жоспары. ?аза?стан — т?уелсіз мемлекет. (7-сынып)
Қазақ тілі пәнінен оқыту орыс тілінде жүретін мектептердегі
10 сыныпта «Қазақстан – тәуелсіз ел» тақырыбын
Еуростандарт негізінде деңгейлеп оқыту.
Әзірлеген: №65 ЖББ ОМ КММ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Масалимова Гаухар Аскарбековна.
ТҮСІНІК ХАТ.
Ертеңгі күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын – білім. Тек білімді ұрпақ қана қоғамға қозғаушы болатыны сөзсіз. Қазір білім беру жүйесінің алдында қоғамдық құндылықтарды, мәдениетті, шығармашылыққа бейімделген міндеттерді атқара алатын тұлғаларды дайындау міндеті тұр.
Сондай-ақ біз мектепте өз шәкірттеріміздің бойында жоғары дәрежелі білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етеміз. Оқушыларымыздың өмірлік жағдаяттарды өздерінің алған білім, біліктілік дағдыларын дұрыс қолдана алуына жағдай жасау - біздің ұстаздық міндетіміз.
Демек, қазақ тілі пәнін оқыту барысында өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым-қатынасқа түсе алатын, білімді, құзыреттілігі жоғары тұлға тәрбиелеу керек. Келешекте жоғары білімді, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, саналы, белсенді, құзыреттілігі жоғары тұлға қалыптастыруда атқарар еңбектерім әлі де алда деп есептеймін.
Сабақ екі бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлім және негізгі бөлім. Кіріспе бөлімде мәтін ( «Қазақстан-тәуелсіз ел») тақырыбы берілген. Мәтін бойынша оқушы оқылым әрекетін іске асырады. Негізгі бөлімде тілдік бірліктер арқылы мәтіннің мазмұнын толығырақ меңгереді. Жаңа сөздерді игере отырып, сұрақ-жауап әдісін арттырады, ойлау қабілетін туындатады. Грамматикалық байланысқа түсу арқылы жазылым әрекетін орындап, сөздік қорды молайту үшін сөйлем құрастырады. Проблемалық ситуация бойынша өзінің ойын шыңдайды, яғни өмірдегі мәселенің шешу жолын қарастырады. Тақырып бойынша алған білімін бекіту немесе қорытындылау үшін «Қазақстан-тәуелсіз ел», «Менің Отаным» атты тақырыптар бойынша, өз елі, туған жері туралы ойын түйіндейді, монолог, эссе жазады.
Кіріспе бөлім
«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»
Қазақстан-тәуелсіз ел - 1сағат.
Тілдік бөлім: Ауызекі сөйлеу стилі. Грамматика: Сын есім.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:
Тыңдалым. Отан, туған жер, Қазақстан еліне қатысты мәтіндерді түсіну.
Оқылым. Отан, туған жер, Қазақстан еліне қатысты мәтіндерді оқу.
Айтылым. Отан, туған жер, Қазақстан елі туралы баяндау.
Жазылым. Отан, туған жері, елінің сипаты.
Тілдесім. Еліне, туған жеріне байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді
қолданып, тілдеседі. Диалог-сұрақ. Диалог-жауап.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі. Отан, туған жер туралы мақал-
мәтел, нақыл сөздер.
Ортадан жоғары деңгей. Тереңдетіле қалыптасқан игеріміне арналған
білім мазмұнының сипаттамасы:
Тыңдалым бойынша:
Қазақстан елі туралы нақты, анық айтылған мәтіндерді; ауызекі тілде
айтылған ақпаратты; электрондық оқуда берілетін жаңалықтарды түсінеді;
Тақырып бойынша тыңдай отырып, айтылған ойға, басты мазмұнға көңіл
аудара алады; Тілдік қарым –қатынаста қолданылатын ұғымдардың
анықтамаларын тыңдап, олардың білдіретін мағынасын дұрыс қабылдай
алады;
Оқылым бойынша:
Отан, туған жер, ел туралы ұсынылған мәтіндерді оқи алады және түсінеді;
Айтылым бойынша:
Қазақстан туралы мағлұмат бере алады; Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап
береді, баламасын айтады. Тақырып бойынша өз ойын жеткізе біледі;
Жазылым бойынша:
Өзінің алған әсері туралы қысқа, шағын әңгімелер жаза алады; Пунктуация
ережелерін сақтай біледі.
Тілдесім бойынша:
Сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді ұтымды қолдана алады; Әр түрлі
жағдаяттарда сұхбат құра алады. Оқыған мәтін бойынша өз пікірін айта
алады.
ЛЕКСИКА: ойдың мазмұнына қарай қажетті сөзді орынды қолданады;
сөздіктермен жұмыс жасайды. Мәтінде берілген ойдың тақырыбын анықтай
алады; 70 лексикалық бірлікті меңгереді.
Сөз құрамы мен сөзжасам: туынды сөздерді ажырата біледі; жұрнақтар мен
жалғауларды ажырата біледі. Сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін
ажырата алады.
Грамматика: сын есімді, сын есім жасайтын жұрнақтарды біледі.
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра алады.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан - тәуелсіз ел.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың тәуелсіз Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін толықтыру, жүйелеу.
Сын есімді қайталау.
Сабақтың міндеттері:
Тәуелсіз Қазақстан тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру.
Қазақша тілдік қатынасты еркін игерту, ауызекі тілдесімде жүйелі сөйлеуге үйрету.
Өзге ұлт өкілі балаларының қазақ тілінде дұрыс айту, жазу қабілеттерінің жетілуіне, ой-өрісінің дамуына көмек көрсету.
Ұжымда жұмыс істеуге баулу.
Еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін, құштарлықтарын ояту. Патриоттық тәрбие беру.
Сын есімді меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, топтастыру стратегиясы, интерактивті тақта-флипчарт (слайд, видео), деңгейлік тапсырмалар жазылған кеспелер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, деңгейлеп оқыту, миға шабуыл, топтастыру стратегиясы, аудирование.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.
Күтілетін нәтиже:
Қазақстан туралы әңгімелеу
Үйренген жаңа сөздерін күнделікті тұрмыста пайдалана білу
Еліне, жеріне деген құрмет, ыстық сезім.
Ойларын ашық айту
Сын есімді меңгеру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Көңіл-күйлерің қалай? (Интерактивті тақта-флипчарт)
-Олай болса, балалар, мына тақтада берілген белгілердің ішінен қазіргі көңіл-күйлеріңе қайсысы жақын, сол суретті таңдай қойыңдар.
Көңіл-күйім өте жақсы Көңіл-күйім жақсы Көңіл-күйім жоқ
Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Кім тапсырмаларды орындап келді?
(үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар қою арқылы және жекелеп тексеріп шығу)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа тақырыпқа даярлау. Айтылым.
Слайд. (көбелектерге басу керек)
Ой шақыру.
1. Сен тұратын ел қандай?
2. Сенің Отаның жер көлемі бойынша әлемде нешінші орынды алды?
3. Қай елдермен шектеседі?
4. Еліңде қандай үлкен қалалар бар?
5. Отан турал қандай мақал-мәтелдер білесің?
6. Сен қай елде тұрасың?
«Миға шабуыл» әдісі.
-Енді осы Қазақстан сөзінен бірнеше мағыналы сөздер шығарайықшы. Мына отырған алтауың- бірінші топ, қалған алтауың -екінші топ. Топпен біріге отырып жұмыс жасаймыз.
-Қане, болсақ, оқимыз. Кімде қанша сөз шықты?
-Ал қазір тақтаға қарап салыстырайық.
ҚАЗАҚСТАН - қазақ, қаза, қазан, қаз, аз, ақ, ас, ат, ата, ана, қас, қан, қат, тас, таса, тана, сат, сан, сана, сақ, сақа, саз, таз, таза, тақ, сазан, аса, нақ, нақақ, асқазан, астана, атан, атақ, азан, қақ, наз...
Жаңа тақырып. Тәуелсіз Қазақстан.
Класстер. (Р.Мамытов. «Жаса Қазақстаным»)
ҚАЗАҚСТАН
Негізгі бөлім
Тілдесім
Тілдік бірліктер
1. Мәтінге дейінгі жұмыс.
. Сөздікпен жұмыс.
Сөздердің мағынасымен таныстыру.
Сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу.
Осы сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату.
Ұлан-байтақ жер - кең , аумағы үлкен жер Терезесі тең – қатар, бірдей
Тәуелсіз-егеменді - дербес Ата Заң – конституция
Ұлт өкілдері - халықтар Ұлттық валюта - төл теңге
Беделді - маңызды
1.2. Мәтінмен жұмыс.
Мәтіннің мәнерлеп оқылу үлгісін үнтаспадан тыңдату.
Оқушыларға кезекпе-кезек дауыстап оқыту.
Мәтінді аударту.
Оқылым. Тыңдалым.
Қазақстан –тәуелсіз ел.
Қазақстан - Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Еліміздің жер көлемі - ұлан-байтақ. Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандары мен көлдерін көрген адам оны еш уақытта ұмыта алмайды. Біз жер шарының осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз. Ол - біздің Отанымыз.
Он алтыншы желтоқсан. Бұл күні Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің жетінші сессиясында ”Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық Заң қабылданды. Ақ Жайықтан Алтайға, Атыраудан Алатауға дейінгі ұлан-байтақ жерді алып жатқан миллиондаған қазақтың Отаны болды, яғни терезесі тең мемлекет болып танылды. Енді ол - Қазақстан Республикасы.
Астанасы - Арқаның төрінде орналасқан Астана қаласы.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан -әр түрлі ұлт өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Қазір еліміздің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, жаңа Ата Заңы, ұлттық валютасы бар. Тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің мемлекетіміз аса беделді бірқатар халықаралық ұйымдарға, оның ішінде БҰҰ-на (1992), Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.
1.2. Мәтіннен кейінгі жұмыс.
1. Сабақтың басында толтырған класстерді толықтыру.
Грамматика. Сын есім.
- Сын есім дегеніміз не?
- Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- Сын есім қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
- Сын есім құрамына қарай қандай болады?
- Сын есім тұлғасына қарай қандай болады?
- Сын есім мағынасына қарай қандай болады?
Жазылым.
Тапсырмалар.
1. Төмендегі сөздерге сын есімнің тиісті жұрнақтарын қойып, сөйлем құра.
Қазақстан..., тәуелсіз..., халық..., мүше..., орта..., ұйым..., мемлекет..., Отан..., қоғам... .
2. Деңгейлік тапсырмалар.
ІІІ – деңгей
Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.
Сұрақтарға жауап жазыңдар.
-Қазақстан Республикасының елбасы кім? -Қазақстан қандай мемлекет? -Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күнін қашан мерекелейді?
ІІ деңгей
Мәтінге сұрақтар құрастырыңдар.
Жаңа астанамыз Астана қаласында болдыңдар ма? Сурет
бойынша әңгімелеңдер. Пікірлесіңдер.
І деңгей
Фильм туралы өз ойларыңды білдіріңдер. «Қазақ тілі - мемлекеттік тіл» Тәуелсіздік мерекесі күнімен сыныптастарыңды құттықтаңдар.
Рефлексия:
Білетінім Білгенім Білгім келетіні
Үйге тапсырма:
ІІІ деңгей
Мәтінді мазмұнда.
Жаңа сөздерді қатыстыра отырып сөйлемдер құра, сын есімдердің астын сыз.
ІІ деңгей
Мәтіннің мазмұнын ашатын 5 сөйлемді теріп жаз.
Мәтін ішіндегі сын есімдермен сөйлемдер құрастыр.
І деңгей
«Қазақстан елі», «Қазақстан табиғат ғажайыптары» тақырыбында шағын жоба құрастыр.
Мәтін ішіндегі сын есім қатысқан сөйлемдерге морфологиялық талдау жаса.
Бағалау.
Сабақ соңы.